Есептің пайда болу және даму тарихына сипаттама беріңіз

Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамының негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз, кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріліп отырды.Ертедегі Египетте пирамида құрылысы жақсы дамыды. Құрылысты басқаратын терең білімді адамдармен бірге есеп жүргізетін мамандар да қажет болды. Арнайы мектептерде дайындалған мамандар әр түрлі қаттардың кіріс, шығысының есебін жүргізіп, белгілі бір мерзімге олардың қалдықтарын анықтай алатын болды. Египетте есеп жүргізуші кітап – ұзындығы 10-12 м болатын папирус лентасы болды. Ондағы мәліметтер ұзақ уақытта сақталды.Қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген көптеген әдістер мен тәсілдер ерте кездің өзінде-ақ (5-6 мың жыл бұрын) пайда болды. Біріншіден, шаруашылық құралдар тегіне қарай топтастырылды. Екіншіден, шаруашылық құралдары қозғалысының есебі жүргізілді. Үшіншіден, есеп бақылау жасау құралы ретінде пайдаланылды. Есеп жүргізу деңгейі ертедегі Греция мен Римде де мейілінше жоғары болды. Себебі ертедегі гректер шығыс пен батыстағы ұлан ғайыр территорияда сауда-саттық жүргізген. Есеп жүргізу үшін олар да папирусты қолданған, бірақ ағымдағы жазуды орындау үшін тақтайдан жасалып, балауыз жағылған кестелер пайдаланылды.Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

· Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ аяғына дейін. Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.

· XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін. Екінші кезеңнің маңыздылығы «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталды, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеудің сан алуан теориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .

· XIX ғ. соңы – XX ғ. басы. Үшінші кезеңде бухгалтерлік есеп ғылыми ілімдердің бір саласы болып қалыптасты, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

· XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.Бухгалтерлік есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында — Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым — Ұлттық — Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.

Күн — қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы — баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы — есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.

Есептің дамуы бұл бух.к ойлаудың дамуы болып табылады. БЕ әдістемесінің дамуы 6 кезеңнен өткен, яғни бір кезеңнін жетістіктері біртіндеп келесі кезеңге өтіп отырған.

1-кезең.Натуралистік кезең. Осы кезеңде жүргізілген шар.қ оқиғалары есепте неғұрлым дұрыс тіркелген сайын жақсы болатынына көз жеткізілді. Осы кезеңде БЕ негізгі түсінік шаруашылық өмірдегі оқиғалар деген түсінік п.б. осы шар.қ опер.р тіркелу қажет және белгілі бір уақыт аралығында түгендеу жүргізудің қажеттілігі туды.

2-кезең.Құндық кезең. Ақшаның пайда болуы бағалау деген БЕ әдісінің п.б әкелді. Бағалау арқылы ақшаның құндық өлшем бірлігі деген қызметі жүзеге асырылады. Ақшаның п.б есепті екі түрге бөлді:

1. Патримоналды есеп- мүліктер есебі

2. Камералды есеп ақша қаражаттарының шығыс және кіріс есептерін жүргізетін есеп.

3-кезең.БЕ жүргізудің нақты тәртіптерінің п.б.мен ерекшеленеді. Осы кезеңде есептің екі түрі п.б.:

1. Диграфизм – екі жақты жазу

2. Униграфизм – қарапайым жазба.

4-кезең.Теориялық тәжірибелік кезең. Осы кезеңде диграфикалық есептің одан ары қарай дамуы екі бағыт б.ша жүзеге асырылды, яғни бух.ң бір тобы шар.қ оқиғаларын құқықтық тұрғыдан қарастырса, екінші тобы эконом.қ тұрғыдан қарастырды. Негізгі ерекшелігі: бух.к шоттардың жіктелуі болып табылады.

5-кезең. БЕ ғылым ретінде дамуына әсерін тигізді. Осы кезеңде баланс түсінігі п.б. сонымен қатар аудиттің пайда болуы ерекшеленді.

