Тақырып. Халықаралық әуе құқығы
1. Халықаралық әуе құқығының түсінігі мен құқықтық реттелуі
2. Әуе кемелерінің түрлері мен ұшуы ережелері
3. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік
4. ИКАО – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы.
Халықаралық әуе құқығының түсінігі. Мемлекеттердің өздерінің әуе кеңестігегі айрықша және толық егеменділігі. ҚР-ның әуе кеңестірі режимі. ҚР-ның Әуе кодексін дайындау.
Халықаралық әуе құқығы - әуе кеңістігін, оның анықтаушы құқықтық режимін қолдануға байланысты халықаралық субъектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін арнай қағидалар мен нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқықтың бір саласы. Ол халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдалануға байланысты халықаралық субъектілердің арасында туындайтын халықаралық қатынастарды реттейді.
Әуе көлігі қызметін құқықтық реттеу екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамыды. 1944-ші жылы Чикагода Азаматтық авиация жөніндегі конвенция қабылданып, соның негізінде келесідей құжаттар қабылданды: Конвенцияның шешуші актісі, Әуе хабарларын халықаралық транзиттеу жөніндегі келісім және Халықаралық әуе көлігі туралы келісім.
Әуе кеңістігін екі түрі бар: Егеменді әуе кеңістігімен Халықаралық әуе кеңістігі.
Тәжірибеде мемлекет аумағынан әуе кемелерінің ұшуы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты ұшу алдын ала бекітілген кестемен, жоспармен, белгіленген сызықпен жүзеге асырылса, ал тұрақсыз ұшу әуе қатынастары екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасындағы екіжақты келісіммен белгіленеді. Әдетте шетел аумағының шегінде әрдайым ұшу құқығын мемлекеттер әуе хабарландыру туралы келісім арқала алады. Бұл келісім міндетті болып табылады. Мемлекеттер тиісті рұхсатсыз өз аумағында ұшып бара жатқан шетел әуе кемесін тоқтатуға құқылы. Халықаралық навигацияда әрбір әуе кемесінің тіркеу туралы куәлігі, ұшуға жарайтындығы туралы куәлік, борттық журнал және т.б. құжаттары болуы керек.
Шет мемлекеттердің әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне сол мемлекеттің заңы және кедендік, валюталық, карантиндік бақылауы тарайды.
Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесіне келер болсақ, әуе кемелері тіркелу фактісіне байланысты ұлттық иелікке жатқызылады. Олар өзі тіркелген мемлекеттің қорғауында болады. Тіркелегн әуе кемесі мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Халықаралық әуе хабарландыруында әуе кемелерін азаматтық әуе кемелері және мемлекеттік әуе кемелерідеп екіге бөледі. Азаматтық әуе кемелері – азаматтық жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған.
Мемлекеттер халықаралық әуе құқығының қағидалары мен нормаларын бұзғандары үшін саяси жауапкершілікке тартылады. Ол жауапкершілік ИКАО Ассамблеясына дауыс беру құқығынан айырылу түрінде болуы мүмкін. Бұнымен қатар, мемлекеттер басқа мемлекеттің әуе кеңістігі егемендігін бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әуеде тасымалдауды жүзеге асырушы ұйымдар жолаушылар мен жүк иелеріне келтірілген шығындары үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.
ИКАО – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы. 1944-ші жылы Чикаго конвенциясында азаматтық авиация мәселелерін шешу үшін құрылған. 1946-шы жылы аталмыш ұйым мамандандырылған ұйым мәртебесін алды. ИКАО-ның негізгі мақсаты Чикаго конвенциясына сәйкес халықаралық азаматтық авиациялардың қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз ету.Бүгінгі күні оның құрамында 150 мемлекет бар. Қазақстан Республикасы ИКАО-ға мүшелікке 1992 жылы 21-ші тамызда қосылды.
ИКАО-ның жоғарғы органы Ассамблея болып табылады. Орталығы Канаданың Монреаль қаласында орналасқан.
