Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Бұл оқу курсының оқыту пәні істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға конституциямен бекітілген шешім сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары маманданған деңгейде қолдануды, соттардың қатесіз және жүйеленген жұмысын, сот беделінің бұлжымастығын мойындауды талап етеді.

Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сот процесінің жарыспалығын, тараптардың тең құқықтылығын бекітуге, дәлелдемелер жинауды тараптарға жүктеу арқылы сотты бұл міндеттен босатуға, соттың қоғамда заңдылық принципінің әрекет етуінің кепілі ретінде болуына бағытталған болатын.

Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түпкілікті өзгерістер болды. Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғауда, еңбектік және басқа да дауларды шешуде, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруда, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде тиімді құрал болуы тиіс. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.

Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың және заң саласының басқа қызметкерлерінің жұмысында біліктілікті талап етеді.

Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын, азаматтық қоғам мен мемлекетті қазіргі заманғы құрылымын түсінетін маман-заңгерлердің (жоғары кәсіби заң біліміне ие тұлғалардың) білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.

Пәнді оқудың мақсаты студенттердің азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттық сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекшелігі, соттың және азаматтық сот ісін жүргізу қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

Бұл курсты оқудың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.

Студенттер судья, прокурор, адвокат ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, іс жүргізу құжаттарын (талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.

Азаматтық іс жүргізу құқығын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласы, сондай-ақ бірқатар салалық пәндер бойынша бұрын алған құқықтық білімдердің кешеніне сүйеніп оқу қажет.

Осы курсты конституциялық, азаматтық, экологиялық, еңбек, әкімшілік, қаржылық құқық тәрізді пәндерді білмейінше меңгеру мүмкін емес, өйткені аталған пәндер шеңберінде мемлекеттік басқару органдарының жүйесі туралы, субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау тәсілдері, материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектілері, материалдық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы мәселелер оқытылады.

Аталған алуан түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын құқық және заңды мүдде туралы даулар сотта азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қараудың және шешудің пәні болып табылады. Сондықтан азаматтық-іс жүргізушілік қызметті меңгеру сәйкес материалдық құқық салалары бойынша білімдермен тығыз байланысты.

Құқықтың екі іс жүргізушілік салалары: азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының арасындағы өзара байланысты атап өту қажет. Екеуінде де арнайы мемлекеттік орган - соттың қызметі арқылы сот төрелігінің жүзеге асырылуының заңмен реттелуі жөнінде айтылып отыр. Бұл мән-жай аталған құқық салаларының ортақ белгісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірдей болып табылатын сот төрелігінің конституциялық принциптеріне негізделген. Құқықтың екі саласында да сот ісін жүргізу саласындағы қатынастарды реттейтін ұқсас институттар бар. Дегенмен, азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының арасындағы айырмашылықтардың көптігі соншалық, оларды ортақ сот құқығына біріктіруге мүмкіндік бермейді. Бұл айырмашылықтар азаматтық және қылмыстық процестердегі сот қарауының және шешуінің пәнінен шығады.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы жағдайында азаматтық сот ісін жүргізудің мәні мен ролі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұл бөлігінде ҚР Президентінің 1994 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы негізгі бағыттары) іске асырылды деп айтуға болады. Сот ісін жүргізу “жалпы халықтық” меншікті қорғау құралы ролін атқаруды тоқтатып, мемлекеттік азаматтық даудағы тең құқылы тараптарға көрсететін қызметіне айналады. Азаматтық процесс біртіндеп азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді құралына айналуда. Бұған соттарды ұйымдастыру және сот ісін жүргізу туралы жаңа заңнамалық базаның құрылуы ықпал етті. Азаматтық іс жүргізу құқығы саласы құқықтық мемлекет идеясын көрсететін және қоғамның әрі қарай демократиялануы талаптарына сай келетін жаңа бастама ережелерге негізделеді.

Пәнді оқудың нысанасы азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарда, соттың заңды күшіне енген актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша іс жүргізумен, сондай-ақ сот актілерін және өзге органдардың актілерін орындаумен байланысты пайда болады. Сонымен бірге, оқу пәні болып азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының зерттеу объектісі болып мыналар табылады: құқық саласы ретіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы, оның нормалары мен институттары, сондай-ақ іс жүргізу нормаларын қолдану тәжірибесі; азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының және заңнаманың даму тарихы; шет елдердің азаматтық іс жүргізу құқығының және заңнамасының тарихы мен теориясы.

