Индукция және дедукция
1.6 сурет - Индукция және дедукция
Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукциядакерісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.
Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).
59.Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. Бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттікжоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер)
Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары. Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік- экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс- әрекеттің, бәсекеңін, өзін- өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады: 1. Экономикалык саясатты қалыптастыру; 2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады; 3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер. 4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу. 5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады. 6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады. 7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді. Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Нарықты реттеу тәсілдері- бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен 94 ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама. Мемлекеттің тікелей араласуы- ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с. Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен- жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады. -Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. -Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді. -Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. -Баға арқылы реттеу. -Ақша-несие арқылы реттеу салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалды саясаты деп аталады, осы арқылы ақша айналысына ықпал ету. -Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. -Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. -Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтіңсыртқыэкономикалықсаясаттыңнегізгітүрлері :протекционизмжәнефритредерство.