Лекция. Электр энергиясын тарату жүйелерінің сипаттамасы
Лекцияның мазмұны: электр энергиясын тарату жүйелерінің сипаттамасы.
Лекцияның мақсаты: таратушы электр тораптарының сипаттамаларын зерттеу.
Таратушы тораптарының арналымы – кернеуі 6–10 кВ тұтынушыларға тікелей электрэнергияны жеткізу, электртұтыну ауданының 6–110/0,38–35 кВ қосалқы станциялары арасында электрэнергияны тарату, қуаттары ондаған, кейде жүздеген мегаватт құрайтын шағын станциялар өндіретін қуатты жинау (жылу және су).
Осы қуаттардыңуақыт өткен сайын үзіліссіз өсуі таратушы тораптардың номиналды кернеуінің тұрақты өсуіне алып келеді. Осыдан жақын уақыттарда таратушы міндеттер көбінесе тұтынушылардың бөлек топтарының электрмен жабдықтауының 6–35 кВ тораптарына жүктелетін. 110 кВ тораптарының арналымы осы ағындарды олар таралатын аймақтарға дейін жеткізуде болатын (қуатты арадан алмай).
Трансформациялары 110 /35/6–10 кВ немесе 220/35/6–10 кВ кернеудің екі – үш сатысынан (деңгейінен) тұратын кернеуі 6– 220 кВ тораптар электрэнергияны тарату жүйесін құрайды. Орта кернеудің деңгейі (ОК) ЖК/ОК трансформациясы арқылы электрэнергияны жеткізу жүйесінің 500 кВ жоғары кернеу (ЖК) тораптарынан қоректенетін 110– 220 кВ тораптардың кернеулеріне сәйкес келеді. Төменгі кернеу деңгейі трансформациясы ОК/ТК 110- 220/6–35 кВ ОК тораптарынан немесе кернеулері 220/6–35 кВ трансформациясы ЖК/ТК ЖК тораптарынан тікелей қоректенетін кернеуі 6–35 кВ тораптармен берілген. 0,22–0,4 кВ төменгівольттік тораптар да 6–35/0,22–0,4 қосымша трансформация нәтижесінде пайда болатын төменгі деңгейге жатады.
ОК таратушы тораптары ондаған мегаватт қуаттарды жеткізеді, ТК тораптары тұтынушыларға бірнеше жүз киловаттан бірнеше мегаваттқа дейін қуатты береді. Төменгівольттік, немесе тұтынушы тораптар, тікелей өндірістік немесе тұрмыстық арналымдағы аппараттарды қоректендіреді. Осы 0,22–0,38 кВ тораптардың қоректендіретін жүктемелерінің (өндірістіктерден басқа) қуаттары киловаттың үлесінен бірнеше киловаттқа дейін, 0,38–0,66 кВ өндірістік тораптарда жеткізілетін қуат бірнеше ондаған және сирек бірнеше жүз киловатт құрайды.
Таратушы тораптар тұйықталмаған және тұйықталған болып жасалынады. Тұйықталмаған жағдайда – бір қорек орталығы бар (ҚО) радиалды (4.1, а суретін қараңыз) және басты бағыттық (4.1, б суретін қараңыз) сұлбалар түрінде. Тораптың басты бағытында радиалдымен салыстырғанда өткізгіштер мен коммутациялық аппараттар аз жұмсалады. Одан басқа, АЖ аз қосынды ұзақтығы себебінен тіректердің, оқшаулағыштардың, желілік арматураның және т.б. шығыны азаяды. Сондықтан басты бағыт тораптары радиалдылардан арзан. Бірақ олардың сенімділігі төмен, өйткені бас айланның ағытылуы осы басты бағыттан қорек алып тұрған барлық электрқабылдағыштарды жұмыстан шығарады. Сонымен бірге шина өткізгіштерімен жасалған басты бағыт тораптары жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді.
110–220 кВ ОК таратушы тораптары электрэнергиямен электртұтынудың үлкен аудандарын жабдықтайды, сондықтан көбінесе резервтеледі, мысалы, бір қорек орталығы бар радиалды – басты бағыт сұлбалары түрінде (4.3 суретіне қараңыз). Мұнда резервтелмеген тұйықталмаған сұлбаларды резервтелген тораптың бірінші кезегі ретінде қарастыру керек – оларды ОК немесе ТК торабы бойынша резервтеу мүмкіндігінде. Қосарлы радиалды – басты бағыт торабы желіні қайталау есебінен (бір немесе әртүрлі тіректерде) тұтынушылар қорегін резервтеуді қамтамасыз етеді (4.2 суретін қараңыз). Бұл сұлба екі желінің бірқалыпты жүктелуімен сипатталады, ол шығындардың минимумына сәйкес келеді, тораптың іргелес айландарында қысқа тұйықтау токтарының көбейуін тудырмайды, жұмыс режимін нақты жүргізуге мүмкіндік береді.
а) б)
а)– радиалды; б)– басты бағыттық
4.1 суреті – Тораптың тұйықталмаған резервтелмеген түрі