Тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

Жоспар:

1. Жер құқық бұзушылықтарының түсінігі, түрлері және құрамы.

2. Жер құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі.

3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Негізгі ұғымдар: құқық бұзушылық, жерқұқық бұзушылық, жер заңдары.

Жер құқық бұзушылык дегеніміз— жерқұқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың кұкығымен заң- ды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.

Жер құқықбұзушылық ретіндетану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек

Объектісі, Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.

Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.

Субъектісі, жеке және занды түлғалар.

Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:

әкімшілік;

тәртіптік;

қылмыстық;

азаматтық.

Жер құқық бұзушылык жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз- жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және зандыц тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетің кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:

қоғамға кауіптілігі;

кінәлілігі;

әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс;

жер зандарына қайшылығы;

жазаланушылық.

2. Жерқұқық бүзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі. Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.

Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.

Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.

Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артықшылықтарға ие:

Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.

Әкімшілік теріс кылыққа жедел әсер етуі.Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.

Құқыққа карсы әрекет зардаптардыңтуындауын күтпей - ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.

Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.

Әкімшілік құқық бұзушылыктын негізгі қолдану шаралары бұл айыппұл және ескерту жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы істерді келесі органдар қарайды:

Соттар;

Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы өсімдік немесе карантин жөнінде мемлекеттік инспекция;

Жер ресурстарын басқару агентгілігі және жергілікті бөлімшелері;

3. Қоршаған ортаны корғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.

21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 324-399 баптар арналған

337-бап. Жердi бүлдiру
338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы
340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
337-бап. Жердi бүлдiру

1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Наши рекомендации