Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

Балалардағы бронхиалды астма ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы

Тақырып өзектілігі

Қазіргі таңда әлемде бронхиалды астмамен 300 млн адам ауырады,бұл сан 2025 жылға дейін 100 млн тағы қосылуы мүмкін деген болжам бар.Бронхиалды астманың таралуы әр елде 1 ден 18% ға дейін өсіп жатыр.Мысалы:Ресейде 3,4 % дан 10,6 % ға артқан.Бронхиалды астма адамдардың орта өмір сүру уақыттын қысқартады:әйелдерде:13,5 жас,ерлерде:6,6 жасқа.Және 1,5% адам осы ауру салдарынан мүгедектікке шалдығады.Сонымен қатар әлемде 250млн адам осы ауру салдарынан қайтыс болады. Қазақстанда осы аурумен ауыратын адамдар саны соңғы 5 жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға өскен.Ал біздің облыс бойынша астмамен ауыратын 0-14 жас аралығындағы балалар арасында 100000 адамға шаққандағы көрсеткіштер:2011 жылы 50,1 пайыз болса 2012 жылы 61,9 пайыз болған.

2003-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы бойынша 65892 бронхиалды астмамен тіркелді.Олардың ішінде 20967 -15 жасқа дейінгі балалар,3892-(15-17жас аралығындағы)жасөспірімдер және 40359-ересектер.

2003-2012 жылдары тіркелген науқастардың облыстарының кестесі

Облыс\қала Барлығы  
Саны % балалар жасөспірімдер ересектер
           
Атырау 2,2 2,0 1,7 2,4
БҚО 2,3 2,7 2,3 2,2
Маңғыстау 3,2 2,4 4,2 3,4
Қызылорда 3,3 3,2 2,2 3,4
Павлодар 4,2 5,2 6,1 3,5
СҚО 4,3 5,6 4,2 3,6
Жамбыл 4,4 3,6 2,3 5,1
Ақтөбе 4,7 3,9 5,0 5,0
Қостанай 5,7 6,5 6,4 5,3
Астана 6,4 6,5 3,0 6,6
Қарағанды 6,7 6,0 8,2 6,9
ШҚО 7,3 5,4 8,6 8,1
Ақмола 8,3 9,9 7,8 7,5
Алматы 9,2 14,4 10,9 6,3
ОҚО 9,6 8,7 12,1 9,8
Республика 100,0 100,0 100,0 100,0
                 
                       

Көріп отқанымыздай бронхиальды астмамен ауыратын адамдар саны дүние жүзі бойынша да,Қазақстан бойынша да жыл сайын артып келе жатыр.Бронхиальды астма әсерінен адамдар инвалидтікке ұшырап,мемлекетке экономикалық шығын әкелуде.Сондықтан бұл кеселдің алдын-алу шараларын күшейту қажет.Осы тақырыпты таңдаған себебім:неліктен бұл ауру жыл сайын көбейіп жатқанын зерттеп,қандай жолмен алдын-алуға болатындығын анықтау.

Ақпарат көзі:(http://ssmu.kz)


Зерттеудің мақсаты:

Бронх демікпесі әлемдік көлемдегі проблема.Бүкіл әлемде 300млн адамдай бронх демікпесімен ауырады. Бұл ауру кез келген жаста кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5%, ал балалардың 30% жуығы осы дерттен зардап шегеді. Мақсатым осы аурумен ауыратын балалар санын азайту үшін халықтың сауаттылығын көтеру шараларын ойлап табу.Яғни балалар мультфильдерді қызығып көретін болғандықтан,бронхиальды астма туралы:оның қандай ауру екендігін,қандай белгілері бар,оның алдын-алу шаралары туралы мультфильм шығару.Осы мультфильм қаншалықты деңгеде осы аурудың алдын-алуға септігін тигізіп жатқандығын бақылап отыру.

Зерттеудің міндеті:

-Әдебиеттер оқу;

-Әдіс таңдау,сипаттама беру;

-Зерттеу жүргізу объектісі

-Анализдеу

-Зерттеу қорытындысы

-Ақпарат көздері

Теориялық негізі

Жоспар:

Кіріспе

Тыныс алу жүйесінің балалардағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Негізгі бөлім

І.Бронхиальды астманың анықтамасы,жіктемесі

ІІ.Этиологиясы

ІІІ.Балалардағы клиникалық белгілердің ерекшелігі

ІV.Диагностикасы

V.Бронхиальды астмамен ауыратын науқастарды ауруды бақылауда ұстауға үйрету

Орытынды

Балалардағы бронхиальды астманың алдын алудағы мейірбике рөлі

Тыныс алу жүйесінің балалардағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді. Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына, cavium nasi,түседі. Әрбір бөлікте қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.

Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Ерте жастағы балаларда мұрын кіреберістері тар, раковиналары жуан, төменгі мұрын кіреберісі 4 жасқа таман қалпына келеді. Шырышты қабаты нәзік, сондықтан ринит кезінде кішкене ісік пайда болса бірден тыныс алуды тарылтады, ол баланы емізуге бөгет жасайды. Шырыш асты қабатта кавернозды (қуысты) тіннің толық жетілмеуі кішкентай балаларда жиі мұрыннан қан ағудың себебі болады. Қуысты тін 8-9 жасқа толғанда дамиды. Бұл жастағы балаларда мұрыннан қан ағу оңай әрі тез болады, себебі шырышты қабаты нәзік, ол тез жараланады және қанмен қамтамасыз етілуі жақсы.+ Мұрын қойнаулары туылған уақытта толық дамымайды. Жақ үстілік (гайморлық ) , этмойдальды және сыналы қойнаулар толық түзілген, бірақ олардың көлемдері өте кішкентай. Маңдайлық қуыс болмайды. Бұлар ерте жастағы балалрда синуситтердің сирек болуымен ерекшеленеді. Қойнаулардың толық қалыптасуы 15 жасқа таман болады.

Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей- мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.

Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы таралып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.

Балалардың өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді. Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта – екі бөлік (жоғары және төмен). Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей: алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта – жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді ); оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін; артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см3, 1 жаста - 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста - 140 см3, ересек адамда - 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста - 210 см3, 13 жаста - 707 см3, 20-25 жаста - 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда - 10-12 см.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Наши рекомендации