Комитеттің негізгі функциялары мен құқықтары

Азынашылық комитеті туралы

Ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақзаңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.

4. Комитеттiң мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкiметі құрайтын және тарататын, Комитетттің бақылауындағы және оған есепті аумақтық бөлімшелері бар, оларға мыналар жатады: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері, аудандық, қалалық және қаладағы аудандық қазынашылық басқармалары.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласында аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, аумақтық бөлімшелерді бюджеттік заңнама нормаларының сақталуы мәселелері бойынша тексеруді жүргізеді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің оларға белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын бақылауды жүзеге асырады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Комитетөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, Комитет төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның

бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданыстағы құқықтық актілерді шығарады.

7.Комитеттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

8.Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

9.Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

12. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Комитеттің негізгі функциялары мен құқықтары

13. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен келесі функцияларды жүзеге асырады:

1)республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету;

2) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен мен шетелдік валютадағы шоттарын ашу, жүргізу және жабу;

3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

4) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттердің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚБАЖ) енгізу;

5) жылдық сомаларды қоса алғанда төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

6) республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептік мәліметтерді республикалық бюджеттік бағдармалар әкімшілігіне уақытыл және жүйелі жеткізу бөлігінде бюджеттік мониторингін іске асыру және міндеттемелердің уақытылы қабылданбау, республикалық бюджеттік бағдармалар (сыртқы займдар мен несиелендіру есепке алынбай) бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу себептерін анықтау мақсатында республикалық бюджеттік бағдармалар әкімшілерінен ақпарат жинау;

7) (алынып тасталынды);

8) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;

9) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы түсімдерді қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына одан әрі есептей отырып бөлу;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан түсімдер сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аудару;

12) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;

13) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;

14) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;

15) мемлекеттiк мекемелер жасаған төлемдердi қайтару кезiнде кассалық шығыстарды қалпына келтiру;

16) бюджеттік заңнамада көзделген себептерге сәйкес мемелкеттік мекемелерді қолма - қол ақшамен қамтамасыз ету;

17) бюджет ақшасын басқару;

17-1) Қазақстан Рреспубликасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертке республикалық бюджет мұқтажының көлемін ай сайынғы болжамдау;

17-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке соманы көрсете отырып, кепілдікті трансфертті аудару туралы өтінімді жіберу;

18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;

19) республикалық бюджеттен агенттің қызметтерін төлеу бойынша шығыстарды болжауды және бюджетте салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалардан және мемлекеттік мекемелердің өкілеттіктерінен алынған қолма-қол ақшаны есептеу бойынша агенттің қызметтерін тарту мен төлеу;

20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрі бойынша банктік (корреспонденттік) шоттарды ашу, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Комитеттің шоттары арқылы шетел валютасындағы операцияларды жүргізу және есепке алу;

21) мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстарды әзрлеу;

22) мемлекеттік мекемелерде бюджеттік және бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстарды әзәрлеу;

23) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;

24) мемлекетік қарыздарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттiк кепiлдiктерді, қарыздарды хеджирлеу жөнiндегi мәмiлелерді, бюджеттік кредиттерді, мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу;

24-1) кредиттік шарттар бойынша төлеуге жататын сыйақы және өсімақыларды есептеу және бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыштың, сыйақының және өсімақының төлеу мерзімі келгені туралы қарыз алушыларды хабарлау;

24-2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдардан бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен міндеттемелерді өндіріп алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

24-3) инвестициялық жобалар шеңберінде сыртқы қарыздар, байланысты гранттар мен қоса қаржыландырылған қаражаттарға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің қарыз қаражаттарын алуға арналған өтінімдерді қарау және келісу;

24-4) үкіметтік сыртқы қарыздардарды, байланысты гранттарды және қоса қаржыландырылған қаражаттарды игеруді есептеу, сыртқы қарыздардың, байланысты гранттардың түсуі мен шығысы туралы жиынтық мәліметтерді қалыптастыру және ҚБАЖ енгізу;

24-5) республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша ағымдағы төлемдерді бойынша өткізу процедураларын жүзеге асыру;

25) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштық міндеттемелер бойынша төлемдерді және үкіметтік сыртқы қарыз шоттарынан қаражаттарды алу бойынша операцияларды есепке алуды жүзеге асыру;

26) бюджеттік кредит беру нәтижесінде пайда болатын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды жүзеге асыру;

27) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті және өзге де есептілікті Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес даярлау және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну;

28) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді дайындау және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну;

29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы есепті дайындау және ұсыну;

29-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;

30) ҚБАЖ-нің төлем жүйелермен әрекет етуін ұйымдастыру;

31) қазынашылықтың бiрiктiрiлген ҚБАЖ он-лайн режимінде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

32) мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржы құжаттардың қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкестігін алдын-ала және ағымдағы бақылау;

33) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;

34) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;

35) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен түсімдер бойынша төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарлана, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың және азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;

36) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;

37) мемлекеттік мекемелердің шетел валютасында операциялар жүргізу кезінде валюталық заңнаманың сақталуы бойынша тексеру ұйымдастыру;

38) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру;

39) қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің қызметінде қауіпсіздіктің ережелерін сақталуын бақылау;

40) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;

41) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды атқару.

14. Комитеттiң мыналарға:

1)мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп беруді сұратуға;

2) теңгеде және шетел валютасында бiрыңғай қазынашылық шоты мен банктiк шоттарының болуына;

3)қаржы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;

4)мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарында жолсыздықтар анықталған жағдайда оларды тиісті органдарға қарауға жіберуге;

5)республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға;

6) инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік мекемелерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жұмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға;

7) шет елдердің қазынашылық жұмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөніндеұсыныстар әзірлеуге;

8) Комитет құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

9) мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен (олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) ұлттық және шетелдік валютада банктік операцияларды, сонымен қатарҚазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшасына; мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшасына; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаға қатысты:

мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетелдік валютадағы шоттарын ашу, жабу және жүргізу;

есеп операциялары: төлеуге берiлетiн шоттардың негiзiнде мемлекеттік мекемелердің және салық органдарының төлем тапсырмаларын өткізу;

аккредитивті ашуды, олар бойынша міндеттемелерді орындауды және жабуды жүзеге асыруға;

10) бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

Наши рекомендации