14-тақырып Халықаралық гуманитарлық құқық
1. Әскери қақтығыстағы кезіндегі қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу міндеттері.
2. Халықаралық сипаттағы құқықтар мен міндеттер.
3. Соғыс құрбандарын қорғау.
Халықаралық гуманитарлық құқық қақтығыстың туындау есебінің заңды немесе заңды еместігіне құрамастан, қақтығысқа қатысушы екі жаққа да құқықтары мен міндеттері бекітеді. Әскери әрекеттерді ашу туралы 1907 жылы Гааганың 3-ші конвенциясы бойынша соғыс әрекетінің басталуы мемлекет арасындағы алдын-ала ескертусіз жүзеге асырылуы тиіс. Соғыс жариялау әр елдің жоғарғы мемлекетік органдары өкілеттілігіне жатады. Конвенциялар мен протаколдар соғыс жарияланған немесе конвенция мен протаколға қол қойған жақтар арасында қарулы қақтығыстар болғанда қолданылады.
Халықаралық құқық ережелері мен қағидаттарына қайшы келетін барлық қару түрлері құқыққа қарсы түрлерге жатады. Оларға ең алдымен адамдарды жаппай қарататын қарулар, сонымен қатар өте қатты бұзылыстар мен қасіреттер әкелетін қарулар және табиғи ортаға ұлан-ғайыр зиян келтіреге бағытталған құралдар жатады.
Конвенциялар мен протоколға қол қойған жақтар соғыс уақытында да, соғыс болмаған уақыттада әскери мамандар дайындау бағдарламасында оқып үйренуге міндетті, әскери және азаматтық биліктегілер оның мәтінімен танысуға міндетті. Командирлер өздеріне жүктелген жауапкершілік шегінде өзінің қарамағындағы қарулы куштер құрамына кіретін тұлғалар, Конвенциялар мен протоколмен жүктелген міндеттерді біліп, танысуына шара қолданылуы керек.
Соғысты жариялаудың құқықтық салдары:
1.Бейбіт қатынастар тоқтатылады, дипломатиялық және консулдық қатынастар үзіледі, олардың қызметкерлері кері шақырылады.
2.Бейбіт қатынастар ға жасалған саяси, эканомикалық және өзгеде келісім-шарттар түгел тоқтайды.
3.Соғыс жағдайына бекітілген арнайы келісім-шарттар
Қызыл Крест ХIХ ғасырда қарулы қақтыған нәтижесінде және қарулы қақтығыстар жағдайына арналып құрылды. Тек оның қызметі кейініректе ғана едәір ұлғая түсті, ал қазір ол мүгедектерге санитарлық білім беруден әлеуметтік көмек көрсетуге дейінгі кең мағынадағы мәселелерді қамтиды.
Ұлттық қоғамда халықаралық қызыл Крест Комитеті қарулы қақтығыс кезінде оған жүктелуі мүмкін болатын тапсырмаларды орындауға деген міндеті болып табылады.
Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің дербес әрект ете алатын өкілеттігі бар болса да, ол Ұлттық қоғамдармен бірлесіп қызмет ету гуманитарлық және дәрігерлік көмектің жоғарғы дәрежедегі тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жүз жылдан астам уақыттан бері Қазыл Крест соғыс кезінде де, бейбіт өмірдеде комек көрсету жөніндегі әртүрлі жұмыстарды жүргізетін ұйым ретіндегі әлемдегі коптеген елдерге танымал.
Қызыл Крест – бұл негізін қалаушы болып табылатын Халықаралық Қызыл Крест комитеті, әлемде 150 елдегі Қызыл Крест Қызыл Жарты айдың Ұлттық қоғамы, сондай-ақ Қызыл Крест және Қызыл Жарты айдың Федерациялық қоғамы, Халықаралық Қызыл Крест Комитет штаб пәтері құрамына енеді.
