Азақстан Республикасындағы демократиялық үрдістің дамуы

Демократиялық үрдіс түсінігін толық ашу үшін, алдымен демократия түсінігін жан жақты талдап алуымыз қажет. Сонымен, «Демократия» дегеніміз:

- Қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлемнің көзқарасы

- Халық билігі

- демократияның мақсаты мен диеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік саяси қозғалыс

Демократияның мынандай белгілері бар: Жалпы сайлау құқығы; Көпшілік қоғамның келісуі; пайда болған шиеленістерді бейбіт жолмен шешу. Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етеді. Демократиялық үрдістің дамуына Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері құрылған жергілікті билік органдары, мемлекеттік құрылыс, сот органдары, яғни толығымен айтқанда Қазақстан Республикасындағы басқару формасы үлкен рөл атқаруда.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері президенттік басқару формасындағы республикалық жүйе орнықтырыды. Және де мемлекеттің бірден бір бастау халық болып табылады. Тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Еліміздің тарихымызда Республикамыздың екі конституциясы болды. Олар 1993, 1995 жылдары жарияланған конституциялар болып табылады. Қазір еліміздің атқарушы органдары 1995 жылғы конституциямен жұмыс жасауда. Қазіргі конституция бойынша Парламент Қос палаталы құрылымын Сенат және Мәжілісті орнықты. Парламент өзінің қызметке кіріскен күннен бастап жаңа заңдар қабылдау жөнінде қыруар жұмыс жасауда. Бірінші сайланғаг парламент (1996-1999) 500-ге жуық заң, соның ішінде 17 конституциялық заң қабылдады. Екінші Парламент (1999-2004) 560- тан астам заң қабылдады. Қазақстан халықаралық БҰҰ мүшесі болып табылады, және де көптеген елдермен бір жақты және көпжақты келісімдер мен шарттар жасасты.Әрбір елде өзінің жүйелі жұмыс жасайтын сот жүйесі бар. Қазақстанның сот жүйесі конституциялық заңға сай бекітілген. ҚР саты Жоғары және Жергілікті сот болып бөлінеді. Әрине, әрбір демократиялық мемлекеттің өз астанасы болады. Және мемлекеттің астанасы демократияның дамуына да өз септігін, үлесін қосатыны сөзсіз. ҚР астанасы 1991-1997 жылдары Алматы, 1997 жылдан қазіргі күнге дейін Астана қаласы болып табылады. Астана Барлық саяси органдардың, Конституциялық кеңестің, прокуратураның, атқарушы органдардың шоғырланған жері, яғни орталығы болып табылады.

74.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992)

1992 жылы Қазақстардың Бірінші Дүниежүзілік құрылтайы Алматы қаласында өткізілген болатын. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп бірауыздан сайланды. Төрағаның бірінші орынбасары болып Қалдарбек Найманбаев сайланды. 2002 жылы келесі 2-ші құрылтай өткізілген болатын. Осы құрылтай Түркістанда өтіп, алыс- жақын 32 шет елдерден 400-ге жуық делегат келді. Бұл құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жөнінде сөз болды. Және де оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші қон квотасының мөлшерін ұлғайту міселесі қаралды. 2003 жылы 5 мың отбасы,2004жылы 10 мың отбасы,2005 жылы 15 мың отбасы елге оралды. Жылына 50-60 мың оралман оралды. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте 3-ші Дүниежүзілік қазаөтар құрылтайы Астана қаласында өтті. Құрылтайға 32 шет елден, саның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурден, Мысырдан 300- ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқыту үшін жағдай жасау, сандай ақ тарихи отанына нвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер қарастырылды.

75.Президент Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993)

Кез келген ақша сол елдің өткені ен бүгінгінің және болашағын айқындауға көмектеседі. Ақша – тауарлар мен өызмет көрсету өлшемі және жалпыға бірдей балама рөл атқаратын, кез келген тауарлар мен көрсетілген қызметке айырбасталатын ерекше тауар түрі. Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралыҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілсін.1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру басталар қарсаңында телевидение мен радиода оның мақсатын және қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды біршама тыныштандырды. Айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат сегізде басталды және 20 қарашада сағат жиырмада теңгені орнықтырып аяқталды. Айырбастау коэффициенті бір теңгеге 500 рубль болды.1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.
76.Гүлденген қоғамды құру үшін ҚР ішкі қорлары мен сыртқы мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері елдің қоғамдағы жағдайы, әлеуметтік және экономикалық ресурстары, сыртқы және ішкі саясаты көптеген өзгерістерге толды. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Ре­спублика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының ру­хани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеоло­гия мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды. Және де білімнің, ғылымның дамуы, мәдениеттің жоғары деңгейі гүлденген қоғамды құруға өз үлесін қосты.Қазақстанның Білім жэне ғылым министрлігінің мәліметтері бой­ынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білімберетінмектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і үйгыр, 81-і өзбек, 3 тэжік, 1 украин мектебі. Соңғы жыл­дары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық-ақпараттық жэне телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір ком- пьютерден келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жүмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды — Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бүл жылы мэдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жүмыстар атқарылды. 727 мэдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде жэне Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бүл үлкен тойды дайындау жэне өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Әзірет Сүлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕ­СКО деңгейінде атап өтілді

Наши рекомендации