Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі

Қазіргі кездегі қоғамда адамның өте аз қажеттіліктері өндіру мен тұтыну аумақтары арасында географиялық үзіктерді толтыруды қамтамасыз ететін көліктің көмегінсіз қанағаттандырылуы мүмкін.

Көліктік қызмет тауарлар мен адамдардың географиялық жағдайларын өзгерту арқылы қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудың дәрежесін өсіруге бағытталған экономикалық қызметтің бір бөлігі болып табылады. Экономиканың сферасы ретіндегі көліктің ерекшелігі сол - өздігінен ол жаңа материалдық өнімді өндірмейді, өндірісті шикізат, материал, жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, оның жасалуына ғана қатысып, дайын өнімді тұтынушыға жеткізеді.

Материалдық өндірістің ерекше саласы ретінде көлік жеке елдер мен тұтастай әлемде бұл үшін ең қолайлы географиялық жағдайларда өндірістің дамуы мен мамандандырылуының жоғарғы дәрежесін мүмкін қылдырды. Көп 10 жағдайда ол экономикалық процестердің белсенділік дәрежесін өсіріп, катализатор ретінде көрінеді. Көлік өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жақсы жеке тұрмыс жағдайының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу үшін қажет.

Жеке аймақтардың мамандандырылуы мен олардың кешенді дамуы көліктің қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, әдетте тасымалдауларға деген қажеттіліктердің артуы қоса жүретін жаңа өндірістерді құру жөніндегі шешімді қабылдау, аймақтың көлік инфрақұрылымының даму деңгейі мен сол қажеттіліктерді қамтамасыз етуге деген оның мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады. Яғни, көлік факторы өндірістік күштердің тиімді орналасуына шешуші әсерін тигізеді.

Көлік тізбегінің рөлі сонымен қатар тұтастай экономиканың материалдық балансталуын, әрбір елдің бүкіл шаруашылық кешенінің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде баға жетпес.

Көлік жергілікті және жалпымемлекеттік нарықтың қалыптасуы мен қызмет етуі үшін жағдай жасайды. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу кезінде көлік жүйесін рационалдаудың мәні айтарлықтай өседі. Бір жағынан, көлік факторына кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі тәуелді болады, ал бұл нарық жағдайында тікелей олардың тіршілікке қабілеттілігіне байланысты, екінші жағынан, нарық тауарлар мен қызметтерді айырбастауды білдіреді. Осылайша, көліксіз нарықтың да болуы мүмкін емес. Осының нәтижесінде көлік нарық инфрақұрылымы мен тұтастай мемлекеттің экономикалық базасының маңызды құрамдық бөлшегі болып табылады.

Нарық инфрақұрылымының жалпы жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде көлік нарық субъектілері арасындағы тауар айналымының міндеттерінің қалыпты, үздіксіз шешілуін қамтамасыз ететін институттардың кешені ретінде танылады. Оның қызметі ұдайы өндіріс процесінде өндірістік қорларды құру мен олардың нарыққа түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Басқа сөзбен айтатын болсақ, көлік өндірушілер, сатушылар мен сатып алушыларды бөліп тұрған уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Экономикалық жағынан ол өндіруші мен тұтынушы арасындағы уақыттық және кеңістіктік алшақтықты жояды.

Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі көліктің рөлі сөзсіз. Өнімді өндіруді өсіру көбірек шикізатты, нарықтың ауқымды көлемдері мен көліктік жұмыстың үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан көлік ұлттық және дүние жүзілік шаруашылықтың сергек барометрі ретінде танылады. Сонымен қатар көлік құралдары, энергия сақтаушылары, құрылыс және басқа да материалдардың ірі тұтынушысы болып, ол жаппай ішкі өнімнің қалыптасуына айтарлықтай әсер етіп, көбіне өндірістік қуаттардың жүктелуін анықтайды.

Көптеген дамыған елдердің жаппай ішкі өнімдегі көліктің үлесі 4-9% ауқымында, халықтың жұмыс бастылығында – 3-8% ауытқиды. Бұл мәліметтерге экономикадағы көлік қызметтерінің мәнін өсіретін жеке және фирма ішіндегі көлік кірмейді.

Қазіргі замандағы өндіріс ауқымдарында салмақтық шамадағы өнімнің көлемі орташа бір тұрғынға шаққанда дамыған елдерде жылына 20-25 т., ал тұтастай дүние жүзінде – 10т. жетеді. Сонымен қатар, қоғамдық өнімнің әрбір 11 тоннасы өндіріс сферасында жиынтық (кәсіпорын ішіндегі технологиялық тасымалдарды есептемегенде) және айналым сферасында халықаралық теңіз тасымалын есепке алғанда, көлік жұмысының орташа алғанда 860 ткм, және олардың есебінсіз 550 ткм талап етеді.