Соғыс құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөніндегі өз міндеттерін орындау үшін ХҚКК, соғысушы жақтарға халықаралық гуманитарлық құқықтың жалпыға белгілі нормалары мен әрекет етуші конвенциясын сақтауға міндетті екенін ескертеді және сонымен қатар оларға өз қызметтерін ұсынады. Кейде жанжалға қатысушы жақтар ХҚКК-не өздері көмек сұрап өтініш жасайды.
ХҚКК-і елдегі билік орындары келісімен және Ұлттық қоғам кеңесінен кейін, қарулы қақтығыс болған жерге қандай көмек қажет екенін анықтау қажет үшін өз делегатарын жібереді. Сонан соң делегатарға жасалған жағдайды алдын-ала бағалау негізінде ХҚКК-е, егер қажет болатын болса көмек көрсету туралы үндеумен халықаралық қоғамдастыққа барады.
(үкіметке және Ұлттық қоғамға)
Басып алынған жерлерде ХҚКК Женева конверенциясының ережелеріне сәйкес, тұрғандардың барлық қажеттілігінің өтелуі, адамдардың отбасылық өмір сүріп туыстарымен байланысын нығайту үшін, сардап шегушілерді ең алғашқы қажет заттарымен (азық-түлік, жататын үй т.б.) қамтамасыз ету, дәрігерлік көмек көрсету үшін жағдайлар жасауға тырысады. ХҚКК-ң құрамына ететін іздеу салу жөніндегі Орталық Агентті болады. Ол еркінен айырылған немесе тұтынға алынған әскери тұтқындар арасындағы сонымен қатар соғыс әрекеттері нәтижесінде анырап қалған отбасы мүшелері арасындағы байланыстарды қалыптастырудан тұрады.
Агенттік қақтығыс салдарынан із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіруіне барлық қажетті шараларды қабылдап, іздеп нәтижесі туралы оның отбасына мәлімдейді. Іздеу салу жөніндегі орталық агенттің қызметі Женева конвенциясында және №1 қосымша хаттамасында анықталған.
ҚК және Қ.жарты ай қоғамының халықаралық Федерациясы 1919 ж құрылды. Оның қызметі негізінен бейбіт өмірде жүзеге асырылады.(табиғи аппат құрбандарына көмек көрсету т.б.)
Тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субьектісі ретінде дамуы
1. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бағыты.
2. ҚР сыртқы саясат қызметіндегі бағыттары.
3. Қазақстанның экологиясы және халықаралық құқық.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауға үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемаларды басқара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.
Қазіргі таңдағы әлемдегі халықаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін бара-бара ұлттық құқықпен ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың нормаларын, қағидаларын, институттарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді. «Мемлекеттің ішкі құзірет биліктерін тәуелсіздікті саналы, үйлестірілген күйде түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру туралы сөз болып отыр, яғни бекітілген құқық нормаларында ұлттық, аймақтық, блоктық мүдделермен қатар, тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастықтың мүдделеріде көрініс табуы керек». Интернационалдық үрдісі, немесе қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, шаруашылық өмірдің жаһандасуы айқын және оны көпшілік мойындап отыр. Әсіресе халықаралық құқық үлкен ықпалдарға ұшырауда, себебі: мемлекет пен оның ұлттық құқығына ірі көлемді ықпалдар халықаралық құқық арқылы жүзеге асырылады. Жаһандасу процесі халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігін, халықаралық жүйенің тұтастай алғанда өнімді қызмет етуін тағы бір рет дәлелдеп отыр.
1. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бағыты.
