Осалқы станцияда еңбек шартына талдау жасау.
Міртіршілік қауіпсіздігі
Еңбек шарттары адамның денсаулығын және жұмыс қабiлетiн анықтайды. Жұмыс шартының жағдайы өндiрiстiк факторлардың болуымен анықталады.Өндiрiс орындарында көптеген факторлар бар. Физикалык өндiріс факторларына: - қозғалмалы механизмдер, өндiрiс жабдықтарының қозғалатын бөлiктерi, орын ауыстыратын бұйымдар, жұмыс орнының орналасуының жерден айтарлықтай биiктiктегi өткiр жиектерi, жоғары шаңдылық және ауаның газдануы; - жабдықтар беттерiнiң, ауаның температурасының жоғарылауы; - шу деңгейiнiң жоғарылауы, дiрiл жатады. Еңбек шартын талдау өндiрiс факторларын зерттеудiң барлық кешенiн болжайды.Әр әсер ету параметрiн өлшеу әдiсi сәйкес нормативтi кұжаттармен және әр түрлi әдiстермен, мысалы практикаға пайдалы дәлдiкпен дерексіз сандарда көрсетiлген мәдердi қолдана отырып, эксперттiк (мамандық) әдiспен регламенттенедi. Мұнда шарттың әр элементi оның түрiне және жұмыс iстеп тұрған адамға әсер ету уақытындағы қандай да бiр бал санымен бағаланады.
Қосалқы станция қоршаған ортаға әсерін тигізеді, олардың негізгілері: электромагниттік өріс, радио кедергі, трансформаторлар шу көздері және жер асты қабірларына майдың ағуы.
Тіршілік ету әрекеті мен еңбек кауіпсіздігі - адамзаттың ғылыми және тәжірибелік мүдделерінің басым жақтарының бірі болып табылады. Жарақаттану және кәсіби ауруларды болдырмайтын қауіпсіз және тиімділігі жоғары еңбек жағдайларын жасау еңбек өнімділігін арттыруға негізделген мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.
Жаңа техникалар енгізу және арнайы құрылғылар қолдану, жұмыстың технологиялық процестерін жетілдіру және, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастыру шараларын өткізу цехте өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың азаюына мүмкіндік туғызады.
Қосалқы станцияның электр бөлігіндегі еңбек жағдайларын талдау объектілері: технологиялық процестер және электр жабдықтар, еңбек операциялары және өндірістік жағдай болып табылады. Өндірістік жағдайларды талдау өндірістік санитария мен еңбек гигиенасының тақырыбы. Өндірістік жағдай қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс қабілеті мен көңіл күйіне әсерін тигізіп, оны шаршау және кәсіби ауруға ұшыратып, апаттық жағдайлардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Еңбек шартын талдау өндіріс факторларын зерттеудің барлық кешенін болжайды.Жұмыс кезіндегі өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар себептерін үш топқа бөлуге болады: техникалық, ұйымдастыру және санитарлык техникалық. Жұмыс орнының қолайлылығы еңбек өнімділігін арттырады, адам денсаулығына да пайдалы. Жұмыс күйі қозғалыс сипатына байланысты. Сондықтан, жұмыс орнын жоспарлаған кезде, қызметкер қолайлы шарттарда минимум жеңіл, өндірісті және қауіпсіз қозғалыстарды жасау керек. Өндірістегі қауіпсіз және денсаулыққа кері әсер етпейтін еңбек шарттары басшылардың еңбекті қорғауды дұрыс ұйымдастыруына байланыста болады. Басқару обьекті ретінде жұмыс орнындағы жағдайды қалыптастыратын техникалық қызметтер мен бөлімшелер қарастырылады.
Электр машиналар, трансформаторлар, светильниктер, аппараттар және басқа да тоқ көзін өткізбейтін бөлшектер корпусқа қысқа тұйықталу болған кезде, кернеу астында болуы мүмкін. Егер корпус жерленген болса, кернеу кіші мәнге ие және адам өміріне қауіпсіз. Адам өміріне қауіпсіз кернеу -36 В және 6 А құрайды.
Әуе электр беріліс желілерінде жұмыс үш категорияға топталады:
– өшірілген желіде жұмыс басқа да жұмыс істеп тұрған желіден алшақ;
– өшірілген желіде жұмыс, басқа да жұмыс істеп тұрған желіге жақын;
– желідегі кернеу астындағы жұмыс.
Өшірілген желідегі қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін басқа да оған қатысты ӘЭБЖ сөндірлген желі жерге қосылған болу керек. Сондықтан, сөндірілген желідегі жұмыс, жерге қосып қана қоймай қосалқы станцияның кезекші жалпы ережелерге сәйкес, жөндеу бригадасы жұмыс істеу учаскісінде бір немесе бірнеше қосымша жерлендіру керек. Олардың арақашықтығы бір-бірінен 2 м-ден кем болмауы керек.