Экономикалық дамудағы тасымалдардың жаппай ішкі өнімнің рөлін талдау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады: жүк айналым мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы, бір тұрғынға кірісіне қатысты көлікке деген сұраныстың икемділігі. Жүк айналым (тонна-км) мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы - өндірістік дамыған елдерде ең аз – жаппай ішкі өнімнің бір долларына жүк тасымалының шамамен 2,4 ткм , орташа даму деңгейлі елдерде – 2,8 ткм, шығысеуропалық мемлекеттерде – 5,3 ткм келеді. Шамамен осындай арасалмақ сұраныс икемділігінде де байқалады. Көрсеткіштердің айырмашылығы айтарлықтай. Олар бірдей экономикалық өсім жоғары дамыған елдерге қарағанда, азырақ дамыған елдерде ауқымды тасымалдарды талап ететінін білдіреді. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі, олардың бастылары - өндіріс ерекшелігі (дамып жатқан елдердегі шикізаттық бағыттағы ауқымды көліктік өнімнің басымдылығы), территория масштабтары, көлік инфрақұрылымының даму деңгейі.

Көлік жүйесінің дамуындағы мемлекеттің қатысуының қомақты рөлін ерекше атап өту қажет. Көлік ұзақ инвестициялық циклі, физикалық және моралдық тозудың жоғары деңгейі бар шаруашылықтың материалдық және энергиялық ауқымды секторы болып табылады. Көліктің үлесіне негізгі әлемдік қорлардың 20 % келеді.

Негізінен бәсекелестік, техникалық және технологиялық жетілдірулер, тауарлардың тіршілік циклының қысқаруы мен тұтынушылардың сапа мен бағаға қатысты қысымының өсуі өндірушілерді, көлік және қатынас компанияларын өндіріс шығындарын төмендету үшін күш салуға мәжбүр етеді, ал бұл өз кезегінде тарифтердің төмендеуіне әкеледі. Ғасырдың басынан бастап көлік және қатынас тарифтері шамамен 12 есеге төмендеді. Интернационализация процестері тарифтік тосқауылдардың жеңілдеуіне мүмкіндік жасады. Бұл процесс тасымал мен байланыс қызметтеріне бағаның төмендеуімен қатар ішкі және сыртқы нарықтар арасындағы су айрықты кішірейтті, өндіріс шығындары анағұрлым төмен аудандарда кәсіпорындарды орналастыру үшін жағдай жасады.

Көліктің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі мәні де өте зор. Территорияның жақсы дамыған көлік жүйесімен қамсыздандырылуы халық пен өндірісті тарту факторының бірі болып интеграциондық нәтижені құрайды.

Көлік материалдық өнімді өндірмей, тек оны тұтыну пункттеріне жеткізуге ғана қатысқанымен, көліктік шығындар тауар бағасында ескеріледі. Өнеркәсіптің бірқатар салалары бойынша көліктік шығындар айтарлықтай қомақты, мысалы, орман, мұнай өнеркәсібінде, онда олар 50% асуы мүмкін. Ұлан-ғайыр территориясы мен біркелкі орналаспаған қорлары, халқы мен негізгі өндірістік қорлары бар Қазақстан Республикасында көлік факторының мәні ерекше. Сонымен, көлік - әрбір мемлекеттің экономикасының маңызды құрамдас бөлшегі.

Көлік жүйесін көліктің әр түрлері қалыптастырады. Айта кету керек, көліктің түрлерге бөлінуі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының салаларға бөлінуінен түбегейлі түрде ерекшеленеді. Көліктің әр түрлері, негізінен, бір өнімді шығарады – жүк пен жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Өнімнің сапалық айырмашылығын негізге ала отырып, көлік өндірісінің тек екі саласын ғана – жолаушы және жүк көлігін бөліп көрсетуге болушы еді. Алайда көліктің барлық түрлері (құбырлықтан басқа) жүк және жолаушы тасымалын жүргізе алады. Сонымен қатар темір жол, су және әуе көлігінде көптеген кәсіпорындар (жолдар, пароход, әуе жолдары) жүк пен жолаушыларды тасымалдайды, яғни, көліктің бірден екі «саласына» жатады.

Көлік түрлері бір-бірінен өз өнімдерінің сапалық ерекшеліктерімен, пайдаланатын шикізаттың түрімен немесе өндіріс сатысымен емес (өнеркәсіп салалары сияқты), табиғи және жасанды қатынас жолдарын пайдалануымен ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктердің негізінен географиялық сипаты бар. Көлік түрлерінің табиғи түрде геосфералар бойынша топталуы кездейсоқ жағдай емес (жер үстіндегі су және әуе).

Көліктің алты негізгі қазіргі замандағы түрлері бар: теміржол, автожол (автомобильдік), теңіздік, ішкі су (өзен мен көлдегі), әуе және құбырлық.

Ғылыми-техникалық прогресс көліктің жаңа түрлері мен ескілерінің жаңа түрлерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады – ауа жастығындағы су және жер үстіндегі көлік, аспалы моно-рельстік және арқандық жолдар, соңында, сусымалы жүктерге арналған құбырлар, ленталық транспортерлер. Соңғылары әзірше тек кәсіпорын ішіндегі тасымал үшін ғана қолданылады (яғни өнеркәсіптік көліктің бір түрі болып табылады). Көліктің ерекше түрі (электрондық) болып, негізінен, электр энергиясын жеткізу желілері де саналады.

Көліктің әр түрлері табиғи немесе жасанды орнатылған түрлі қатынас жолдарын пайдаланады. Соңғыларына темір жол мен автомобиль жолдары, құбырлар, теңіздік және ішкі кеме жүзетін каналдар, сонымен қатар, жетілдірілген өзен жолдарының қомақты бөлігі жатады.

