Оңтүстік – Шығыс Қазақстан экономикасы

Бұл экономикалық ауданы құрамына Алматы облысы кіреді. Өңір жерінің көлемі 224 мың шаршы км., халқының саны 2849 мың адам; оның 59% қала тұрғындары. Облыстың жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 1274 км., ал асфальтталған автомобиль жолының ұзындығы – 9400 км. Аймақтың шаруашылық келбеті машина жасау, түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің даму нәтижесінде қалыптысқан. Қазақстанның оңтүстік – шығысында республика негізгі қорының 13% астамы шоғырланған.

Бұл жақта Алматы және Талдықорған өнеркәсіп аудандары қалыптасқан. Алматы өнеркәсіп ауданының тынысы кең. Қазақстанның Оңтүстік астанасы Алматы қаласы – республиканың ірі өнеркәсіп орталығы. Бұл орталықтың халық шаруашылық кешенінде машина жасау, металл, ағаш өңдейтін, жеңіл, тамақ, полиграфия өнеркәсіптері және құрылыс бұйымдар өндірісі маңызды орын алады.

Талдықорған ауданында тау – кен рудасы және аграрлық өнеркәсіп кешендері даму алған. Біріншісі Текелі кен орнынан шығатын полиметалл рудасы, байыту негізінде құрылған Қазқорғасын ӨБ қамтиды. Бұл бірлестіктің шикізаттары Шымкент қорғасын комбинатына жеткізіледі.

Нұрғалиев Қ. Р.

“Қазақстан экономикасы”, Алматы, 1999 ж.

Тапсырма:

1-тапсырма. Батыс Қазақстан экономикасы туралы әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Газет материалымен жұмыс істеңіз:

- мақала қай газетте жарияланған, авторы кім?

- мақаладағы мәселе экономикаға қатысты болсын

- мақаланың аты көтерілген мәселе мен мазмұнын қамти ма?

- тақырыбы сай ма? Басқаша ат қою керек пе?

- мәтіндегі іс, дерек, құбылыс сіздің көңіл-күйіңізге қандай әсер етті?

- текстен автордың осы мәселені қалай бағалап отырғаны көріне ме?

- Газет мәтінінің мазмұнын (фрагментін) әңгімелеп беріңіз.

Экономика. Экономиканың негізгі элементтері

Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.

Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.

«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.

А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады.

Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген.

Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.

Экономикалық ғылым — білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру.

Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.

Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы.

Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:

Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.

Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.

Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі – үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т.б. қарастырылады.

Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттеледі. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т.б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздықты реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.

Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.

Біріншіден, экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес өнімдерді қоғам мүшелерінің пайдалануын зерттейді.

Екінші: саяси экономияның зерттейтін объектісі — шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.

Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын, экономикалық процесс пен құбылыстың негізін қарастырады

Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдар­дың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материал­дық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.

Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыс­сыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.

Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с.

Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.

Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.

Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.

Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.

Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады?

Бұл – экономикалық ұғым ретінде қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономика­лық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілер­ді топтастырып, жинақтап қорыту қажет. Бұл индуктивті әдіс, яғни жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.

Наши рекомендации