Халықаралық құқықтың даму тарихы бір мыңжылдықпен шектелмейді. Бұл, бір жағынан алғанда, басқа мемлекеттердің құқықтарына ұдайы ықпал ететін көнеден келе жатқан құқықтық жүйелердің бірі; екінші жағынан алғанда ұлттық жүйелерге өзара тәуелді болып келеді. Осы заманғы халықаралық құқықтың беделі жоғары. Оның құқықтық табиғаты мен санаспайтын мемлекет жоқ шығар. Сонымен қатар, халықаралық құқық үшін субъектілер арасындағы қатынастарды жоғары деңгейіндегі сеніммен бекіту сипаты тән. Ал, сенім, өз кезегінде халықаралық әділ құқықтық тәртіпті орнатудың кепілі болады. Тұтастай әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігі әділ бейбіт тәртіптің алғышарты болып табылады. Халықаралық қауіпсіздіктің жалпыға ортақ жүйесі жеке мемлекеттің қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.
Халықаралық экономикалық құқыққа арналған алғашқы ғылыми зерттеулер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда бола бастады. 1964 ж. сауда және даму жөніндегі БҰҰ-ның Женева Конвенциясы өткізілді. Бұл халықаралық форум халықаралық экономикалық құқықтың құқықтық табиғаты туралы көптеген пікірталастарды бастап берді. Екі бағыт қалыптасты: халықаралық-құқытық және шаруашылық-құқықтық.
Халықаралық-құқықтық бағыт халықаралық экономикалық құқықты халықаралық жария құқықтың бір бөліг немесе саласы деп белгілейді. Ал, екінші бағыт халықаралық экономикалық құқыққа халықаралық экономикалық қатынастар объектісі болып табылатын кез келген нормаларды жатқызады.
Дамушы мемлекеттер жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің мақсаттарын мынадай етіп айқындайды:
- мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына толық және тұрақты тәуелсіздік етуі, дербес теңдік, экономикалық және әлеуметтік жүйенлерді таңдау еркіндігі дәне кемсітушілікке жол бермеу сияқты қағидаларды жүзеге асыру;
- дамушы мемлекеттерге халықаралық шешімдер қабылдау процесінде әділ рөл беруді қамтамасыз ету;
- осы елдердің әлемдік нарықтағы экономикалық өзара байланыстың нақты саласындағы талаптарын қанағаттандыру.
Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп (ЖХЭТ) тұжыырымдамасы - халықаралық экономикалық қатынастардың қайта құрылуының жетекші тұжырымдамаларының бірі ретінде дамушы мемлекеттердің бастамасымен бекітіліп қалды. Олар өздерінің экономикалық дербестігі, халықаралық экономикалық қатынастардың демократиялығы үшін күресті бастап кетті. Осы тұжырымдаманың қалыптасуына нормативтік базаның маңызы зор болды. ЖХЭТ-ті орнату үшін Декларация мен әрекеттер бағдарламасы, сондай-ақ мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттерінің Хартиясы қабылданды, олар БҰҰ Бас Ассамблеясының 4-ші Арнайы сессиясында және БҰҰ Бас Ассаблеясының 1974 ж. 24 сессиясында қабылданған болатын. Бағдарламада «бейбіт шаруашылық байланыстарда, ...сауда мен қызмет көрсету салаларында кемсітушілік пен шектеулерді жоюды қоса алғанда, әділ, тең құқылы және өзара тиімді қатынастарды орнату» талабы мазмұндалған. Халықаралық экономикалық қатынастарды демократияландыру және сауықтыруда, халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуынаоң әсер ете отырып, ЖХЭТ құжаттары белгілі бір дәрежеде бірізді емес. Кемшіліктеріне қарамастан, ЖХЭТ тұжырымдамасының пайда болуы жаңа, анағұрлым жоғарырақ тәртіптегі халықаралық экономикалық қатынастардың экономикалық қатынастардың туындауына әсет етті. Осы заманғы ұғым бойынша жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің мазмұнының құқықтық тәртіп ретінде шекарасы кеңейіп келе жатқанын атап өтуі керек. халықаралық құқықтың барлық субъектілері халықаралық экономикалық құқықтың тәртіптің болуына мүдделі. халықаралық экономикалық тәртіпке мынадай сипат тән:
экономикалық күштің үстемдік етуі, мемлекеттердің экономикалық санкциялары аралас қолдануы;
- мемлекеттерді экономикалық даму деңгейлері мен нарық экономиканың дәрежесі бойынша бөлудің фактілік заңдастыруы;
- түрлі құқықтық режимдердің қалыптасуы, кейінірек - барынша қолайлық режимін, преференциал режимін заңдастыру;
- халықаралық қауымдастық қатысушыларының екі жақты реттеуден көп жақты реттеуге өтуі;
- халықаралық-құқықтық реттеу саласында мемлекеттердің ішкі құзыретінің өсуі.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының халықаралық эканомикалық қатынастарды реттеу үшін негіз қалайтын маңызы бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін құрметтеу қағидасы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне икемделіп, мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерін қорғауға ұмтылыстарына қайшы келмей-ақ, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелділіктерін қамтамасыз етеді.