Кернеу астында жұмыс істегенде, қауіпсіз жағдай болуы мүмкін егер, адам денесінен тоқ өткізгіш арасындағы потенциал жоқ болған кезде. Сондықтан, адам жерден де тоқ өткізгіштерден де оқшаулану керек.
Электр қауіпсіздігі – бұл адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электромагнитті өрістің, статикалық электрліктің зиянды және қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық шаралардың жүйесі.
Адам денесі арқылы өтетін электр тоғы жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етуі мүмкін. Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылулыққа ауысуы кезінде байқалынылады және терінің, бұлшықеттердің, қан тамырларының қызуын тудырады. Тоқтың биологиялық әсері бұлшықеттердің тартылуынан байқалынады. Электромагниттік әсер ету электр тоғы қанның ұйыуын тудырады және оның құрамын өзгертеді.
Электрлік күйулер электр тоғымен жылулық әсер ету кезінде пайда болады. Ең қауіпті болып электрлік соққының әсерінен пайда болған күйулер табылады, себебі оның температурасы 3000 0С – дан жоғары болуы мүмкін.
Адам денесі арқылы өтетін тоқ электр қондырғының кернеуінен, адамның қосылу сұлбасынан, нейтрал режимінен, жерге қатысты электр торабының сыйымдылығынан және кедергісінен тәуелді.
Электр қондырғының кернеу өтіп жатқан жеріне адамның жанасуын екі және бір полюсті деп бөледі. Екі полюсті жанасу дегеніміз кернеу өтіп жатқан қондырғының екі полюсіне бір уақытта жанасу. Бір полюсті жанасу деп бір полюскежанасуды айтамыз.
Егер электр қондырғы айнымалы тоқта жұмыс істесе, онда мұндай жанасулар сәйкесінше екі және бір фазалы деп аталынады. Сымның жерге тұйықталу кедергісі көп болған сайын, адам денесі арқылы ағатын тоқ соғұрлым аз.
Осылайша талдау, нейтралы оқшауланған үш фазалы тораптарда қалыпты жұмыс кезінде бір фазалы жанасу нейтралы жерге терең тұйықталған тораптар-ға қарағанда азырақ қауіпті, ал апаттық жағдайда – керісінше екенін көрсетті. Сондықтан оқшаулама кедергісін жеткілікті жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі болса, онда нейтралы оқшауланған тораптарды пайдаланған дұрыс, егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда нейтралы жерге терең тұйықталған торап-тарды қолданады.
Қазақстандағы электрлендірудің шапшаңдығы электр жеткізу (ЭЖЖ) желілерінің ұзындықтарының тез өсуі мен олардың номиналды кернеуінің жоғарлауына байланысты. Желімен жылына 40 млрд.кВт·сағ энергия таратылуы мүмкін, ал тоқтың экономикалық тығыздығы j, А/мм2 бойынша фазаның қимасы – 2400-3000 мм2.
Одан басқа аса жоғары кернеулі ӘЭЖЖ қоршаған кеңістікте электр магнит өрісін, ал жерде – кезбе тоқтарын тудырады. Электр магнит өрісі (ЭМӨ) жағымсыз (кедергі жасайтын және кейде адамдар мен аппараттарға қауіпті) тоқтар мен байланыс желілерінде, радио-телекоммуникацияда, жерлендіру құрылғыларында, көлік құралдарында, құбырларда және т. б. кернеулерді индукциялайды. Адамның ӘЭЖЖ мен қосалқы станциясының қасында ұзақ уақыт болуы денсаулығына кері әсерін тигізеді.
ӘЭБЖ электр магнит өрісінің биологиялық әрекетін экспериментті зерттеу, оның организмге жағымсыз әрекеті электр өрістің кернеулігі 5 кВ/м жоғары болғанда туатынын көрсетті. Одан жоғары кернеуліктер, мысалы, 20кВ/м организмде физиологиялық ауытқулар мен бұзылуларға әкеп соғады. Өрістің кернеулігінің үлгілік максималды мәндәрі кестеде көрсетілген.
Жердің магнит өрісі – қоршаған ортаның толық өтімді, толық қамтитын факторы. Оның аясында планетамыздағы организмдердің көпғасырлық эволюциясы өткен. Геомагниттік өрістегі өзгерістер негізінен күннің активтілігіне байланысты. Жердің магниттік өрісі барлық тірі организмдерге, соның ішінде адамдарға да әсерін тигізеді. Сонымен магниттік боран кездерінде жүрек аурулары көбейеді, қан қысымы жоғары адамдардың жағдайы нашарлайды.