Мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім
Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары.Ұсыныс факторына мыналар жатады:
- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;
- негізгі капиталдың болуы;
- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.
Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет. Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады:
- еңбек ақы мөлшері;
- мемлекеттің фискалдық саясаты;
- халықтың қор жинау бейімділігі.
Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель – барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әртүрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы модельге еңбек және капитал жатады. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептелмейді, екіншісінде ҒТП есептеледі. Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап, ақтық өнім төмендеуіне алып келеді және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-тің орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестицияны өсіреді.
Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өсімін бәсеңдетеді. Және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін. Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи, еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Кез-келген ұсыныс факторлары тарапынан позитивті ықпалдың күшеюі өндірістік мүмкіндіктер қисығын оңға жылжытады (график 1.1).
С
А
В Д Тұтыну тауарлары
Экономикалық өсу және өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіштері пайдаланылады. Қазақстан 2030 стратегиясында көрсетілгендей, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдықтардың арасында жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу ерекше маңызды болып саналады.
4.Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделі бөліп көрсетіледі. Біріншіден, кейнсиандық модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі және үшіншіден, неоклассикалық модель.
Кейнсиандық модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты роліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі – мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция.
Кейнсиандық модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан тұрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансыланған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Неоклассикалық модель бір емес, екі өндірістік факторды ескереді және олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың әртүрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П.Дуглас пен математик Х. Коббтың есімімен байланысты аталады.
Сонымен экономикалық өсу модельдерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады:
Кейнсиан моделі | Харрод-Домар моделі | Кобб-Дуглас моделі |
S=I Бұл экономикалық өсудің шарты. 1. Егер S>I болса, онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі. 2. Егер S<I болса, онда инфляция өседі. | G=S:C G –экономикалық өсу қарқыны, S-ұлттық табыстағы жиналған ақша үлесі K (капитал) C=-------------------- Q (өнім шығару) Капитал-экономикалық өсудің жалғыз факторы | Y=F (L,K) Y-өндірілген өнім көлемі L-еңбектің жиынтық шығындары K-жұмсалған капитал Экономикалық өсу еңбек өнімділігі (L) мен капиталдың (K) жоғары деңгейінде мүмкін болады. |
Орытынды
Қорытындылай келсек, экономикалық тепетеңдіктің мәні және оның түрлі ауытқулары қарастырылды. Экономикалық өсу ұғымымен терең таныстырылды. Осыған орай экономикалық өсудің факторларына сипаттама берілді.