6-кезең. Бұл кезеңде басқару есебі мен стандарттардың пайда болуына әкелді. Осы екеуі салық есебінің қалыптасуына әсерін тигізді. Бүгінгі күні БЕ әр түрлі түрлері бар:

1. Салық есебі

2. Қаржылық есеп

3. Басқару есебі

Шаруашылық есеп пен оның түрлеріне және есепте қолданылатын өлшем бірліктеріне сипаттама беріңіз.

Шаруашылық есеп – барлық ұйымдарда шаруашылық өзгерістер туралы қажетті мәліметтер алу. Шар.қ процесс үшке бөлінеді: Оперативті есеп - кәсіпорынның іс-әрекеттін күнделікті бақылау мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекеленген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы-мәліметтерді алудың шапшаңдығы . Есепті бухгалтерлер, диспечерлер , бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді. Статистикалық есеп экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама - көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады. Бухгалтерлік есеп– бұл жүргізілген шар.қ опер.р туралы ақпараттарды жинау, жалпылау, тіркеу үшінн жүргізілетін есеп. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті. БЕ артықшылықтары: Құжатқа негізделген есеп, уақыт бойынша үздіксіз жүргізіледі БЕ тек ақшалай түрде жүргізіледі Өзіне тән әдістері бар. Ұйымда болып жатқан барлық өзгерістер толық қамтылады. Шар.қ есепте мынадай өлшем бірліктері қолданылады: Натуралды. Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады. Еңбек. Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен(күндер,сағаттар,минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады. Ақшалай. Ақшалай өлшеуіштер (теңге,тиын) шаруашылық құралдарын , олардың пайда болуы көздеріни , бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

Бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтеріне сипаттама беріңіз

БЕ пәні-кәсіпорынның қаржы-шар/қ қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау. Бух/к есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау-бұл пәннің негізгі бағыты. Мақсаты– ұйымның қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы қызығушылық танытқан тұлғаларды нақты, шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету. Міндеттері:

1)жедел басшылық ету мен басқаруға, инвесторлардың, сатып алушылардың, кредиторлардың, жеткізушілердің, салық ж/е банк органдарының пайдалануына қажетті шар/қ процестері мен кәсіпорындардың қызмет нәт. туралы толық ж/е шынайы ақпаратты қалыптастыру;

2)мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, қарж/қ, материалдық, еңбектік ресурстардың нормативтерге, нормаларға сай жұмсалуына бақылау жасау;

3)ішкі шар/қ резервтерді анықтау ж/е жұмылдыру;

4)қаржы – шару/қ қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау; 5)ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау. Бух\к есеп- ұйымның иелігіндегі шар\қ қорлары мен қорлану көздерінің қолда бары ж\е есептік кезеңдегі қозғалысын үздіксіз құжатталған түрде есепке алуға ж\е белгілі бір кезең б\ша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін есеп.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызметатқарады:

· Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

· Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

· Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушыларға және бухгалтерлік есептің түрлеріне сипаттама беріңіз

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

· Ішкі пайдаланушылар (меншік иелері, ұйым әкімшілігі, ұйым капиталына үлес қосқан тұлғалар);

· Сыртқы пайдаланушылар

· Тікелей қаржылық қызығушылығы бар адамдар (банк, кредитор, инвестор, жабдықтаушылар)

· Жанама қаржылық қызығушылығы бар адамдар (салық комитеті, мем.к қаржылық органдар т.б)

· Ешқандай қаржылық қызығушылығы жоқ адамдар (статистика органдары, аудиторлар, бәсекелестер)

БЕ түрлері:

· Қаржылық есеп шаруашылық операцияларды тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпараттарды дайындау және жинақтау жүйесі. Оның мақсаты ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есепті ұйымдастыру б.т. мұны барлық ұйымдар жүргізуге міндетті және қаржылық есеп ақпараттары тіркеліп отырады.

· Басқару есебі басқару шешімдерін қабылдау үшін сол ұйымда пайдаланылатын ішкі есептік ақпараттарды жинақтау жүйесі.Оның мақсаты нақты нәтижеге қол жеткізуге жауапты менеджерлерді қажетті ақпараттармен толық қамтамасыз ету.

