Інәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні.

II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.

інәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні.

Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі кепілдіктер де беріледі. Олар экономиккалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен құқықтық кепілдігіне тоқталып өтейік. Ол дегеніміз құқық пен бостандықтарды іс жүзіне асыру тәртібін, олардың қорғау шараларын, бұзылған кезіндегі жауапкершілігін тағайындайтын құқық нормалары, нормативтік актілер. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметі елеулі орын алады. Азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау өкілеттілігі де маңызды. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық кепілдіктерді өзінің " Адам және Азамат " деп аталатын екінші бөлімінде нақтылай түскен.

Жалпы кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді. Ал заң кепілдігі дегеніміз - қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, тағы басқа.

Осы құқықтарға кінәсіздік презумпциясын қосу керек: заңыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңдық күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейтіндігі, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу тағы басқа. Өкінішке орай, кезінде қолында билігі бар құрылымдар мен лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс орындауының кесірінен жазасын өтеп қайтқан ешбір кінәсіз адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздін тарихымыз. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдар кінәсіздік презумпциясының өзіне күдік туғызды. Ал белгілі бір кезеңдерде ол өзінің мәнін мүлдем жойды. Тіпті заңда тікелей кінәсіздік презумпциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған терминдердің мағынасы"

Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, "- деп көрсетілген (77-бап, 3-тармақ, 1-ші тармақшасы).

· айыпталушы өзінің кінәсәздігін дәлелдеуге міндетті емес;

· адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;

· заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды;

· ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
Осыған байланысты айтатын бір жәйт - қазір ешкім өзіне-өзі, өз жұбайына

(зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Сөйтіп, бұрын қолданылып келген қалай болса да айласының түп тамырына балта шабылады деген қағидажоққа шығарылды.

Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принципінің бірін сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс. "Өзіне заңмен көзделген соттылығың оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды".

Іс жүргізу заңымен әртүрлі санаттағы істердің соттылығын анықтағанда өзіндік ерекшелігі, күрделілігі, істің қоғамдық мәні, оны тез және тиімді шешудің қажеттілігі ескеріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің немесе азаматтық іс жүргізу кодесінің нормаларында көрсетілгендей, Конституцияньвд 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының негізінде іс бойынша тараптардың келісімінсіз істің соттылығын өзгертуге болмайды.

Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативті құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4- баптың 2- тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.

Адамға және оның ісіне заңда көрсетілгенге сәйкес келмейтін, оның бұзған келісімі жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды егізгі заңның 77-бабы 3-тармағы 3-тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретінде қарау керек,- деп тұжырымдайды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 1997 жылғы 8 наурыздағы №3 қаулысында1.

Кінәсіздік презумпциясының құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі ". Бұл тұжырым Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабында өрбітіліп, былайша берілген:

· әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Кодексте көзделген
тәртіппен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналады;

· айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына
түсіндіріледі;


· қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешілуге тиіс;

· айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол дәлелдердің
жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.

Презумпциянын құқықтық негізіне жасалған талдау оның мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Осы презумпцияның мәнін құрайтын мына тұжырымдар:

а) айыпталушының қылмыс жасауға кінәлі екені алдын ала тергеу жүргізген және сотта қаралған кезде дәлелденуге тиіс;

ә) айыпталушыны сотқа беру оның кінәлі екені туралы мәселені алдын ала шешіп қою үшін негіз болып табылмайды;

б) айыптау үкімі жорамалдарға негізделе алмайды және сотталушының
кінәлі екені іс сотта қаралған кезде дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

Қаралып отырған принциптің мәнін сипаттай келіп, И. Д. Перлов былай деп жазды: "Осы тұжырымдардың бәрі бір қатарда тұр және бір-бірімен ажырамас

________________________

1Мемлекет және құқық негіздері". Алматы, 2001 ж. 188 б.

бірлікте. Олар, кінәсәздік презумпциясы идеясын, оның мазмұнын толық білдіреді"1.

Кінәсіздік презумпциясы әлі де дәлелденбеген нәрсені анықталды деп ешқашан санауға болмайтындығы туралы идеяға негізделген. Принциптің терең ізгілік, адамгершілік мәні міне, осында.

Стецовский Ю. И. мен Ларин А.М.дәлелдеуінше, кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип2.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде кінәсіздік презумпциясы ықпалының шептері мынадай құқық формаларымен айқындалады:

а) адамның кінәлі екені заңды түрде анықталғанға дейін оны кінәлі деп санамау жөніндегі талапты қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен өкілетті адамдардың бәрі басшылыққа алуға тиіс;

ә) кінәсіздік презумпциясының принципі Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қатысты;

б) кінәсіздік презумпциясының принципі істі жүргізу кезіне және іске нақты қатысушы адамдарға қарамастан жалпы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынасына ықпал етеді;

в) айыпталушының еңбек қатынастары тек айыптау үкімі еңбек қатынастарын одан әрі жалғыастыруға мүмкіндік бермейтіндей заңды күшіне енгенде ғана тоқтатылады;

г) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды оқу орнынан шығаруға болмайды;

д) адам тергеуде және сотта болған кезде оны тұрғын үйге деген құқығынан айыруға болмайды (адамның келісімінсіз тұрғын үйді айырбастауға, жалға беруге, жаңа тұрғындар қоныстандыруға болмайды, қамауға алынған адам жаңа тұрғын үй алу ордеріне жазылуға тиіс).

_________________

1Перлов И.Д. Об основах уголовного судопроизводства. М., 1960. С 63.

2Стецовский Ю. И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. М., 1986. С 46

Кінәсіздік презумпциясынан, қылмыскерге қатысты қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды шектеу, айыпталушыға қолданылмауы керек. Айыпталушы қамауда болса да, үйге қүқығы, сайлауға кдтысуға қүқығы сақталып, жүмыстан босатылуы немесе оқудан шығарылуы мүмкін емес.

Барлық айыптаушыларға қатысты конституциялық қүқықтар мен бостандықтарды шектеу, шыньшен керек болған жағдайда, бақылап қолдану

керек.

Кінәсіздік презумпциясының негізінің мазмұны бойынша ол дегеніміз әлі ештеңе дәлелденбеген. Кінәсіздік презумпциясы –демокративті, гумманизмді және Қазақстан Республикасының құқықтық іс жүргізудің заңдылығында көрніс табатын принцип1.

Судьялардың құқықтық жағдайы:

ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.

Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:

1) сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;

2) сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;

3) көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға болады;

Судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және материалдық жағынан қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері, құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала (қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.

Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:

1) Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;

2) Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;

3) Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдардың мәселесін шешу;

4) Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының есебінен тыңдау кіреді.

Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.

Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.

Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.

Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) Жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік экономикалық дамуы жоспарын және бюджетті жасау және оны іске асыру;

2) Коммуналдық меншікті басқару;

3) Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау немесе босату;

4) Республика Заңдары негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер жүргізу.

ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.

ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең».

Наши рекомендации