Көліктің түрлерге бөлінуімен қатар көлік кәсіпорындары мен олардың жұмыстарының (көлік өнімінің) қызмет көрсететін байланыстарының сипаты бойынша, яғни қатынас түрлері бойынша бөлінуінің үлкен маңызы бар. Осылай, халықаралық және мемлекетішілік қатынастарды бөліп көрсетеді, олар өз кезегінде ауданаралық, ауданішілік және жергілікті, қалааралық пен қалаішілік қатынастар деп бөлінеді.

Көліктің ешбір түрі тек халықаралық немесе ішкі, қалааралық немесе қалаішілік қатынастарға қызмет көрсетумен ғана шектелмейді. Көліктің қандай да бір түрін қатынастың белгілі бір түрі үшін басымырақ қолдану туралы ғана айтуға болады. Теңіз (ал көптеген елдерде әуе) көлігі негізінен халықаралық, бірақ айтарлықтай мөлшерде ішкі (аймақаралық) тасымалдарда пайдаланылады. Көліктің барлық басқа түрлері үшін негізгі болып ішкі қатынастар табылады, сонымен қатар, автокөлік қалаішілік және қала маңдық тасымалдар үшін кеңінен пайдаланып келе жатыр.

Көліктің әр түрлерінің сыртқы саудалық қатынастарды жүзеге асыру кезінде әлемдік шаруашылықтың жүйелеріндегі рөлі бірдей емес. Оның көрсеткіші - фрахтың экспортталатын / импортталған тауарлардың бағасына қатысын білдіретін көліктік құрамдас бөлшек болып табылады.

Көліктік құрамдас бөлшек халықаралық мамандандыруға және кооперативтік өндіріске белсенді түрде әсер етеді. Қосымша көлік шығындарының көлемі халықаралық мамандандыру мен өндірісті кооперациялаудан алынатын табыстан асып түсетін жағдайда соңғысы тиімсіз болып қалады. Көліктік шығындар құндық жағынан халықаралық жеткізулердің көлеміне қатысы бойынша айтарлықтай шаманы құрайды. Дамыған елдерде фрахт көлемі импорт құнының шамамен 5%, дамып жатқан елдерде – 10%-ға дейін, шығысеуропалық елдерде – 10% астам шамаға дейін жетеді. Көрсетілген арасалмақтар ең алдымен көлік қызметтеріне әлемдік экспорттық баға мен тарифтерінің түрлі динамикасымен, сонымен қатар, шикізат бағасындағы «көліктік құрамдас бөлшектің» салыстырмалы жоғары және дайын өнімдерге салыстырмалы төмен меншікті салмағынан, әлемдік нарықтардың алшақтығының әсерімен түсіндіріледі.

Осылай, көлік ішкі тауар айналымды қамтамасыз етуімен қатар, халықаралық сауда-саттықтың көлік инфрақұрылымын құрай отырып, сыртқы экономикалық байланыстарда маңызды рөл ойнайды.

Шетел зерттеушілері көлік шығындарының үдеп бара жатқан төмендеуі көлік құралдарының ауқымды жүк көтермелілікті тасымалдау кезінде меншікті көлік шығындарының қысқаруы алға тартылып отыр) өндірушілердің тауар қозғалысына тиімді бақылауды жүзеге асыра алатын аралықты ұлғайтты деп айтып отыр. Расында да, көлік пен тасымалдау облысындағы алға басушылық халықаралық тасымалдардың ерекшелігіне көпжақты әсерін тигізді. Тасымалдардың өсімі қатынас жолдарының көбеюінен басым келе жатыр. АҚШ-ты мысалға ала отырып экономикалық даму бойында жүк айналымның динамикасына төмендеу, ал жолаушылар айналымына - өсу тән екеніне көзімізді жеткізе аламыз. Осылай, 1940-1985жж. ішінде СЖӨ 4,9 есе, қалааралық жүк айналым – 3,9 есе, ал қалааралық жолаушылар айналымы – 5,6 есе өсті. Барлық көліктердің ішінде тасымалданатын жүктердің көлемі (салмағы) бойынша бірінші орында көліктің автомобильді түрі тұр, одан кейін теміржол, теңіздік, құбырлық, ішкі су мен авиациондық түрлері орналасқан. Автомобильді көлікпен жүк тасымалдарының қарқынды ұлғаюы көліктің басқа, әсіресе, теміржол және ішкі су түрлерімен тасымалдардың қысқаруына әкеліп отыр. Бұл көптеген себептермен, оның ішінде олардың желілерінің анағұрлым аз тығыздылығымен, шамадан артық тиеусіз тауардың «есіктен есікке» жеткізілуін қамтамасыз ете алмайтындығымен түсіндіріледі. Өнеркәсіптік өндірістің шоғырлану процестері өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін темір жолдары мен ішкі су жолдарының интеграциясына мүмкіндік туғызды. Өндірістің үзіктілігі, сұраныстың диверсификациясы мен бұйым номенклатурасының ұлғаюы автомобильдік көлік рөлінің өсуіне әкеледі. Темір жол көлігі үйінді және салмақты жүкті тасымалдауларға тәуелді болады. АҚШ- 14 та олардың үлесіне теміржол тасымалдарының 80% келеді, ал тас көмір мен ауылшаруашылық өнімдері сияқты жүктер сәйкесінше 38 және 12% құрайды.