· Салық есебі салық салынатын базаны дұрыс анықтау мақсатымен есептік мәліметтерге түзетулер жасау және өз бетімен есептеулер жүргізуге арналған есеп.

Бухгалтерлік есеп қағидалары мен қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларын ашып көрсетіңіз

БЕ қағидалары тәжірибелік қызмет үшін қажетті негізгі шарттар мен тұжырымдамалардан тұрады. ҚР БЕ ж\е ҚЕ туралы заңның 5-бабында «БЕ жүргізудің ж\е қаржылық есептілікті жасаудың 2 қағидасы көрсетілген.

1) Есептеу - ұйым алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қаржылық есептіліктің осы қағидаға сәйкес құрастырылатындығын көрсетеді. Осы әдіс бойынша ұйымда жүргізіілген шару.опер. нәтижелері, олардың нақты орындалуына қарай қаржылық есептілікте танылатынғын білдіреді. Олар БЕ өздеріне қатысты есептілік кезеңдерінде көрсетіледі. Есептеу қағидасы бой\ша құрастырылған қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек өткен кезеңдегі ақша қаражаттарының алынуы туралы мәліметтермен ғана емес, сонымен бірге болашақта алынуы ж\е төленуі мүмкін мәліметтер туралы ақпараттар береді.Барлық ұйымдар есептеу қағ. пайдалана отырып қаржылық есепті жасайды.

2) Үздіксіз – барлық ұйымдардың қаржылық есептеліктері ұйым дәл қазір жұмыс істеп тұр ж\е болашақта өз қызметін тоқтатпайды деген тұжырымдамаға сәйкес құрастырылады. БЕ мәліметтері бір есептік кезеңнен екінші есептік кезеңге жалғасып отырады.

ҚР БЕ ж\е ҚЕ туралы заңның қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары көрсетілген:

1) Түсініктілік – ҚЕ көрсетілген ақпараттар экон.қызмет ж\е БЕ туралы жеткілікті білімі бар пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуы тиіс

2) Орындылық – ҚЕ көрсетілген ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдал.-ға қажеттіліктерін ескере отырып орынды болуға тиіс.

3) Сенімділік– ҚЕ көрсетілген ақпараттар сенімді болуға тиіс. Ақпарат сенімді болып табылады, егер онда елеулі қателер болмаса.

4) Салыстырмалылық – ҚЕ ақпараттар салыстыру мүмкіндігіне ие болу тиіс. Себебі, пайдаланушылар ұйымның қаржылық жағдайы ж\е қаржылық нәтижелеріндегі өзгерістерді анықтау үшін әртүрлі кезеңдердегі мәліметтерді салыстырады. Салыстыру әртүрлі ұйымдар арасында жүргізілуі мүмкін.

Сондай-ақ мынандай принциптерінде қарастыруға болады:

Маңыздылық принпципі – қаржылық есеп көрсеткіштері міндетті түрде талдынып, мұның негізінде шешім қабылданып, іске асырылатын резерв қорларының көздері белгіленіп, мұндай шаралар есеп саясатында көрсетілгені жөн.

Бейтараптық принципі – қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.

Сақтық принципі– белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады.

Аяқтау принципі – айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.

Сабақтастық принципі – кәсіпорындарда қарастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.

Шындық және әділдік принципі– пайдаланушылар үшін қаржы қорытындының есебі шындық және әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.

Қаржылық есепжүргізілген шаруашылық операцияларды тіркеуді қамтамасыз ететін есеп. Бұл ұйымның меншік иелері мен қызығушылыық танытқан басқа да тұлғалар үшін жүргізіледі. Оны жүргізу нәтижессінде қаржылық есептілік нысандары жасалады. Қаржылық есептіліктің барлық нысандары міндетті түрде ашық баспасөз бетінде жариялануы қажет (кем дегенде 2 республикалық баспасөз).

Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтеріне сипаттама беріңіз

Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қодданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден түрады:

— қүжаттау;

— түгендеу;

— шоттар;

— екі жақты жазу;

— бағалау;

— калькуляциялау;

— бухгалтерлік баланс;

— есеп беру.

Құжаттау.Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні, тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

Түгендеу. Шаруашылық құрамдары мен қаржылық міндеттемелерін нақты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерліе есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау.

Шоттар. Шаруашылық құралдарын, олардың құру көздерін және шаруашылық әрекеттерін екі жақты жазу әдісімен шартталған саналы біртекті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу.

Екі жақты жазу. Шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде, бірдей соммада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең соммамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.

БағалауЖалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.

Калькуляциялау. Шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерін және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтарын, өзіндік құнын анықтау.

Бухгалтерлік баланс. Белгілі бір мерзімде және ақшалай бағалау мен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.

Түгендеудің мәні және түрлерін ашып көрсетіңіз. Түгендеуді жүргізу тәртіптері мен оның нәтижелерін рәсімдеуге сипаттама беріңіз

Есеп беру. Есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдарын, міндеттемелердің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрбір белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.

Түгендеу-бұл мүліктердің заттай нақты қолда барын шоттарда көрсетілген бух/к есеп деректерімен сәйкестігін тексерудің әдісі. Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.

Түгендеудің міндеттері:

Ø Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау;

Ø Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;

Ø Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;

Ø Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында анықтау;

Ø Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б.

Түгендеу түрлері Сипаттамалары
Өткізу мерзімі бойынша – Жоспарлы (кезеңдік) – алдын-ала белгіленген мерзімде кесте немесе жоспар бойынша жүргізіледі; – Жоспардан тыс – өте қажетті жағдайларда ғана (ұрлау, құндылықтарды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері анықталғанда; материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда; өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі.
Қамту көлемі бойынша – Толық – нұсқаулықтарда көрсетілген мерзімде жүргізіледі және тек тауарлық материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық (тоқсан-дық) есеп беруді жасау бойынша қалдықтарды салыстыру және тексеруге бағытталады; – Ішінара – тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы, ТМҚ-ды қайта бағалау); – Іріктемелі – толық түгендеуді жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда жүргізіледі (мысалы, тауарлардың жеке атаулары бойынша табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың жеткіліксіздігі үшін кінарат-талабын өтеуден бас тартуы); – Тұтас – қандай да бір жүйенің барлық құрылымдық бө-лімшелерінің құндылықтары немесе есеп объектілерін бір мезгілде тексеру;
Өткізу нысаны бойынша – Заттай – нақты қолда бар мүлік объектілерін бағалау мақсатында жүргізіледі, ал олардың мөлшері есептеу, өл-шеу, таразыға тарту және басқа да көзге көрінетін әдістер-мен тізім жасау арқылы анықталады; – Бастапқы құжаттарды түгендеу – бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге негіз болған материалдық емес ак-тивтерді, патенттерді, дебиторлық берешек пен басқа да құжаттарды тексерумен байланысты; – Бухгалтерлік (кітаптық түгендеу) – ұйымның шоттар жоспарының жағдайын және баланстың құрылуын олардың сенімділігі мен ақпараттылығын арттыру мақсатында тексе-руге бағытталған;
Ұйымдастыру дәрежесі бойынша – Өзекті – операциялық жылдың аяғында баланстың жабы-луына дейін немесе кейін 10 күн ішінде жүргізіледі. Жабу күні мен түгендеуді жүргізу арасындағы қолда бар түген-деудегі өзгерістер рәсімделетін құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиіс; – Перманентті (жалғасушы) – түгендеу түрі, саны және құны бойынша түгендеу тізімінің жасалуы. Ол материалдық мүлікті түгендеумен үйлеседі. Оны жүргізу күні бухгалтер-лік балансты құру күніне байланысты; – Жылдық – баланстың құру күніне 3 ай қалғанда немесе оны құрудан кейінгі алғашқы 2 ай ішінде бүкіл номенклату-ра бойынша толық немесе ішінара жүргізіледі.

Наши рекомендации