Семантикалық кестені толтыру.

1. Қазақ хандары.

Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті. +  
Ханның уәзірі болған жоқ   +
Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс +  
Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ   +

.2. Қазақ билері тобына:

Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
Би – әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам +  
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес   +
Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады +  
Би – жазалау құқығына ие болған жоқ   +

3. Қазақ батырлары тобына:

Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
Батырлар – халық жасағын басқарды +  
Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ   +
Батырлар – феодалдар тобына жатты +  
Батырлар хан алдында жауапты емес   +

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: параграф 13, оқу, мазмұндау.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______14_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан және Ресей. Қазақ-жоңғар соғысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларға қызықты болу үшін қазіргі басқару жүйесі мен қазаіргі басқару жүйесін салыстыру және өткен ғасырдағы төрелік айтумен таныстыру сонымен қатар қазақ батырларына тарихи тұрғыда баға беруге баулу;

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел оқу, патриоттық тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша ой-қозғау сұрақтарын қою.

1. Жоңғар мемлекеті туралы не білесің?

2. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылық жасауының басты себебі неде?

3. «Елім-ай» әнінің мағынасы туралы айт.

4. Бөгенбай батырдың қазақ жерін жоңғарлардан қорғауда қоскан үлесі жайлы не білесің?

5. Қабанбайдың шын аты кім? Оны неліктен «Нарбала», «Дарабоз» деп атаған?

6. Наурызбай, Баян, Малайсары, Бөгенбай батырлардың қандай ерліктерін білесіңдер?

7. Қазақтың қандай хандарын білесіңдер ? Хандық билік кімге беріліп отырған ?

8. Билер дегеніміз кімдер? Қазақ елінің қандай билерін білесіңдер?

9. Наурызбай, Баян, Малайсары, Бөгенбай батырлардың қандай ерліктерін білесіңдер?

Ой-қозғау сұрақтары арқылы үй тапсырмасын қорытындылап, жауаптарына бағалау жасап өту.

Үй тапсырмасын қорытындылауда ең алдымен жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы, елі мен жерін қорғаудағы батырлардың алатын орны, ерлігі жайында қысқаша ақпарат беру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.

2. Әбілкайыр хан.

III.Жаңа сабақ.

Сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын

а) Қазіргі Қазақстан мен Ресей арасында қандай байланыс бар?

ә) Ресей елі туралы не білесіңдер?

Бұл сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа тақырыпка дайындаймын. Аталған екі сұрақка өз ойларын айта алады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстың түп-тамыры тереңде жатқанын айтып жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Төмендегідей сұрақтарға тоқталамын.

1. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын мойындауының себептері.

2. Ресей бодандығын мойындау барысы.

3. Ресей империясының қазақ жерін біртіндеп отарлай бастауы.

Осы сұрақтар бойынша оқушыларға он минуттай уақыт түсінік беремін.

XVIII ғасырдың басында қазақ елінің жағдайы күрт қиындай түседі. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғар қоңтайшылары мен феодалдары қазақ жерін жиі шабуылдап ауыр зардап әкелді.

Осыдан кейін Ресей империясының Қазақ жерін отарлауына жол ашылады. Ең алдымен Ресей өкіметі қазақ жеріне қаптатып әскери бекіністерді тұрғыза бастайды. Мұндай бекіністер Жайық, Ертіс, Есіл езендерінің бойына көптеп салынады.

Осы жерде мысал келтіре кетуге болады.

Бекіністер: Орынбор, Семей, Өскемен, Кереку, Жәміш, Железин, Бұқтырма, Қызылжар, Орскт.б.

Қазақтар көптеген шұрайлы жерлерінен айырылады. Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауына қазақтардың мал жаюына тыйым салынады.

Картадан аталған өзендерді, бекіністерді көрсету керек.

Жоспар бойынша Әбілкайыр хан туралы түсіндіреді.

Білқайыр хан.

Шыңғысханның тұқымы, Кіші жүздің ханы, белгілі мемлекет қайраткері. Бір кездері жоңғарларға қарсы соғыста Қазақ әскерлерінің қолбасшысы болған. XVIII ғасырдың басындағы қазақ елінің қиын жағдайы, жоңғар шапқыншылығы, билік үшін күрес Әбілкайыр ханды Ресей еліне сенім артуына итермелейді. Әбілкайыр қазақ тарихындағы белгілі қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы алғаш өзінің төл теңгесін шығарғанда 50 теңгелік банкноттың бетіне Әбілқайыр ханның суретін салады.

Наши рекомендации