СӨЖ тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.
Баяндама 3-4 беттен аспауы қажет, Times New Roman 14 қарпі, интервал 1. Міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспар
сөж № | Тапсырманың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру мерзімі | Бақылау формасы |
1. | 1. №1 есепті шығару | 4-апта | Есеп | |
2. Логистика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі | баяндама | |||
1. № 2 есепті шығару | 7-апта | есеп | ||
2. ҚР логистикалық сервистің даму болашағы | баяндама | |||
1. № 3 есепті шығару | 11-апта | Есеп | ||
2. ҚР автомобиль, темір жол, су және әуе көлігінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері | баяндама | |||
1. № 4 есеп шығару | 14-апта | Есеп | ||
2. Қазақстан экономикасы үшін логистика «танылмаған материк» ретінде | баяндама | |||
Барлығы |
СӨЖ материалдары
Есеп
А, Б, С және Д жабдықтаушыларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылды: баға кварталында (0,2), жабдықтау сенімділігі (0,4), сапа (0,3), төлеу шарттары (0,1). Жақшада критерийлердің үлес салмағы көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау мына кестеде көрсетілген:
Таңдау критерийлері | Берілген критерийлер бойынша жабдықтаушыларды бағалау | |||
А | Б | В | С | |
Баға | ||||
Жабдықтау сенімділігі | ||||
Сапа | ||||
Төлем шарттары |
Тапсырма: 4 жабдықтаушының ішінен ең оңтайлысын анықтау
Есеп
Берілген 4 дәрі-дәрмек жабықтаушыларының ең тиімдісін таңдау
Таңдау критерийлері | Критерийлердің үлес салмағы | Жабдықтаушылар | |||
Баға | 0,25 | ||||
Жабдықтау сенімділігі | 0,20 | ||||
Емдік қасиеттері | 0,20 | ||||
Сапа | 0,30 | ||||
Қаржылық жағдайы | 0,05 |
Тапсырма: 4 жабдықтаушының ішінен ең оңтайлысын анықтау
Есеп
Берілген ұялы байланыс компанияларының ең тиімдісін анықтау
Таңдау критерийлері | Критерийлердің үлес салмағы | Критерийлерді бағалау | ||
Beeline | Activ | K’cell | ||
Баға | 0,40 | |||
Қызмет сапасы | 0,30 | |||
Қаржылық жағдайы | 0,15 | |||
Қосымша қызметтер | 0,10 | |||
Қамту кеңдігі | 0,05 |
Тапсырма: 3 жабдықтаушының ішінен ең оңтайлысын анықтау
Есеп
Жабдықтаушы 3 тонна жүкті тиеді, вагонның жүк көтерімі 60 тонна. Тапсырма: Вагонды пайдалану коэффициентін табыңыз
Баяндамалар тақырыбы
1. Қазіргі кездегі нарық және логистика
2. ҚР транспорттық жүйе
3. Тасылмадау кәсіпорынның логистикасы
4. Өндірістік кәсіпорын логистикасы
5. Айналым сферасындағы логистиканы қолдану тиімділігі
6. Макрологистикалық жүйеде қаржы ағымдарын банктік реттеу
7. Алматы облысы бойынша сауда торларын логистикалық жүйеде тарату
8. Логистикадағы қорлар
9. Логистиканың дамуының теориялық негіздері
10. Халықаралық экономикалық қатынастар деңгейіндегі логистика
Глоссарий
Ақпарат жүйесі (ағылш. information system; орыс. информационнная система) — қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге жөне беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.
Ассортимент (фр. assortiment) – белгілі-бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді. Өндірістік ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен (кәсіпорын ассортименті) немесе белгілі бір өндіріс саласында (сала ассортименті) шығарылатын бұйымдарды біріктіреді. Саудалық ассортимент — көтерме немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын ассортиментіне (дүкен, база) және тауарлық топ ассортиментіне (кондитерлік, сүт, ет және т.б. тауарлар) бөлінеді.
Брокер (ағылш.broker)- қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында
тауар, валюта, құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма). Қандай жұмыспен айналысатынына, кімнің өкілі екеніне қарамастан, брокер әрдайым тек заңға сай, нақты іс-қимыл жасайды.
