Патриоттық тәрбие.
Жастардың бойындағы патриоттық, жігерлілік сезімді ояту мақсатында ұлтжандылыққа баулу мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Жырласа жастар жырласын» атты тақырыпта жыр мүшайрасы өтті. Оған аудан көлеміндегі мектептерден мекеме кәсіпорындардан келген жастар қатысты. Жыр мүшайрасына қатысушылардың бәсекесі жыр додасының көрігін үш сағатқа жуық қыздырды. Қатысушы-13 үміткердің арасынан 4-үміткер жүлделі орындарға ие болды.
Төрткіл дүние Тәуелсіз елдегі болашақтың жүрегі, айбаты мен айбары жасампаз жастардың мерекесі болып саналатын «Бірлік, Бейбітшілік,Болашақ,» атты жастар форумы аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25-жылдығы аясында өтті. Мәдениет үйі фаесінде «Еркем-ай» домбырашылар ансамблі өздерінің әсем күйлерімен форумға қатысушыларға патриоттықсезім ұялатып,көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Форумға аудан, ауылдары көлемінде түрлі сала бойынша белсенділік танытып жүрген
350-ге жуық жастар қатысты.
Қобда ауданы , Әлия ауылында өткен ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Ә.Молдағұлованың туған күніне арналған «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты облыстық патриоттық әдеби музыкалық байқауға Темір ауданының «Темір жастары» тобы қатысып, ІІІ-орынға ие болды.
Ақсай ауылдық Мәдениет үйінде ауыл жастарының әлеуетін көтеру мақсатында «Қызықты, көңілді студенттік өмір» атты 1995, 1996, 1997 жылы туылған студенттер арасында өнерден топтық сайыс өткізілді. Сонымен қатар әр көше серілерінен «Жігіт сұлтаны»байқауы ұйымдастырылды.
Кеңкияқ мәдениет үйінің жастары ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Кеңесту елді мекенінде, Шұбарқұдық кәсіпшілік үйінде, «Тәуелсіздіктің 25 шыңы» атты концерт ұйымдастырды.
Кеңкияқ мәдениет үйінде 10 сынып оқушысы, жас ақын, облыстық, аудандық байқауларлың жеңімпазы, Баймұратова Эльнураның «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты шығармашылық кеші өтті. Жастар арасында «Әзілің жарасса әртіс боп ойна!» атты породия байқауы ұйымдастырылды.
Қайыңды клубында жастар арасында «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты сайыс өткізілді. Мақсаты-елге деген, жерге деген, отанға деген патриоттық сезімін ояту.
Шығырлы клубында жастар арасында «Жас өсіп елге тірек бола ала ма?» атты дебат өткізілді. Сонымен қатар «Сөз сойыл» көңілді тапқырлар клубының қызықты қойылымы болды.
Мекеме жастары арасында «40-шоколад» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастарымыздың білім деңгейін әрі қарай дамыту. Бұл интеллектуалды телеарнадан «40-миллион» ток шоу бағдарламасы аясында «40-шоколад»деп алынған.
Алтықарасу мәдениет үйінде Алтықарасудың 125 жылдығына арналған ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Туған жерге тарту» атты шоу-концерт өтті. Мақсаты: «Туған жерге тағзым» акциясын насихаттай отырып, ауыл жастарының бойына патриоттық сезімдер ояту. Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы жолдауы-ұлт мұраты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Еңбекші клубында «Мамандығым, мақтанышым» студенттермен кездесу кеші өтті. «Білім мен байлық , қайсысы артық?» атты тақырыпта дебат болып өтті. Мақсаты: білім мен байлықтың ара жігін ажыратуға мүмкіндік беру. Екі жақты позицияда оқушылар мен жас мамандардың сөз жарасымдарын бақылау барысында, оларға обьективтілік пікір алуындағы елжандылық, принсипшілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жастар арасында «Жайдарлы Жасұлан» КТК сайысы өтті.
Қопа клубында жастар арасында «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» пікірталас кеші өтті.
Саркөл клубында «Антқа адал, рухы биік» атты полиция қызметкерлері күніне орай кездесу кеші өткізілді. Сонымен қатар «Махаббатқа-10 қадам» мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет үйінде «Президент және перзент» атты кеш ұйымдастырылды. Халықаралық жастар күніне орай «Жігерлі жастық» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Шұбарши клубында «Тәуелсіз ел-сұлтаны» атты жігіттер сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Жырласа жастар жырласын» атты жас ақындар айтысы өтті. Және «Мен қазақпын...» атты көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті.»Жұлдызды дода « пародия байқауы өтті.
