Тапсырма. мәтінді тыңдаңыздар.

Қара шаңырақ

Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген. "Ұл – орнықты алтын ту, қыз – айдыннан ұшатын аққу". Ұл баласы ер жетсе, бір шаңырақ иесі деп санаған. Ол үйленіп, үйлі-жайлы болып, ата-анадан бөлініп шығып, өз шаңырағын көтереді. Көп балалы отбасыларының әр баласы ұядан ұшқан құстай, осылайша шаңырақ көтереді. Ата-анасының шаңырағында ең кіші ұлы немесе әке-шешелері қай ұлы қалады деп шешсе, сол қалады. Қартайған шақтарында өзіне жанашырлықпен қарайтын, қамқоршы болатын ұлын алып қалады. Ал, негізінде, қазақ халқында ең кенже ұлдары сол шаңырақтың иесі деп есептелген.

Қара шаңырақтағы ұлының қолында қалған қарттарға баласы мен келіні өз қамқорлықтарын көрсетеді. Басқа ұл мен қыздары қара шаңыраққа жиі келіп, араласып тұрады. Үлкен қарттар тұратын отауға алыстан әдейілеп келіп аман-саулықтарын біліп кетіп отыру, ауырған кездерінде жандарында болу – әрбір перзенттің міндеті.

Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді. Әке-шешелері қайтқаннан кейін де, ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлықтарын үзбейді. Бас қосып, жиналып тұрады.

(https://kk.wikipedia.org/wiki/Қара_шаңырақ)

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Қара шаңырақ» деген ұғымды қалай түсінесіз?

2. Қазақта «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Неліктен?

3. Кенже ұлды не себепті қара шаңырақтың иесі деп есептеген? Бүгінде осы дәстүр жалғасын тауып келе ме?

4. Қара шаңырақтың қасиеті неде?

5. Қара шаңыраққа деген қамқорлық неден көрінеді?

Тапсырма. «Шаңырақ» сөзіне қатысты мына сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңыздар. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

тапсырма. мәтінді тыңдаңыздар. - student2.ru Шаңырақ көтеру

тапсырма. мәтінді тыңдаңыздар. - student2.ru Шаңырағың биік болсын!

тапсырма. мәтінді тыңдаңыздар. - student2.ru Шаңырақты сыйлау

тапсырма. мәтінді тыңдаңыздар. - student2.ru Шаңырағы шайқалу

Тапсырма. Жеті атаңызды білесіз бе? Төмендегі «Жеті ата» сөзіне берілген түсініктемені оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Жеті ата – бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз алып, қыз берісуге болады деп, баталасып отырған. Аталастық, туыстық жік осы жерден тоқтап, енді ру боп есептелінген.

(Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен)

Тапсырма. «Отбасындағы басты тұлға кім? Қазіргі отбасына басты тұлға керек пе?» тақырыбына дебат өткізіңіздер.

Талқыланатын сұрақтар
Жақтаушы жақ Қарсы жақ
· Көптеген отбасыларда әке – басты тұлға. · Отбасы мәселелерін шешуде жауапкешілік отбасындағы басты тұлғаға жүктеледі. · Отбасы бюджетін жасау – отбасындағы басты тұлғаның міндеті. · Қазіргі отбасындағы басты тұлға – көп ақша табатын адам. · Қоғам демократиясы – отбасы демократиясы. Сондықтан отбасы мүшелері өз мәселелерін өздері ғана шешеді. · Менің табысымның бір ғана бөлігі отбасылық шығындарға, қалғаны менің жеке шығындарыма кетеді.

Үшінші сабақ

Наши рекомендации