Орғаулы топырақтардың маңызы мен міндеттері

Қорғаулы топырақтардың маңызы:

1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап дайындау;

2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін пайдаланады.

Қорғаулы топырақтардың міндеттері:

1. Жыл бойы және маусымнан тыс (ашық танаптағы көкөніс өндірудегі уақытты есептемегенде) жоғары сапалы көкөніс өндіру;

2. Көкөніс дақылдарының түрлерін көбейту;

3. Культивациялық құрылымдар үшін көшеттер өсіру;

4. Ашық танапқа арнап көшеттерр дайындау;

5. Жылу сүйгіш дақылдардың жылыжайлық сорттары мен будандарының тұқымын дайындау;

6. Екіжылдық аналық көкөніс дақылдарын ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп алу;

7. Ашық танапқа өсірген көкөністерді ары қарай өсіру, пісіріп-жетілдіру;

8. Көкөніс дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін көбейту.

Орғаулы топырақ құрылыстарын жылыту

Және қыздыру

Қорғалған топырақты жылыту – жыл сайын жылуға кететін шығынның жиынтығы, отын мен жылу энергиясының құны, құрал – жабдықтарға кететін шығындар, жұмысшылардың жалақысы, ағымдағы жөндеу жұмыстары мен өзге де шығындар, жылу жүйесінің маусымы бойы қорғалған топырақта көкөніс өсіруге кететін шығынның 50-60% құрайды. Сондықтан жылыту мен отынға неғұрлым арзан жылу энергия көзі мен экономикалық жағынан тиімді қорғалған топырақ құрылыстарын пайдалану керек.

Қорғалған топырақтың құрылысын жылытудың үш түрі болады:

1) Күн сәулесімен (гелио)

2) Биологиялық отынмен

3) Техникалық жылумен

Гелио жылу – күн сәулесі арқылы жылынатын жүйе. Қызылорда облысының климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануда қолайлы болып табылады. Жыл сайын күннің түсу ұзақтығы 2200-3000 сағат болса, күн энергиясының көлденең жазықтыққа түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағ/м² екен. Ал шілде айында 1м² келетін көлденең жазықтыққа түсіретін энергия бір күнде 6,4 тен 7,5 кВт-қа өседі. Ал энергетикалық есептеулерге жүгінсек, Күннің Жерге беретін энергиясы, барлық қор көздері беретін энергиядан 5000 есе асып түседі екен. Күн энергетикасының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді.

Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді.

Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады. Ойыс айнаның фокусында жиналған Күн сәулесі ең берік деген металдарды балқытады. Күн электр бекеттерін жасау, үйлерді жылытуда Күн энергиясын қолдану т.с.с. жолында жұмыстар атқарылуда. Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылуда.

Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар:

1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету

2) күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру

Күн сәулесінің энергиясы – практика жүзінде шектеусіз энергия көзі, жер бетіндегі қуаты 20 млрд. кВт болып есептелінеді. Бұл 2000 жылдағы жер планетасына тұтастай күйіндегі электр қуатына қажетті жорамалдан 100 есе артық. Сондай – бұл энергия көзін пайдалануда қоршаған ортаға еш кедергісі жоқ. Қазіргі таңда үдемелі энергия көздерін шектеу, энергетикалық-отын ресурстарының күрделенуіне және қымбаттауына көп мән берілуде, сол себепті күн сәулесінің энергиясын пайдалану тиімді.

Құрылыс материалдары өндірісі жылу энергиясын көп тұтынушы болып табылады, технологиялық өндеуде энергия сыйымдылық 70% астам энергия бұйымды жылумен өңдеуге кетеді.

Қызылорда қаласындағы күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жылумен өңдейтін құрама темірбетон гелиополигонының сызбасы.

Қолданылатын әдістер арасында құрғақ ыстық климат жағдайында бетонды жылумен өңдеуде гелиотермо өңдеу әдісі ең тиімді әдіс болып есептелінеді.

Соңғы жылдары құрылыс материалдарын жылумен өңдеу күн сәулесін қолдану арқылы полигондарда және ашық цехтарда өндіру тиімді әдіс болып есептелінеді, жылу өткізбейтін жабын арқылы гелиотермо өңдеу қолдану, сондай-ақ гелиоқалыптарда жылуды жинау, арнайы қабат түзетін қоспаны қолданып гелиожылыту. Біріктірілген әдістердің пайда болуынан бастап гелиотермо өңдеу арқылы жыл бойына құрылыс материалдары мен бұйымдарын күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жылумен өңдеуге болады.

Құрылыс материалдар өндірісінде күні бүгінге дейін тек қана бумен өңдеу әдісі қолданылады. Гелиотермо өңдеу әдісі аталған бұйымдарды өңдеуде өте тиімді әдіс және экономикалық жағынан шығын аз болады. Гелиотермо өңдеу технологиясы бетон өндірісінде қолданылған энергия бетонның қату коэффициентін жоғарылатады.

Бетонды күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жылумен өңдеу әдісі әлі де көптеген зерттеулерді қажет етеді және өндірісте өз деңгейінде қажетті орнын табады.

Қазіргі таңда өндіріске енгізу үшін гелиотермо өңдеу әдістерін одан әрі зерттеу қажет. Осы зерттеу жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы жүргізіп жатыр.

Қайта жаңартылған энергия көздерін пайдалану тақырыбы Қазақстанға ауадай қажет. Негізгі энергетикалық қорлардың көнеруі жүріп жатыр, оларды жаңа қазіргі заманғы технологияларға ауыстыруға болатынын ойлау керек. Астанада «Болашақ энергиясы» атты EXPO-ның халықаралық мамандырылған көрмесінің өтуі бізге еліміздегі жағдайға жаңаша көзбен қарап, басқа елдердің тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді. EXPO халықаралық көрмесі Қазақстан ғалымдарының зертеу жұмыстары мен тәжірибе алмасуына бірден-бір септігін тигізеді.

Мұндай жылудың кемшілігі: жыл бойы қолданылуға шектеу қойылады, күзде және көктемде құрылыстар үсікке және жылу режиміне төзімсіз, жазғы мезгілде шектен тыс қызып кетеді.

Биологиялық жылыту - жылыту жүйесінің қондырғыларын қажет етпейді. Биоотын ретінде жылқының, ірі қара малдың, шошқаның, қойдың қиларынң қаланың, өнеркәсіп қалдықтарын, ағаш үгіндісін, жапырақтар,ағаш

Наши рекомендации