Құқықтық құбылыстарды танудың тиімді әдісі ретінде салыстыру болады. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының, әсіресе теориялық сипаттағы, мысалы, азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері, іс жүргізушілік құқықтық қатынастар, іске қатысушы тұлғалар, ведомстволық бағыныстылық, талап, дәлелдеу және дәлелдемелер, сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу сияқты жекелеген проблемаларын оқу кезінде әртүрлі оқулықтардың атаулары бірдей тарауларындағы оқу материалдарын салыстырса дұрыс болар еді.

Оқу материалдарын салыстыру және талдау құқықтық көзқарастардың қалыптасуына ықпал етеді және азаматтық іс жүргізу құқығының проблемалық мәселелері бойынша әртүрлі пікірлерді дербес бағалау қабілетін дамытады.

Аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары

1) Криминологияның түсінігі. Криминологияның пәні. Криминология ғылымының пәні.

2) Қылмыстылық. Қылмыстылық себептері.

3) Қылмыс жасаған адам.

4) Қылмыстылықтан сақтандыру.

5) Қылмыстың құрбаны.

6) Криминология курсының жүйелері.

7) Криминологияның Ерекше бөлімін криминологиялық топтастыру. Заң ғылымдары жүйесіндегі криминологияның орны. Криминология және қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу құқығы. Криминологияның социологиямен,психиологиямен, педагогикамен, статистикамен және басқадай қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен арақатынасы.

8) Криминологиялық әдістеме, әдіс және негізгі ұғымдар. Криминологиялық ақпарат жинаудың әдістері: бақылау, сауал, құжаттарды талдау, эксперемент. Анкеталық әдіс және анкеталардың түрлері.

9) Қылмыстық істерді оқу. Криминологиялық зерттеу бағдарламаларының түсінігі, құрлысы. Криминологиялық зерттеудің бағдарламасының құрылысы.

10) Қылмыстылықтың түсінігі және оның белгілері.

11) Қылмыстылық негізгі сапалық-сандық көрсеткіштері: жағдайы (деңгейі), қылмыстылықтың құрылымы, қылмыстылықтың динамикасы (қозғалысы).

12) Латенті (жасырын) қылмыстылықтың түсінігі және оның түрлері.

13) Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.

14) Қазіргі кезеңдегі қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және қозғалысына тән белгілер.

15) Криминологиядағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі. Қылмыстылықтық себептері мен жағдайларына топтастыру.

16) Экономикалық қатынас және қылмыстылық. Әлеуметтік қатынас және қылмыстылық. Саяси мүдделер және қылмыстық.

17) Қоғамның ізгілік жағдайы және қылмыстылық. Қылмыстық жасалуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар.

18) Криминологиядағы қылмыскердің тұлғасының түсінігі, оны оқып-үйренудің мәні және міндеттері. Қылмыскердің тұлғасындағы биологиялық және әлуметтіктің арақатынасы.

19) Қылмыскер тұлғасын оқшауландыратын белгілер. Қылмыскер тұлғасының құрылысы (демографиялық, жыныстық, жасы, ұлты), әлуметтік ролі - (кәсібі, азаматтық, отбасылық т.б.жағдайлары), құқылық - (соталғандық атауының болуы, қылмысты қауіпті, аса қауіпті қайталау), ізгілік – психиологиялық - (қылмыстық құқықтық тыйым салынғандарды сақтауға, дінге көзқарасы және т.б.), басқадай мәнді біртектес топтық қасиеттері және қатынастары.

20) Қылмыстылықтан сақтандырудың түсінігі. Қылмыстылықтан сақтандыру теориясы, пайда болуы, пәні және құрылымы.

21) Қылмыстылықпен күрес шараларының жүйелері. Қылмыстылықтан сақтандыру субьектілерінің жүйелері.

22) Қылмыстылықпен күрес бағдарламасының түрлері. Сақтандыру шараларын топтастыру.

23) Қылмыстылыққа қарсы күрестегі экономикалық, саяси, құқықтық, психиологиялық шаралар. Қылмыстылықпен күрестегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар.

24) Қылмыстылыққа қарсы күресудегі криминологиялық болжам. Криминологиялық болжамның түрлері.

25) Қайталанған (рецидивті) қылмыстылықтың түсінігі және оның түрлері: қайталанған қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және динамикасы.

26) Қылмысты қайталанушылардың криминологиялық сипаттамасы.

27) Қайталанған қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары. Қайталанған қылмыстылықтан сақтандыру.

28) Кәсіптік қылмыстылықтың түсінігі және оның сипаттамасы.

29) Кәсіптік қылмыстылықтың белгілері. Кәсіптік қылмыстылықты тудырытын себептер мен жағдайлар. Кәсіптік қылмыстылықтан сақтандыру.

30) Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі. Ұйымдасқан қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы және динамикасы.