Көліктің жеке түрлерінің әлемдік жүк айналымдағы приоритеттері де өзгеріп отырады. Жүк айналымның көлемі бойынша (ткм) теңіз көлігі алда келе жатыр, оның үлесіне әлемдік аумақтың 60% келеді. Жүк айналымында теңіз көлігінің алып отырған бірінші орны тауар айналымның едәуір дамуымен де, теңіз тасымалдарының 7 мың км. асатын орташа қашықтығымен түсіндіріледі.

Жүк тасымалдарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. 50-70- ші жылдары құйылмалы жүктердің тасымалдары озық қарқынмен өсіп келе жатты. 1962ж. олар алғаш рет теңіз тасымалдарының барлық көлемінің жартысынан асып, ол деңгейден 1980ж. дейін төмен түскен жоқ. 1980-ші жылдары мұнай шығару географиясындағы өзгерістерге байланысты құрғақ жүктердің үлесі ұлғайды. Бұл өзгеріс танкерлі флоттың кенет қысқаруы мен негізгі жүктерді тасымалдауға арналған кемелердің шамамен сондай көлемдегі ұлғаюына әкелді.

Магистральді және жергілікті көліктің қарқынды дамуы көп түрлі көлік құрылымының қалыптасуына және оның жеке түрлерінің арасындағы өзара әрекеттестіктің күшеюіне әкелді. Зор дәрежеде бұл контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырумен жеткізіледі. Контейнерлерге жүктелген тауарлар, түрлі кезеңдерде тасымалдар көліктің әр түрлерімен жүзеге асырылып отырса да, жіберушіден алушыға аралық қоймалық операцияларынсыз тікелей жеткізіледі. Сонымен қатар, контейнерлік тасымалдарды пайдалану көлікті қолданудың тиімділігін айтарлықтай көтеруге, еңбек өнімділігін кенет өсіруге мүмкіндік жасады.

Контейнеризация процесі мен алдыңғы қатарлы көлік технологияларын енгізу аралас халықаралық тасымалдардың (мультимодальдық, интермодальдық, комбинацияланған) пайда болуы мен дамуына әкелді. Көліктің әр түрлерінің қатысуымен жұмыстары қатаң үйлестіріліп, өзара байланысқан интеграцияланған көлік жүйелері құрылды. Аралас тасымалдар қарқынды дамыды, ол туралы теңіз контейнерлік тасымалдардың көлеміне қарап топшылауға болады. 1980-ші жылдары олар жылына орташа алғанда 9%- ға астам өсіп отырды.

Аралас тасымалдар көлік компанияларын өздерінің сегменттік бытыраңқылығын жеңуге итермеледі және барлық көлік индустриясының тік интеграциясы процесіне мүмкіндік туғызды. Басқа себептермен қатар олар өз қызметтерін тек тасымалға ғана емес, көптеген ілеспелі операцияларға да тарататын көптүрлі немесе жалпы (тотальды) көлік компанияларының пайда болуына әкелді. Бұл компаниялар енді аймақтықтан бастап дүниежүзілікке дейінгі кеңейтілген географиялық негізде әрекет етуде. 1980-ші жылдардың ортасында тайваньдық «Инвергрин лайн» және американдық «Юнайтед Стейтс лайнз» жалпыәлемдік контейнерлік тасымалдарға көшті.

Халықаралық тасымалдардың жүйесінде үлкен орынды транзит – жолаушылар мен жүктерді аралық пункттер арқылы бір пунктіден екіншісіне тасымалдау алады. Транзитті халықаралық қатынастарды орнату экспорттық және импорттық ұйымдарды артық жүктен және жүктерді қайта жіберуден, 15 құжаттарды қосымша ресімдеуден және шекаралық пункттер мен порттарда тасымалдар үшін есептесуден босата отырып, оларға қолайлылықты қамтамасыз етеді. Жүктер мен жолаушылардың транзиті үшін тек теміржолдық, автомобиль, әуе жолдары мен құбырлары ғана емес, порттар да, сонымен қатар асулық құрлықтағы пункттердің көлік құралдары да қолданылады.

Әлемдік көліктің экспорт пен импортқа қатысуы оның экономика үшін мәнін күшейтеді, көлік құралдары мен жүйелерінің ары қарай дамуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасында көліктің барлық негізгі түрлері ұсынылған: теміржол, автомобиль, авиациялық, құбырлық, теңіз және өзен.

Көліктік кешен - өндіргіш күштерді территориалдық ұйымдастыруда басты орынды иемденетін күрделі салааралық жүйе. Көлікті экономикалық- географиялық жағынан зерттеу көлік жүйесінің қызмет етуінің территориалдық ерекшеліктерін ашуға бағытталған. Бұл жағдайда көлік жүйесінің жеке бөлшектерінің де, бір-бірімен көлік арқылы әрекеттесетін түрлі халықшаруашылық объектілердің де көліктік-географиялық жағдайының бағасы ерекше мәнге ие болады.

