Валюталық операциялар және олардың сипаты
Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. ҚР аумағында валюталық операцияларды өкілетті банктер мен банктік резиденттер де, емес қаржы ұйымдары арқылы резиденттер еместер де, сондай-ақ олардың айырбас пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Осы аталған ҚР мекемелерінсіз шетелдік валюталарды сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынған.
Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:
1) объектісі бойынша:- шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар;- шетелдік валютадағы бағалы қағаздармен;- қымбат бағалы металдармен және тастармен;
2) субъектісі бойынша:- жеке және заңды тұлғалардың операциялары;- мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық және муниципалды құрылымдардың операциялары;- шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың операциялары;
3) жүзеге асырудың режимі бойынша:- әмбебап операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болмайды;- жекеленген операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болады;
4) жүзеге асырудың аумағы бойынша:- ішкі;- шетелдік;
5) валюталық операцияларды жүргізудің құқықтық қатынас түрлері бойынша:- қаржылық-құқықтық – салықтық төлемдерді өтеуге аудару;- әкімшілік-құқықтық – айыппұлды шетелдік валютада төлеу;- азаматтық-құқықтық – көлікпен тасымалдауды ұйымдастырып беруші резиденттің пайдасына аударылатын, аударылым келісім-шарты негізіндегі импорттаушы резиденттің валюталық төлемі;- халықаралық жеке-құқықтық – экспорттық-импорттық сыртқы сауда келісім-шарты бойынша резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлейтін валюталық төлемі;- халықаралық жариялы-құқықтық – халықаралық ұйымдардың пайдасына аударылатын валюталық аударым.
Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:
1) меншік құқығының және басқа құқықтардың валюталық құндылыққа өтуімен байланысты операциялар;
2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен ҚР-на әкелу және салып жіберу, ҚР-нан әкету және салып жіберу. Валюталық құндылық – бұл номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары (атаулы құны) шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.
ҚР “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес валюталық операциялар екі санатқа бөлінеді:- ағымдағы операциялар;капитал қозғалысымен байланысты операциялар.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:- төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес мерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;- несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ішінде алу;- салым ақша, инвестиция, қарыз және басқа операциялар бойынша дивидендті, сыйақыны, басқадай табысты аудару және алу;- гранттарды, мұра сомасының аударымын, еңбекақыны, зейнетақыны, алиментті және т.б. қоса алғанда саудалық сипаты жоқ аударымдар.
Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға мыналар жатады:- инвестицияны жүзеге асыру;- интеллектуалдық меншіктің объектісіне айрықша құқықты толық беруді қарастыратын мәмілелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;- жылжымайтын затқа теңестірілген мүлікті қоспағанда жылжымайтын мүлікке ие болуға мүмкіндік беретін мүліктік құқықтың төлеміне арналған аударымдар;- төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес мерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;- несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ішінде алу;- зейнетақы активтерін жинақтаумен байланысты мәміле бойынша және жинақтау сипатындағы сақтандырудың келісім-шарты бойынша халықаралық аударымдар.- сенімді басқаруға валюталық құндылықтарды табыстау.
Көптеген валюталық операциялар мынадай тұрпаттарда сараланатын мәмілелер шеңберінде жүзеге асырылады:
1) мәмілені жүзеге асырудың мерзіміне қарай:- мерзімді – “форвард” мәмілелері;- кассалық – “спот” операциялары;- айырбас – “своп” операциялары;- арбитраждық мәмілелер.
2) мәліметтердің орындалу орнына қарай:- биржалық;- биржадан тыс.
Мерзімді – бұл бекітілу уақыты мен жүзеге асырылатын сәті бір-біріне сәйкес келмейтін мәміле. Яғни, жүзеге асырудың шарты мен бағасы бүгін айтылса, мәміленің өзі белгілі бір уақыт өткеннен кейін алдағы кезеңде жүзеге асырылады. Форвардтық мәміле бұрын айтылған баға бойынша валютаның бұрын айтылған мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін сатуды және сатып алуды ұйғарады.
Кассалық – бекітілген сәтінен тікелей жүзеге асырылатын сәтіне дейін ары кеткенде (көп болғанда) 3 жұмыс күнін ұйғаратын мәміле. Оған “спот” мәмілесі жатады.
“Спот” мәмілесі – бекітілу сәтінен бастап ең көп дегенде 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын нақты бағам бойынша валюталардың айтылған мөлшерін айырбастау туралы келісім.
“Своп” мәмілесі валюталарды “спот” шартымен сатып алуды және оны “форвард” шартымен бір мезгілде сатуды ұштастыратын айырбас операциясы болып табылады. Мұнда “ұзын” немесе “қысқа” ұстаным пайда болмайды, өйткені сату мен сатып алу бір мезгілде орындалады.
Арбитраждық мәміле – бұл операция, онда қатысушылар пайда алу мақсатында әр түрлі валюта нарығының валюта бағамдарындағы айырмашылықты пайдаланады. Арбитраждық мәміле уақыт пен кеңістіктегі валюталық төрелікке, жай және күрделіге, проценттікке бөлінеді.
Қазақстан Республикасының негізгі валюта заңдарына мыналар жатады: “Валюталық реттеу туралы”, “Лицензиялау туралы”, “ҚР Ұлттық банк туралы”, “Банктер мен банк қызметі туралы” және валюта қатынасының жүйесіне қатысты басқа да заң актілері.
Қазақстандағы валюталық операциялардың орындалуына қойылатын бақылау белгілі бір дәрежеде шектеулі, ал бұл тәртіптің анықтау, ескерту және бұлтартпау бойынша шараларын мемлекеттік өкілетті органдар – ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады.
Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты немесе валюталық құндылықтарға қатысты себеп бойынша пайда болған қоғамдық қатынастардың реттелген ережелер жиынтығы валюталық-құқықтық қатынас деп аталады. Құқықтық қатынастың екі кешені бар: ішкі мемлекеттік және халықаралық.
Билет