Жерасты суларыныҢ маҢызы

Жерасты суларының маңызы зор, олар табиғи құбылыстарда, өмірде, шаруашылық ісінде көп қолданылады. Тұщы су елді мекендерді, өндіріс орындарын, егін-жайды қамтамасыз етеді, тұщы су қорының үштен бір бөлігін жерасты сулары құрайды. Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Жамбыл, Шымкент, Жезқазған, Қостанай, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Көкшетау, Рудный, көптеген ірі өндіріс орындары жерасты суын пайдаланады. 40 мың артезиан скважиналары мен шегенді құдықтардан 100 млн гектар жайылым суландырылады.

Әр құрылыстың жобасы жасалғанда жердің гедрогеологиялық жағдайы мұқият зерттелуі керек. Бөген, су қоймаларының жобалары жасалғанда жерасты суларының режимі толық зерттелуі тиіс. Кеніштерді, шақтыларды су басып кетпеуі үшін онымен күресу жолдары да қарастырылады. Мұнай, газ кендерін ашу, пайдалану жолында жер асты су жүйесінің химиялық құрамын, динамикасын зерттеудің маңызы зор.

Курорт-санаторийлердің дамуы термалды және минералды суларға байланысты, термалды сулар мекен-жайларға жылу береді, парниктерді жылытуға пайдаланылады. Егер термалды судың температурасы 100-150˚С-ке жетсе, оларды геотермалды электр стансаларының қуат көзі түрінде пайдаланады.

Тапсырмалар.

1.Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

2.Мәтіндегі құрмалас сөйлдемдерді жалғаулықты құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

3.Мәтінді мазмұндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

1. «Жер құнары - өмір нәрі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. Жерасты суларының маңызы» тақырыбына шығарма жазу.

3. «Ақ бидай» ертегісін әңгімелеу.

Тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Ауа

Райы және климат. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

СІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫ

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің емдік, шипалық қасиеттерінің болғанын жазба деректер дәлелдейді. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапотник). Кейінгі жылдары дәрілік өсімдіктер қатарынан жусан, мыңжапырақ (тысячелистник)-биіктігі 30-70 см-дей көп жылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.

Тапсырмалар.

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. шипалық, дәрілік, өсімдік өздерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннен септік, тәуелдік жалғауларын тауып, мысалдар келтіріңіз.

5. Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Берілген сөйлемге морологиялық талдау жасаңыз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ»

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды.

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.

Қоқиқаз (Фламинго). Саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын қоқиқаздың Евразияның ең солтүстігіндегі ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтіннен таныс емес жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Қазақстан Республикасы... Қызыл кітаб... – республика территориясы... кездесетін сирек, саны азай... немесе жойылып кет... қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түр...і туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру ... тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.

4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Наши рекомендации