Көлік жүйесінің құрамында көліктің әрбір түрінің ең алдымен пайдалану шығындарының деңгейіне, қажетті капиталдық салымдарға, отын мен энергияның меншікті шығынына, жүк және жолаушылар ағындарының қуатына, тасымалдың қашықтылығына, жүктердің түріне байланысты болатын өздерінің ұтымды пайдалану сфералары болады. Мысалы, теміржол көлігі салмақты жүктердің тасымалын, теңіздік – құрлықаралық тасымалдарды үлкен қашықтықтарға, сонымен қатар, көлемді және аз каботажбен жүзеге асырады.

Соңғы уақытта жалпы жүкайналымдағы Қазақстанның теміржол көлігінің үлесі төмендеді, бірақ ол елдің көлік кешеніндегі өзінің жетекші мәнін сақтап отыр, бұл ең алдымен жер үстіндегі көліктің басқа түрлерінің алдындағы техникалық-экономикалық артықшылықтарымен және бас магистральдардың негізгі көліктік-экономикалық қатынастарға сәйкестілігімен қамтамасыз етіледі. Су жолдары барлық жерде оларға сәйкес келе бермейді. Сонымен қатар, қыс айлары көптеген өзен және теңіз жолдарындағы кеме жүруді ұзақ мерзімге тоқтатады. Республика жүк айналымында өзен көлігінің меншікті салмағының қысқаруы ең алдымен көліктің басқа анағұрлым нәтижелі көлік түрлерінің – құбыр және автомобильді түрлерінің болуымен түсіндіріледі. КСРО-ң ыдырауы мен халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту халықаралық экономикалық қатынастардың өсуіне және сәйкесінше жүк пен жолаушылар айналымында теңіз көлігі үлесінің өсуіне әкелді.

Құбырлық көліктің рөлі күннен-күнге артып келеді, алайда ол шикі мұнай, оны қайта өңдеу өнімдерін және табиғи газды тасымалдауды жүзеге асыратын тар мамандандырылған болып алып отыр.

Теміржол көлігі жолаушылар айналымы бойынша автокөлікке жол береді. Автокөліктің меншікті салмағы әсіресе қалаішілік тасымалдарда жоғары. Оның рөлінің артуы заңды нәрсе, себебі жолаушылар тасымалының үлкен бөлігі тура теміржол байланысы жоқ елді - мекендердің арасындағы маршруттарға келеді. 16 Теміржол желілеріне параллельді бағыттарда автобустармен барлық жолаушылардың 1/4 тасымалданады. Әуе көлігіне жалпы жолаушылар тасымалында 1%-тен кемі келеді, бірақ олардың ерекше қашықтылығы оны жолаушылар айналымының көлемі бойынша көліктің барлық түрлерінің арасында үшінші орынға орналастырып отыр.

Көлік саласының дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Көліктің тиімді дамуымен барлық экономикалық жүйенің толыққанды қызмет етуі, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуі, елдің тұрақты әлеуметтік- экономикалық жағдайы байланысты. Соңғы онжылдықтың ішінде нарықтық қатынастардың дамуы мен Республиканың экономикалық жүйесіндегі құрылымдық өзгерістері көлік жүйесінің тіршілік әрекетінің негіздерін, көлік кәсіпорындарының қызмет ету қағидаларын және қоғам өміріндегі көліктің өзінің мағынасын түбегейлі түрде өзгертті.

Көлік саласының басты міндеттерінің бірі Республика көлігін дамудың жаңа белестеріне шығаруға бағытталған басқарудың қолайлы құрылымдарын іздеуге бағытталған. Осыған байланысты көлік дамуының жолдары мен балама жобаларын іздеу мәселесі өзекті болып отыр. Республиканың көлік жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге мемлекеттік стратегиямен ескерілген мақсатқа бағытталған шараларды жүзеге асыру негізінде қол жеткізуге болады.

Көлік кешенінің құрамдас бөлшектері, көліктің әр түрлерінің техникалық-эксплуатациялық сипаты мен қолданылу аумағы

Айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының көлік кешені көліктің жер үстіндегі барлық түрлерімен (теміржол, автомобильді, құбыр), өзен және әуе көлігімен ұсынылып отыр.

Қоғамның тасымалдарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуде көліктің жекелеген түрлерін мақсатты түрде пайдалану ауқымы олардың техникалық-эксплуатациялық сипаттарымен, құрылымымен және жүк ағындарын қалыптастырудың нақты жағдайларымен анықталады.

Темір жол көлігінің ерекшеліктері мыналар болып табылады:

- Салмақты жүк және жолаушылар ағындарын игеруге мүмкіндік беретін теміржолдардың жоғарғы тасымалдау қабілеті;

- Ауа-райлық жағдайларға тәуелсіз қозғалыстың ұдайылылығы;

- Тасымалдаудың бәсекеге қабілетті құны;

- Жүк пен жолаушыларды тасымалдаудың айтарлықтай жоғары жылдамдығы;

- Почтаны жеткізудің теміржол желілерін елдің әрбір құрлықтағы аймағына төсеу мүмкіндігі.

Осы ерекшеліктерінің арқасында теміржолдарының үлкен қашықтықтарға тасымалдардың ірі көлемдерін жүзеге асыруда, нақты айтар болсақ пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеру кезінде, отын-шикізат қорларын, дәнді, құрылыс және басқа да салмақты жүктерді тасымалдауда бәсекесі жоқ. Негізінен, бұл ауқымды территориялар және негізгі қорлар көздері мен оларды тұтыну пункттерінің аймақтық бытыраңқылығы жағдайларындағы көліктің негізгі түрі болып табылады.