Сыртқы экономикалық байланысты үйымдастыру нысанын таңдау қағидасы мемлекеттердің дербес теңдік және ішкі істерге қол сұқпау қағидасының қисынды жалғасы болып табылады. Осы қағиданың нормативтік мзмұнына орай, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар түрлі режимдерді таңдауға ерікті:кедендік, тарифтік, лицензиялық, экспорттық, импорттық жэне басқа да режимдер.
2.ҚР сыртқы саясат қызметіндегі бағыттары.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауға үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемаларды басқара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.
Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді.
Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады.
Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық.
Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады.
Қазақстан Республикасы 1992 ж. 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын БҰҰ құрамына қабылдауға ұсынған Бас Ассамблеяның қарарын дауыс берусіз-ақ мақұлдайды. Қазақстандық делегация БҰҰ-ны қайта құру жөнінде, даужанжалдардан кейінгі кезең проблемалары жөнінде, бітімгершілік күштерінің қорын құру туралы бағдарламалық ұсыныстар жатады. БҰҰ Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті. Өз агенттіктерінің офицерін құрды.
1991 ж. 21 желтоқсанында Алматыда 11 тәуелсіз мемлекет келіссөздер жүргізді. Олардың “теңқұқылық негізінде және Жоғары Уағдаласушы Тараптар ретінда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға” шешім қабылдауы осы кездесудің нәтижесі еді. ТМД қатысушыларының әрекеттестігі теңқұқылық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын құрметтеу қағидаларына сай және біртұтас қорғаныс кеңістігі мен ядролық қаруға біртұтас бақылауды сақтау арқылы жүзеге асырылатыны жөнінде Алматы Декларациясына қол қойылды. ТМД-ның барлық қатысушыларының келісімімен, бұрынғы КСРО мүше мемлекеттерінің, сондай-ақ Достақтылықтың мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін басқа да мемлекеттердің оған қосылуы үшін ТМД ашық деп жариялайды.
Қазақстанның ЕурАзЭҚ, Біртұтас экономикалық кеңістік және басқа да өңірлік экономикалық одақтардағы алар орнын нығайту тауарларды өңірлік рынокта экспортқа шығаруға қолайлы жағдай жасауға септесетіндегі сөзсіз, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық экономикалық блоктар мен қауымдастықтарға қатысуы халықаралық рынок тауашаларына қол жеткізуін жақсарта түседі.
Бұл орайда Азия Даму банкі, Бүкіләлемдік банк және Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жобаларға қадала көңіл аудару керек. Мұндай жобаларды жүзеге асыру барысында жобаларды басқару жөніндегі ең бүгінгі заманғы ноу-хаудың жеткізілетіні және халықаралық топтар тарапынан назардың анағұрлым арта түсетіндігі белгілі. Оның үстіне бұл екі жағдаят қосыла келгенде несиелердің өзіненде бағалы бодлып шығады.
Қазақстан инфрақұрылымын дамыту және оны бара-бара әлдеқайда іргелі еуропалық және еуразиялық жобаларға кіріктіру үшін Еуропа инвистициялық банкімен ақылдасуды бастау қажет.