Пәннің қысқаша мазмұны. «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР және ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

«Тілдік пәндер» кафедрасы

Мамандығы:«5В072900 – Құрылыс»

«Кәсіби қазақ тілі»

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Ақтау 2014

  1. Оқу пәнінің сипаттамасы

Бұл пән студенттің мамандығына қатысты кәсіби лексикасын қалыптастыруға, оны дамытуға бағытталған. Пәнді оқу арқылы студенттер «Қазақ тілі» пәнінен алған теориялық білімдерін әрі қарай жалғастырып, тереңдетеді және қазақ тілінің грамматикасын жүйелі түрде меңгеріп шығады. Келесі курста өтілетін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнін толық әрі мәнді игеруге, қазақ тілінде іс қағаздарды талдап, сауатты толтырып, құрастыруға мүмкіндік алады. Қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде меңгеруге, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыруға, қазақ тілінде сөз байлығын кеңейтуге, қазақ елінің тарихы және мәдениетімен танысуға үлес қосады.

Пәнді оқып меңгеруге барлығы 90 академиялық сағат көлемі есептелген. Оның ішінде аудиториялық сабақ – 30 сағат, студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 6 сағат, студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – 54 сағат.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:Курс барысында жаңа лексикалық материалдармен қатар, практикалық мақсатта негізінен қазақ тілі грамматикасының синтаксис бөлімі, орфографиясы оқытылып, қажет болған жағдайда грамматиканың өзге де бөлімдеріне қатысты лингвистикалық түсініктемелер беріледі және олар қайталанып пысықталады. Пәннің мақсаты – үйренушіге қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде еркін меңгерту, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыру, мамандыққа сәйкес білімді игеріп, ой-өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгерту, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшелігіне мән беріп, құрметтеуге бағыттау.

Студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

Беріліп отырған курсты жоғары деңгейде меңгеру үшін студенттер аралық бақылаулардан «қанағаттанарлық» бағасынан төмен түсіп кетпеуі керек.

Пәннің қысқаша мазмұны

Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік. Кәсіби тілді дамытудың тетіктері мен бағыттары. Сәулет өнері. Кәсіби сөйлеу лексикасының негізгі бөліктері: жалпы қолданылатын сөздер, жалпы кәсіби және терминологиялық лексика. Құрылыс материалдары. Мамандық бойынша неологизмдер және олардың қолданысы. Қазақтардың ежелгі баспанасы - киіз үй. Қазақ тіліндегі стиль түрлері, сала тіліндегі қолданысы. Публицистикалық стиль және оның жанрлары, кәсіби саладағы қолданысы. Ағашқа ою салу өнерi. Домбыраның құрылысы. Қазақ тіліндегі ресми стиль, жанрлары, тілдік-стильдік белгілері. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Қазақстанның жер бедері. Геодезия ғылымы туралы. Ғылыми мақалаларға пікір жазу. Ғылыми мәтін аннотациясы. Ғылыми деректерді салғастыру. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе? Қазақстандағы құрылыс. Ғылыми мақалаларға пікір жазу. Ғылыми мәтін аннотациясы. Ғылыми деректерді салғастыру. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе? Қазақстандағы құрылыс Ғылыми мақалаларға пікір жазу. Ғылыми мәтін аннотациясы. Ғылыми деректерді салғастыру. Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе? Лексикография: аударма, түсіндірме, терминологиялық сөздіктер. Қазақ архитектурасы. Қазақ архитектурасының даму тарихы. Қазақ тіліндегі ғылыми стиль және оның ерекшеліктері. ҒС лексикасы. Қ.А.Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі. Қолданыс аясы. Оғыландыдағы Бекет Ата кесенесі. Шегесіз салынған мешіт. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Норман Фостер - сәулетші. Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі, қолданыс аясы. Мысыр пирамидаларының сыры. Пирамидадағы пәктік пен парасат. Қазақ тіліндегі әдеби тілдің нормасы. Мүсін өнері. Интерьер. Пунктуациялық емле ережелер. Ұлы Қытай қорғаны. Орфография ережелері. Тәж Махал -махаббаттың символы. Орфоэпиялық заңдылықтардың қолданылу аясы. Әлемдегі ең қауіпті көпірлер

Наши рекомендации