Автомобильдік көліктің өзіне тән ерекшеліктері:

- Жоғары мобильділік және жүк пен жолаушыларды әрбір жолы қиын аймақтарға тасымалдау мүмкіндігі;

- Қолданушылар үшін өте маңызды қосымша қайта жүктеусіз жүктерді тікелей өндіруші қоймасынан тұтынушы қоймасына дейін («есіктен есікке») жеткізу қағидасын қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- Тасымалдаудың жоғары жылдамдығы мен жеткізу дәлділігі;

- Тасымалдарды ұйымдастырудың қол жетімділігі мен салыстырмалы қарапайымдылығы.

Үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың салыстырмалы жоғары бағасының әсерінен көліктің бұл түрі көбінесе ол үшін анағұрлым лайықты сферада – салыстырмалы алыс емес қашықтықтарға қалаішілік, қала маңдық және облысаралық тасымалдарды жүзеге асыруда, жүкті көтерме-таратушы қоймалар мен материалдық-техникалық қамсыздандыру базаларынан тікелей тұтынушыларға, бөлшек дүкендеріне және т.с.с. жеткізу кезінде, басқа қатынас құралдары жоқ шалғай жатқан жолы қиын аудандарға қызмет көрсету кезінде, технологиялық тасымалдарды, сонымен қатар, қазіргі кездегі көлік технологияларының сөзсіз қатысушысы ретінде, әсіресе мультимодальдық тасымалдарды жүзеге асыруда қолданылады.

Өзен көлігі мыналармен ерекшеленеді:

-Жоғары тасымалдық қабілетімен;

-Тасымалдаудың айтарлықтай төменгі бағасымен.

Қоңыржай және қатаң ауа-райы жағдайларында жұмыс істеудің маусымдылығына байланысты, сонымен қатар, жүк айналымы бағыттарының қазірде бар кеме жүзетін су магистральдарының бағытымен сәйкес болған кезде ғана қолданудың шектелген мүмкіндіктеріне байланысты көліктің бұл түрі көп жағдайларда жақын жатқан аудандарға қызмет көрсету үшін қосалқы ретінде, сонымен бірге (кеме жүзетін фарватердің қолайлы жағдайларында), мемлекетаралық тасымалдарда транзиттік бағыттардың бір тізбегі ретінде қолданылады.

Құбырлық көліктің мынадай қасиеттері бар:

- Жоғары өткізгіш қабілеті;

- Жүктің ауқымды көлемдерін едәуір алыс қашықтықтарға тасымалдауды салыстырмалы түрде оңай ұйымдастыру мүмкіндігі;

- Көлік процесінің көп еңбекті қажет етпейтіндігі;

- Жұмыстың үздіксіздігі;

- Көлік шығындарының аздығы.

Бұл қасиеттер мен ерекшеліктер оны шоғырланған тұтыну аудандарына көмірсутекті шикізатты (мұнай мен газ), сонымен қатар, мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде өте бағалы етеді.

Әуе көлігіне тасымалдаудың жылдамдығы бойынша тең келетін ештеңе жоқ. Салыстырмалы жоғары тарифтердің себебінен ол негізінен жолаушыларды үлкен қашықтықтарға тасымалдауға маманданады. Оның жүктерді тасымалдаудағы рөлі жоғары емес, әдетте, почтаны, багажды және аса құнды жүктерді тасымалдаумен шектеледі.

Көліктің әр түрлерінің арасында тасымалдарды жіктеудің негізгі белгілері – көлік шығындарының аздығы, тасымалдау жылдамдығы, жеткізудің мерзімділігі, тасымалданатын жүктердің сақталуы мен тасымалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Көлік нарығы жағдайларында тасымалды ұйымдастырудың қол жетімділігі мен қарапайымдылығы, көлік қызметтерінің сапалы деңгейі сияқты факторлар, басқа сөзбен айтқанда, «көлік сервисі» жалпы түсінігіне кіретін барлық жайттар үлкен мәнге ие болады. Нақ осы көлік сервисінің деңгейі бірқатар жағдайларда көлік түрін таңдау кезінде, әсіресе бағалы жүктерді тасымалдау кезінде шешуші рөл атқарады. Осы факторды ескеру – көлік маркетингінің басты құрамдас бөлшегі болып табылады.

2001-2008 жж. арасында жүктерді тасымалдау бойынша Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көліктің жекелеген түрлерінің қатысу динамикасы 2.1 және 2.2 суреттерде диаграммалардың мәліметтерімен сипатталады.

Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі - student2.ru

2.1 - сурет - 2001-2008 жж. ішіндегі көлік түрлері бойынша жүк тасымалдарының көлемі динамикада

Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі - student2.ru

2.2 - сурет - 2001-2008 жж. ішіндегі көлік түрлері бойынша жүкайналым динамикада

Айта кету керек, 2.1, 2.2 және ары қарайғы кестелердегі теміржол көлігі бойынша көрсеткіштер ведомстволық статистиканың мәліметтері негізінде, күнтізбелік жылда аяқталған тасымалдар бойынша (яғни «жіберілген жүктер» емес, «тасымалданған жүктер») келтірілген. Сонымен қатар, соңғы жылдар ішіндегі автокөлік бойынша көрсеткіштер 0,66 коэффициентін қолдану арқылы (ҚР статистика бойынша Агенттігінің әдістемесі) жалпы пайдалану көлігі бойынша мемлекеттік статистиканың мәліметтерін есептеу жолымен белгіленген тасымалдардағы жеке кәсіпкерлердің үлесін ескере отырып келтірілген.