Брокердіңмақсаты — мол табыс табу болғанымен, ол өзінің делдалдық етуімен қабылданған келісім бойынша нақты тапсырмалар ғана алады. Брокер өкіл емес, белгілі бір жақтың шарттық келісімдеріне араласпайды, жеке келісім-шарт жасасуға арнайы берілген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етеді. Брокер - қор және тауар биржаларында, валюта, сақтандыру және жүк таситын кеме жалдау рыноктарында тауар сатушылар мен сатып алушылардың (сақтандырушы мен сақтандырылушының, кеме иесі мен кеме жалдаушының) арасындағы сауда делдалдары. Өзінің қызметі үшін делдал келісімге сәйкес ақы (брокеридж) алады,оның мөлшері тауар операциялары кезінде келісім-шартта көрсетілген соманың 0,25%-нан 2-3%-на дейін жетеді. Делдалдың агенттен айырмашылығы - ол тауар сатып алушымен және сатушылармен ұзақ сауда қарым-қатынасында болмайды, жеке тапсырыстар бойынша қызмет көрсетеді. қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін филиалдарының желісі кең және банкілермен тығыз байланыс орнатқан ірі делдал фирмалар жүзеге асырады.
Варрант– тауарлық түбіртек, қойма куәлігі, тауарларды сақтауға алған базалар.
Дайын өнім - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді.
Демередж (ағылш. demurrage; нем. Uherliegegeld;) Кеменің жолда кідіруі немесе кеме жайда шартта келісілген уакыттан көп тұрып қалуы кезінде, жүк иесінін (фрахтователь) кеме иесіне төлейтін тұрақсыздық айыбы.[1] Демередждiң теңiздегi контейнерлiк тасымалдауларында - оның порттың аумағынан жүкпен шығарылымның контейнердiң түсiруi сәтінен кемеден дейiн уақыттың бойысындағы (тегiн уақыттан артық) нормативтен тыс қолдану контейнерлiк жабдықтарында төлеу. Әдеттегiдей контейнердiң иесiне кеме жүретiн сызық есептеседi.
Диверсификация - әр түрлілік, өзгеріс; бұрын арнайы маманданған фирмалардың басқа өндіріс салаларына, қызмет саласына көшуімен байланысты капитал шоғырлануы формасы.
Дилер (ағылш. dealer – саудагер‚ сатарман) – бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Ол лицензия бойынша дилерлік қызметті жүзеге асырады; тауарларды‚ бағалы қағаздарды‚валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Делдалдан өзгеше түрде олар‚ әдетте‚ өз атынан және өзінің есебінен әрекет етеді. Дилер делдалдық фирмалардың‚ инвестициялық банкілердің‚ сақтандыру компанияларының қызметшілері емес. Олар арнаулы дайындықтан өтуге‚ емтихан тапсырып‚ жұмысқа ресми лицензия алуға тиіс. Дилер бір-бірімен‚ делдалдармен және тікелей тапсырыскерлермен мәміле жасасады‚ олардың пайдасы сатушы мен сатып алушы бағамдарындағы айырма‚ сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздар бағамының өзгеруі есебінен құралады.
Жүк – 1) көлікпен тасымалданатын заттардың (тауарлардың, еңбек құралдарының, т.б.) жалпылама атауы. Тасымалға Жүк өткізуші және Жүк құжатында жөнелтуші ретінде көрсетілген ұйымды, тұлғаны Жүк жөнелтуші, ал Жүк жөнелтушінің көрсетуімен Жүк берілуге тиіс ұйымды, тұлғаны Жүк алушы деп атайды; 2) акциялардың сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырма. Ашық тұрпатты инвестициялық қорлары бар инвестициялық компания акцияларының болжалды бағасының негізгі құрал-жабдық бағасынан тыс бөлігі. Сатудан түскен комиссиялық алымды және бөлу тәртібімен есептелген басқа да барлық шығындарды қамтиды. Әдетте, бұл айырма акцияларды сату кезінде емес‚ сатып алу кезінде ғана есептеледі; 3) дәстүрлі қазақ қоғамында көші-қон кезінде көлікке артылатын үй мүліктерін де “Жүк” деп атаған.
Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Коносамент әсіресе сыртқы саудада кең тараған. Жүк тасушы оны жөнелтушіге жүк тасуға қабылданғаннан кейін береді. Экспорт және импорт тауарларын тасуда коносамент үш міндет атқарады: жүк жөнелтуші мен оны тасушы арасында шарт жасалғанын куәландырады; жүк тасушының оны қабылдап алғанын растайды; тауар жөнінде (коносаментте көрсетілген жүктің сатылуы, аманатқа берілуі және т.б. мүмкін) жарлықтар беруге мүмкіндік беретін құжат болып табылады.