Шұбарқұдық кәсіпшілігі клубында «Ауғанның отты жылдары» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Имандылық жүрекке ұяласа» атты пікірталас кеші өтті.
Тасқопа ауылдық клубында «Жарайсың, Замандас» атты жастарға арналған ойын-сауық кеші өтті. Сонымен қатар «Тапқыр достар» жастарға арасында сайыс өтті. Және «Бүгінгі ел ішінде» атты ауыл көшелері бойынша сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: дәстүрді болашақ жастарға насихаттау.
Темір қалалық клубында «Мың мамандық бәрі бар, таңдап талғап бірін ал» атты пікір талас кеші өтті. «Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» атты қала жастарымен сыр сұхбат өткізілді.
Барлық өткізілген шара -90, Оған қатысқандар-14863, Оның ішінде жастарға арналғаны- 60, Оған қатысушылар-10000
Мәдени мұра
Мәдени мұра бағдарламасы бойынша 2016 жылы Темір аудандық мәдениет үйі және оған қарасты мәдени ошақтарда төмендегідей мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл толуына орай барлық мәдени ошақтарда «Қазақ музыкасының Гималайы» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Тасқопа клубында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы «Үш бәйтерек» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Атаның көзі, ақылдың сөзі» атты ауыл қарттарымен кездесу кеші өткізілді.
Шұбарқұдық кәсіпшілік клубында М.Мақатаевқа арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті.
Саркөл клубында Ш.Қалдаяқов әндерінен әуесқой орындаушылардың қатысуымен «Ақ бантик» атты сазды кеш өтті. М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Үш бақытым» атты мәнернлеп өлең оқу шеберлерінің сайысы ұйымдастырылды. Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының алыбы» атты әдеби сазды кеш өтті. Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Шырағын жаққан білімнің» атты кеш ұйымдастырылды.
Кү»ші Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 210 жылдығына орай «Күй атасы-Құрманғазы» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.
Қопа клубында атақты күйші Дина Нұрпейсованың туылғанына 175 жыл толуына орай «Күйдің сыры» атты сазды кеш өткізілді. А.Қ.Жұбановтың 110 ж орай «Ән-жырымен әлдилеген-Жұбанов» атты музыкалық кеш өтті.
Ақын Ж.Жабаевтың170 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.
Еңбекші клубында «Поэзия падишасы» атты ақиық ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Алтықарасу мәдениет үйінде М.Мақатаевқа арналған «Ақын жырына қонған ән» әдеби сазды кеш өтті. А.Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған «Мәңгі көктем әуені» атты кеш ұйымдастырылды.
Шығырлы клубында «Ата салтым асыл мұрам» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. «Атадан өсиет-анадан қасиет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Ұлттық ою-өрнек сыры» атты байқау ұйымдастырылды.
Қайыңды ауылдық клубында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Алаштың арысы»атты портреттік кеш ұйымдастырылды.
Ақсай мәдениет үйінде ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтың 70 жылдығына орай щахмат пен дойбыдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Кеңкияқ мәдениет үйінде саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті жылдар құрбандары» атты радио бағдарлама өтті.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ұшқыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 65 жылдығына орай «Ұрпақ үшін өмірі үлгі» атты танымдық кеш өтті. Сонымен қатар Республикалық «Бөбек» қайырымдылық президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның 75 жылдығына орай бүлдіршіндер арасында «Айналайын-2016» өнерн фестивалі өтті.
Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ертай Ашықбаевтың 60 жылдық мерейтойы аясында аймақтық «Мен ақынмын, жан-жүрегіммен дүниеге ғашық» атты ақындар мүшайрасы өтті.
Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың 90-жылдығына арналған «Өнегелі өмір» атты әдеби саз кеш ұйымдастырылды.
Қазақ халқы музыкасын жинаушы, этнограф, композитор Л.Хамидидің 110 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы» әдеби сазды кеш.
Ақын Марфуға Айтқожинаның 80 жылдығына арнап «Жыр аққуы» атты әдеби сазды кеш өтті. Күйші Дина Нұрпейсованың 155 ж арналған «Сезім пернелері» атты әуесқой күйшілер арасында әуенді сазды кеш өтті.
Барлық өткізілген шара-71, Оған қатысушылар саны-6953, Оның ішінде жастарға арналғаны-46, Оған қатысушылар саны-5200