Келтірілген мәліметтер қарастырылып жатқан кезең республиканың көлік кешені үшін қолайсыз болғанын көрсетіп отыр. Экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың салдарынан жүк тасымалдарының көлемі 2001 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде үш есеге қысқарды. Бұл құбырлықты есептемегенде, көліктің барлық түрлеріне тән құбылыс болды. Ол Батыс Қазақстанның мұнайлы-газды кен орындарын қарқынды игерумен байланысты тасымалдардың көлемін ұлғайта түсті.

Тасымалдау жұмысының көлемі әсіресе, кезеңнің басында (2002 ж. дейін) күрт төмендеді, одан кейін төмендеу қарқыны баяулады, ал 2000 жылдан 2003 жылға дейін жалғасқан тасымалдардың өсімі байқалды. 2.1 және 2.2 суреттердегі мәліметтерге қарағанда республикадағы жүк тасымалдарының негізгі көлемі теміржол және автомобиль көлігімен (80-90%) жүзеге асырылады. Сонымен қатар, автокөлік тасымалданған тонналардың көлемі бойынша алда келіп (70-80%), жүкайналым бойынша темір жол көлігінен күрт артта қалады (10-12%). Бұл автокөліктің республиканың көлік кешенінің құрамындағы, негізінен қалаішілік, қала маңдық және қысқақашықтық 20 облысаралық тасымалдарды (тасымалдардың орташа қашықтығы 20-30 км) қамтамасыз ету бойынша ойнайтын рөлімен түсіндіріледі.

Айта кету қажет, соңғы жылдары автомобильдік көлік сақталушылық пен жеткізу жеделдігін қамтамасыз ету бойынша ерекше талаптар болған кезде республикаішілік қана емес, халықаралық қатынаста да тез бұзылатын және құнды жүктерді (әсіресе шағын партиялармен) тасымалдау кезінде теміржол көлігіне айтарлықтай табысты бәсеке құруда.

Экономикалық аймақтар мен ірі өнеркәсіп тораптарын өзара байланыстыратын темір жолдың үлкен ұзақтылығы, көрші мемлекеттердің жолдар желісіне теміржолдың шығу есіктері, тасымалдауларда көмір, кен және басқа да салмақты жүктердің басымдылығы бар Қазақстанның жағдайында темір жол көлігі аймақаралық және мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыруда жетекші рөл ойнайды. Бұл теміржол көлігі бойынша 700-800 км. құрайтын тасымалдардың орташа қашықтығы сияқты көрсеткішпен расталады.

Жүк айналымдарының жалпы көлеміндегі өзен көлігінің үлесі қазіргі уақытта жоғары емес, 0,1% төмен. Бұл негізінен республиканың Қиыр Шығыс және Батыс территориялары арқылы өтетін негізгі кеме жүзетін су магистральдары – Ертіс пен Орал өзендері аймақаралық қатынастағы жүкағындарының бағытымен сәйкес келмейтіндігімен, сондықтан негізінен өзен арналарынан шығаратын құрылыс материалдарды, жүктерді жақын маңдағы, жиі басқа көлік магистральдарынан шалғайда жатқан аймақтарға тасымалдау үшін қолданылатындығымен түсіндіріледі.

Соңғы жылдары республиканың көлік кешенінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда Қазақстанға әлемдік нарыққа тікелей шығудың қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін теңіз көлігінің рөлі көзге түсерліктей өсуде. Бұл негізінен Каспий теңізіндегі Ақтау сауда теңіз портының қайта құруымен байланысты. Республикада бұл портқа еуроазиаттық қатынастағы транзиттік тасымалдарды дамыту бойынша нақты үміттер жүктеледі.

Қазіргі кезде өзінің сауда флотының жоқ болуына байланысты Қазақстанның жүктерді теңіз арқылы тасымалдауларға қатысуы паромдық қатынастарды қолданумен аралас теміржол-теңіздік және автомобильдік- теңіздік тасымалдарды жүзеге асыруымен, сонымен қатар, мұнай жүктерін жалданған кемелермен бөлшектеп тасымалдаумен шектеледі.

Республиканың құбыр көлігі негізінен газ (68%) бен шикі мұнайды (32 %) тасымалдауды қамтамасыз етеді. Мұнай өнімдерінің үлесі 0,1%-дан төмен шаманы құрайды. Тасымалдардың негізгі көлемі экспорттық қатынаста жүзеге асырылады. Әрекеттегі құбырлардың қуатын арттыру мен жаңаларын салу саясаты негізінен республиканың құбыр жүйесінің экспорттық потенциалының ары қарай дамуына бағытталған.

Қазақстанның әуе көлігі республиканың көлік кешенінің ең шапшаң тізбегінің позициясында нық орналасқан. Ол негізінен жолаушылар тасымалдарына, әсіресе алыс қашықтықтарға мамандандырылады. Оның жүктерді тасымалдауға қатысуы почтаны, багажды және аса құнды жүктерді тасымалдаумен шектеледі.

