Азақстандағы «кіші Қазан».
1925-1933 ж. арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті. Аймақтық көсемшілікдік идеясын ұстанды. «Қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет» деген идеясын насихаттады. «Кіші Қазан» төңкерісінің негізгі бағыты 2 топқа бөлінді: 1. Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту. 2. Елді шикізат аймағына айналдыру. Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру.
2. Қазақстандағы экологиялық мәселелер (1946-1991 жж.)
1950 ж. бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей обл. Орналасқан атом полигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілердің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді.Сондықтан да оның зартаптары да айтарлықтай еді. Б.Қазақстандағы Капустин Ярда атом полгигоны жұмыс істеп тұрды. Ресми мәліметтер бойынша Семей полигонында 1949 ж. 1963 ж. дейінгі кезеңде ауада қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964-1986 жж 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 кт-ға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар, ең алдымен, өздері орналасқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгерді. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Арал өңірлеріінң шаруашылығы қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер қаңырап бос жатты. Арал өңірегіндегі экологияның күрт шиеленісуіне «Байқоңыр» космодромы да үлкен әсерін тигізді. 1957 ж. жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың га аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.
Азақстан Республикасының Конституциясы: құрылысы мен мазмұны.
1995 ж. 30 тамызында бүкілхалықтық референдум ҚР-ның жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылу және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері баян етілген.
Билет
- Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
1927 ж. желтоқсанда Компартияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. 1932 ж. көктеміне дейін өлкеде ұжымдастыруды аяқтау белгіленді. 1933 ж. дейін Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көзделді. 1929 ж. 2-ші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер( машина-трактор станциялары) құрылды. Ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бек мыңдықшылар» жіберілді. Абыралы ауд.-70%; Жымпиты ауд. 60%; Жәнібек ауд. 95% шаруашылық ұжымдастырылды. Шұбартау ауданыында малдың 80%-ы мемлекетке етке өткізілді. Балқақш ауданына 297 мың малға салғырт салынды.
- Қазақстанда XX ғасырдың басындағы халық ағарту ісі.
19 ғ 2-ші жартысы мен 20 ғ. бас кезіндегі қазақтар арасындағы халық ағарту ісінің ерекшеліктерін тарихи оқиғалармен тығыз байланыста қарастырып, оның өрбу ерекшелігін шынайы түрде көрсетуге мүмкіндік аламыз. Бұл ретте қазақтар арасындағы мұсылмандық мектептер мен медреселердің халық білім берудегі рөлі, оған отарлық биліктің тосқауыл қою мақсатын да орыстандыру міндетін жүзеге асыратын орыс-түзем мектептерін ашуы, мұсылмандық білім беру ошақтарына жаңа серпін берген жәдидтік, ағымның қалыптасу секілді үдерістерге назар аударылды. Сонымен қатар қазақтар арасындағы халық ағарту ісінде өзіндік орындары бар Ы.Алтынсарин, Н.П.Остроумов секілді т.б. қайраткерлердің тлғалық келбетіне көңіл бөлінеді.
- Қазақстанның геосаяси жағдайы.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кзеңге есептеліп жасалған (1999-2005 ) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Қазақстанның геосаяси жағдайын талдау туралы Қазақстанның халықаралық саясаты және оның артықшылықтары туралы білімдерін қолдана отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Геосаяси- мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңестік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдікк халықаралық үдерістеріндегі орны мен нақты тарихи ықпалын түсіндіретін теория. Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оы сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекует деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқарудасаясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Билет.
- 1931-1933 жж. Ашаршылық.
Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әді де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Шабынды және егістік жерде қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқынкүйге көшті. Мал шаруашылығы терең күзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас еді, ал 1933 ж. 1 қаңтарында олардан қалғаны 4,5 млн бас еді. 1931-1933 ж. бүкіл Қазақстанды құшағынаалған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 ж. қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 кг ғана астық және 1 ғана мал қалғанын, ал бұлар 6 айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың қақаған, сары аязында нағыз қиямет орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәлімметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейіндеп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесіне ашық айтты.
- 1946-1980 жж. Қазақстандағы мәдениет.
Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз болды. Тек 1950 ж. ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1950-1965 ж. арасында Республикадағы ғылыми-зерттеу институтарының, филиалдар мен бөлімшелерінің саны 38-ден 84-ке дейін, ал олардың істейтін ғылыми қызметкерлердің саны 3,3 мыңнан 18,2 мыңға дейін өсті. Ғылым академиясында Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949 ж. халық шаруашылығына енгіз үшін 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды. 1950 ж. ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді.
- XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы.
Қазақстан экономикасы-Қазақстанда нақты жұмыс істетін нарықтық экономика құрылды. 2006 ж. мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптік жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 ж. салыстырғанда көмірдегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүни жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есге жуық өсті. 2005 ж. мұнай өндіру 61,9 млн. Тоннаға, табиғи газ өндіру 25, млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 ж. қарай 150 млн. Тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 ж. бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Билет