Жылу энергиясына қажеттілікті есептеу әдістемесі

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................
Берілген мәліметтер.......................................................................................
Жылу энергиясына қажеттілікті есептеу әдістемесі.............................
№1 есептік-сызба жұмыс. Қазандықтан жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу.............................................................
№2 есептік-сызба жұмыс. ДЖӨҚ-дан жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу..............................................................................
№3 есептік-сызба жұмыс. Жылумен қамдаудың экономикалық тиімділігін бағалау...................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................

Кіріспе

Типтік оқу жоспарына сәйкес «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша 050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үш есептік-сызба жұмыстарын орындайды.

Жұмыстың мақсаты студенттердің тәжірибелік есептерді техникалық шешудің нұсқаларын экономика тұрғысынан ұтымды таңдауға қолданылатын кешенді амалдар әдістемесін оқып білу және тәжірибеде пайдалану болып табылады.

Отын-энергетикалық қорлардың өзара алмасуы, көмір, мұнай және газ бағасының үйлесімді емес өсуі, тауар өндірісіндегі жаңа технологиялар жетістігі, энергетикалық нарықта пайдалану ПӘЕ-і жоғары және автоматты жану үрдісі бар шетелдік жылу өндіруші қондырғылардың пайда болуы, сонымен қатар жылу желісі мен электр стансаларындағы энергетикалық жабдықтардың тозуы, жылу және электр энергиясы тарифтерінің күрт өсуі, ең аз шығындалатын энергиямен қамтамасыз етудің мәселелерін өз бетінше және кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді немесе талап етеді.

Берілген жұмысқа мынандай міндет қойылады: ірі өндірістік кәсіпорынның өз жұмыскерлері тұратын жеке қала үлгісіндегі тұрғын үйлері бар делік және бұл елді мекеннің тұрғындарын жылу энергиясымен қамтамасыз ету керек. Тәжірибе жүзінде оқиға дамуының келесі үлгісі нақтырақ болуы мүмкін - кәсіпорын елді мекенді жылумен қамдау жүйесін салу және оны пайдаланумен айналысатын, сонымен қатар құрылысқа кеткен ақшалай қаражатты қайтаруға, жылу энергиясын халыққа тариф бойынша беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды құқығы бар мекемені («Энергия» АҚ) құрады. Ол үшін селоны жылумен қамдаудың мүмкін болатын үлгісіне және жылу энергия бірлігін алуда аз ақша шығындалатын нұсқа үшін техника-экономикалық салыстыру жүргізу керек, инвестициялық жобаны бағалау әдісін қолдана отырып, бизнес-жоспар құру керек (жобаның ақша ағымын, жобаның өтелу мерзімін және NPV, IRR, PP мәндерін анықтау керек).

Есептік-сызба жұмысты орындау кезіндегі өндірістік нысандар және комуналды-тұрғын үй шаруашылығын энергиямен қамдаудың ұтымды сұлбасын таңдау бойынша инвестициялық талдау әдістері студенттерге техника-экономикалық есептеулер жүргізудің ең қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге мүмкіндік береді.

Берілген мәліметтер

Елді мекен көп қабатты тұрғын үйлерден тұрады.

Бірінші үлгі: селоның жылулық жүктемесі қатты отынмен (Екібастұз көмірі) жұмыс істейтін және бір орталықтан жылынатын «Энергия» АҚ-ның қазандығымен қамтамасыз етіледі. Оны орталықтандырылған жылумен қамдау (ОЖҚ) деп атайды.

Екінші үлгі: «Энергия» АҚ-ы әрбір көп қабатты үйде табиғи газбен жұмыс істейтін, орталықтандырылған емес жылумен қамдау (ОеЖҚ) деп аталатын дербес жылу өндіруші қондырғыны (ДЖӨҚ) орнатады.

Көп қабатты тұрғын үйлер мынандай сипаттамалары бойынша: ғимараттың ауданы - 25000 м, пәтерлер саны - 60, тұрғындар саны - 240 адамнан тұратын, бірдей типті, төрт қабатты болып салынады.

Есептеулер жүргізу үшін негізгі мәліметтер 1-кестеден алынады (1-кестені қараңыз).

1 Кесте - Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер

№ А t орт.ж , С t с.а.е , С Z ж. тәу № Б Халық, адам
- 7, 1 - 29
- 3 - 24
- 2, 9 - 25
- 4, 1 - 28
- 7, 5 - 34
- 7, 3 - 36
- 3, 6 - 23
- 0, 5 - 16
- 0, 3 - 20
- 6, 3 - 28

Оқудың барлық түрінде оқитын студенттер үшін есептік-сызба жұмысын орындаудың нұсқасы келесі түрде алынады: сыртқы ауа параметрлері сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша алынады (№А); қала типті селодағы халық саны сынақ кітапшасының соңғы цифрының алдынғысы бойынша алынады (№ Б).

Есептік-сызба жұмыста мыналарды есептеу керек:

- бір үйдің және барлық селолардың жылыту және ыстық сумен қамдау үрдістеріне кететін жылу энергияның жылдық қажеттілігін;

- жылыту және ыстық сумен қамдау үрдістеріндегі максималды сағаттық жылу жүктемесін;

- селоны жылумен қамдаудың екі үлгісі үшін бірлік жылуды берудің өзіндік құнын;

- ең аз шығындалатын нұсқасы үшін оны салудың экономикалық негізі бойынша және инвестицияны бағалау әдісін қолданатын жылумен қамдау үлгісін пайдалану бойынша есептеулер жүргізу керек.

Есептік-сызба жұмыс комьпютерде орындалады және міндетті түрде кейіптемелер талданып, алынған шамалардың өлшем бірліктері көрсетілуі қажет.

Жұмысты қорғау барлық ескертулерді түзеткеннен кейін жүргізіледі. Студент есептеу жүргізу әдістемесін және жұмысты орындауға қатысты барлық теориялық сұрақтарды білуі қажет.

Жылу энергиясына қажеттілікті есептеу әдістемесі

Наши рекомендации