Республиканың көлік кешенінің жеке сегменттерінің Қазақстанның мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстарын жүзеге асырудағы рөлі туралы кедендік статистиканың мәліметтері бойынша топшылауға болады. Алайда бұл мәліметтер базасы әлі қалыптасып келе жатқанын және оған негізінен, тасымалдарды есепке алудың толық еместігі сияқты белгілі бір кемшіліктер тән екенін ескере кету қажет. Бұған белгілі бір жағдайларда айтарлықтай ерекшеленетін теміржол көлігі бойынша кедендік және ведомстволық статистика мәліметтерінің салыстырмалы талдауы дәлел бола алады. Алайда бұл қатенің рұқсат етілетін дәрежесімен, көліктің әрбір түрінің халықаралық тасымалдардағы салыстырмалы рөлін бағалай алатын жалғыз мәлімет көзі болып табылады.

Көліктің жеке түрлері ауқымындағы халықаралық тасымалдардың көлемі мен динамикасы 2.1 және 2.2-суреттерде көрсетілген мәліметтерімен сипатталады.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, көліктің негізгі түрлеріне тасымалдардың біршама өсу тенденциясы бар олардың салыстырмалы тұрақтылығы тән.

Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруда көліктің негізгі түрлері темір жол (50% астам) мен құбырлық (40%) көліктер болып табылады.

Автомобильдік көлікпен мемлекетаралық қатынастағы тасымалдардың 2- 3% -ы орындалады. Олардың құрамындағы айтарлықтай меншікті салмағы бар шекараға жақын қатынастағы тасымалдар болып табылады.

Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі - student2.ru

2.3 – сурет - 2002 -2008 жж. ішінде көлік түрлері бойынша экспорт қатынасында жүк тасымалдарының көлемі мен динамикасы

Экспорт-импорттық жүктерді тасымалдаудағы тұрақты өсімді теңіз көлігі көрсетіп отыр: соңғы жеті жылдың ішінде қатынастың бұл түріндегі оның үлесі 0,9%-дан 4,5%-ға дейін өсті.

Әуе және ішкі су көлігінің үлесі жоғары емес – 0,1%-дан кем.

Көліктің жеке түрлерінің қоғамның жолаушылар тасымалындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысуы 1.2.1 - кестенің мәліметтерімен сипатталады.

Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі - student2.ru

2.4 - сурет - 2002 -2008 жж. ішінде көлік түрлері бойынша импорт қатынасында жүк тасымалдарының көлемі мен динамикасы

Зерттелініп жатқан кезең бойында жеке меншіктегі автомобильдер орындаған тасымалдардың жүйелі түрде алынған есепке алынуы болмағандықтан, жолаушылар тасымалдары бойынша көрсеткіштер сол көлемдерді ескермей көрсетілген.

Келтірілген мәліметтер автокөліктік жолаушылар ағынының негізгі көлемін құрайтын қалаішілік пен қала маңындағы қоса алғанда, көліктің барлық түрімен барлық қатынастарда орындалған жолаушылар тасымалдарының көлемін сипаттайды. Сондықтан автокөлік жүзеге асыратын жолаушылар тасымалының меншікті салмағы соңғы жылдары шамамен 13 км орташа қашықтықта шамамен 80% құрады. Қалған тасымалдар теміржол (2%, орташа қашықтық шамамен 500км) мен әуе көлігі (0,1%, орташа қашықтық 2300км) арасында бөлінеді. Өзен көлігінің үлесіне жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде 0,2 % төмен келеді.

Орытынды

Қазірдегі статистикалық есеп беру жолаушылық автотасымалдардың ортақ көлемінен облысаралық қатынастағы тасымалдарды бөле-жарып көрсетуге мүмкіндік бермей отыр. Бірақ орташа қашықтыққа қарағанда, олардың негізгі көлемін теміржол мен әуе көлігі орындайды. Бұл көліктің жеке түрлерінің аймақаралық жолаушылар тасымалдарын қамтамасыз етудегі рөліне сәйкес келеді. Салыстырмалы үлкен емес қашықтықтарда және ыңғайлы әрі теміржол көлігімен салыстырғанда ұзындығы бойынша қысқа маршруттар болған кездегі жекелеген жағдайларда автокөлік пайдаланылады. Орташа және үлкен қашықтықтарға жолаушылар тасымалдарының негізгі көлемін теміржол жүзеге асырады. Ең шапшаң ретіндегі әуе көлігі үлкен қашықтықтарға тасымалдарды орындау кезінде қолайлырақ.

Республикалық экономикаға қызмет көрсету бойынша тасымалдық қызметтегі құбыр мен әуе көлігінің ерекше рөлінің себебінен бұл түрлер берілген монографияда қарастырылмайды. Негізгі назар жоғары дәрежеде технологиялық жағынан өзара байланысқан және жер үстіндегі көлік жүйесін қалыптастыратын жалпы қолданыстағы жер үстіндегі көліктің негізгі түрлері (темір жол, автомобиль) мен су көлігінің (өзен, теңіз) ерекшеліктері мен қызмет ету мәселелерін, өзара байланыстылығы мен даму перспективаларын зерттеуге шоғырланған.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. lib.kstu.kz:8300/tb/fulltext/RMEB/zhalpy%20kоlik%20kursy.pdf

Наши рекомендации