Бөлім. Меншік құқығы және

Зге де заттық құқықтар

Тарау. Меншік құқығы.

Жалпы ережелер

ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 188-бап өзгертілді

188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны

1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.

2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.

Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.

6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

189-бап. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы

1. Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.

2. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.

Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).

190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi

1. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.

2. Егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.

ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 191-бап өзгертiлдi

191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi

1. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.

2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

02.03.98 ж. № 211; 04.11.99 ж. № 472; 02.03.01 ж. № 162; 21.05.02 ж. № 323; 2005.18.05 № 50-III; 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертiлдi

192-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығы

1. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

2. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.

3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.

3-1. Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.

4. Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.

5. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.

6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады.

Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Коммуналдық меншіктегі мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамалық актілерде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңына сәйкес 193-бап жаңа редакцияда

193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк

Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.

2007.07.08 № 321-III Заңымен 193-1-баппен толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 193-1-бап өзгертілді

193-1-бап. Стратегиялық объек­тілер

1. Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономи­калық маңызы бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық объект болып табылады.

2. Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр тораптары; магис­тральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары; халық­аралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порт­тары; әуе қозғалысын басқару жүйе­сінің аэронавигациялық құ­рыл­ғылары; кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және оған кепіл­дік беретін құрыл­ғылар мен нави­гациялық белгілер; атом энергия­сын пайдаланатын объек­тілер; ғарыш саласының объек­тілері; су шаруашылығы құрылы­стары; ортақ пайдаланудағы авто­мобиль жолда­ры; сондай-ақ мен­шігінде страте­гиялық объек­тілер бар заңды тұлға­лар акция­ларының пакеттері (қатысу үлестері, пайла­ры), мен­шігінде стратегиялық объек­тілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешім­дерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкін­дігі бар заңды тұлғалар акция­ла­рының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) жатқызылуы мүмкін.

Стратегиялық объектілер Қа­зақ­­стан Республикасының заңна­ма­лық актілеріне сәйкес мем­ле­кеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.

3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықта­рымен ауыртпалық салу не оларды иелік­тен шығару Қазақстан Республи­касы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімі негізінде және Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен мүмкін болады.

4. Стратегиялық объектілер жеке меншікте болған жағдайда және оның меншік иесінің объек­тіні сату ниеті болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ оның шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдинг стратегиялық объектілерді на­рықтық құны бойынша сатып алудың басым құқықтарына ие болады.

Стратегиялық объектінің нарықтық құны бағалау қызметі тура­лы заңнамаға сәйкес айқын­далады.

Стратегиялық объектілерді са­тып алудың басым құқықтарын пай­далану тәртібін Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі айқын­дайды.

5. Егер стратегиялық объек­тінің меншік иесі осы баптың 3 және 4-тармақтарының талапта­рын бұзса, мұндай мәмілелер оларды жасаған сәтінен бастап жарамсыз деп таны­лады.

194-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар

Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.

02.03.98 ж. № 211; 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 195-бап өзгертілді

195-бап. Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары

1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:

1) жердi пайдалану құқығы;

2) шаруашылық жүргiзу құқығы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.

2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлікке басқа да заттық құқықты тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

Наши рекомендации