31) Ұйымдасқан қылмыстылық құрылымдардың түрлері – (жай ұйымдасқан топ, ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық. Ұйымдасқан қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі, тенденциясы және өрістеу болжамы.Қылмысты қауымдастыққа қатысушылардың тұлғасының криминологиялық сипаттамасы. Ұйымдасқан қылмыстылықтан сақтандыру шаралары.

32) Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, оның жағдайы, құрылымы және динамикасы.

33) Кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы.

34) Кәмелетке толмағандардың қылмысының себептері мен жағдайлары. Кәмелетке толмағандардың қылмысын сақтандырудың негізгі нысандары мен әдістері.

35) Әйелдер қылмыстылығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

36) Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, құрылысы және динамикасы. Әйелдер қылмыстылығының тенденциясы. Әйелдер қылмыстылығының сақтандыру шаралары.

37) Қазақстан Республикасы бойынша экономика саласындағы қылмыстылыққа криминологиялық сипаттама.

38) Экономика саласындағы қылмыстардың түрлері және оның жағдайы, құрылысы және динамикасы. Экономика саласындағы қылмыс істегендердің криминологиялық сипаттамасы.

39) Экономика саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Экономика саласындағы қылмыстардан сақтандыру.

40) Зорлық қылмыстарының және бұзақылық қылмыстарының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

41) Зорлық қылмыстарының және бұзақылықтың жағдайы, құрылымы динамикасы. Зорлық қылмыстары мен бұзақылықты жасайтын адамдардың криминологиялық сипаттамасы.

42) Зорлық қылмыстарының және бұзақылықтың себептері мен жағдайлары. Зорлық қылмыстары мен бұзақылықтан сақтандыру.

43) Өзіндік меншігіне қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарының криминалогиялық сипаттамасы.

44) Қылмыскерлердің тұлғасына сипаттама. Меншікке қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік – зорлық қылмыстарының себептері мен жағдайлары.

45) Өзіндік меншікке қарсы пайдакүнемдік және пайдакүнемдік- зорлық қылмыстарынан сақтандыру.

46) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды криминологиялық сипаттамасы.

47) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға кінәлі тұлғалардың ерекшеліктері, олардың демографиялық, психологиялық, адамгершілік және басқа мінездемелері. Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың детерминация спецификасы және себептілік.

48) Сыбайлас жемқорлықпен күресу ерекшеліктері.

49) Мемлекеттік өкімет саласындағы қылмыстылық түсінігі және оның криминологиялық сипаттамасы.

50) Бұзақылық тұлғалардың мінездемесі және олардың санаттауы. Бұзақылықтың арасындағы рецидивтің ерекшелігі. Бұзақылықтың қылмыстардың басқа түрлеріне әсері.

51) Бұзақылықтың себептері, оларды жасауға итермелейтін шарттары және жағдайлар. Бұзақылықтың жағдайы мен динамикасына мастық және ішімділіктің әсері. Бұзақылық психологияның ерекшеліктері.

Емтихан сұрақтары:

1. Нормативтік құқықтық акт, белгілері

2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

3. Салық құқығы құқық жүйесінде заңның жетекші орны

4. Құқық және заң

5. Заң түрлері

6. Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер

7. Нормативтік актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі

8. Құқықшығармашылық және оны негіздейтін факторлар

9. Заңнаманы жүйелеу түсінігі, түрлері

10. Инкорпораци, кодификация, консолидацияның ерекшеліктері

11. Заңдық техника

12. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі

13. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісіне сипаттама

14. Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде

15. Құқықтық қатынастың субьектілері

16. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі

17. Субьективтік құқық пен заңды міндеттердің мазмұны және құрылымы

18. Заңды дерек, түсінігі және түрлері

19. Құқықты іске асыру

20. Құқықты іске асыру мен құқықтық реттеудің арақатынасы

21. Құқықтық нормаларды қолдану

22. Құқық қолдану актілері

23. Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру

24. Құқықтағы ақтандықтар, оларды орнын толтыру тәсілдері

25. Құқыққа сай мінез мінез құлық

26. Құқыққа қайшы мінез құлық

27. Заңды жауапкершілік

28. Құқықбұзушылық түсінігі, түрлері

29. Заңдылық және құқықтық тәртіп

30. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

31. Құқықтық нигилизм

32. Құқық және тұлға

№ п | Дәрісханалардың атысы № дәрісхананың
  Кеден іс кабинеті 314,412
  Маркетингі кабинеті 317,412

Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры

№ п | Қор атысы КТПтан жұмыс тақырыбы Сақтаушы ( ) Порталда Интернет қорларына сілтеменің
  Кейстер   +    
  Слайдтар   +    
  Сөз жұмбақтар   +    
  Видеоролики   +    
  Викторина   +    
  Ойынның   +    
  Аудиорилики        
  Электрондық қорлар   +    

Наши рекомендации