О. Конттың позитивті әлеуметтануы және оның Г.Спенсер теориясында дамуы.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасы3н, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды. Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Осыны негізге алу арқылы ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды. Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген. Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.

66/ Қазақстанның әлеуметтік ойының тарихы. Ш. Уәлиханов )1835-1868) әлеуметтік идеялары.

Шоқан Уэлиханов (1835-1868). Шоқан - қазақ тарихы мен эдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. Шоқанның фольклор, эдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбекткрі. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан жэне қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. Шоқанның қырғыз тарихына жэне фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Наши рекомендации