Жоспарды дәйектеу үшін көрсеткіштерді салыстыру үлгісі

Тауар түрі Соңғы жылдардағы өнім өндіру Төрт жылдағы орташа шама Келешекке жоспар
А
В

4. Индекстік әдіс – салыстырмалы шамалар көрсетіледі, базистік индекс-әрбір кейіндегі көрсеткіші базистік кезеңмен сәйкес жүргізілсе, тізбекті индекс-әрбір кейінгі алдыңғы көрсеткішке сәйкес.

5. Графикалық әдіс – көрсеткіштердің масштабты бейнелерін көрсетеді, яғни әр түрлі геометриялық фигуралар, диаграммалар, кестелер арқылы. Бұл әдіс арқылы көрсеткіштер динамикасын кешенді оқуға және бағалауға болады. Кестелердің үш түрі болады: а. Жай кестелер (мінезделетін объект жайлы мәліметтердің бірігуі), б. Топтық кестелер (бір белгілері бойынша мәліметтердің топтасуы), в. Комбинациялық (бірнеше белгілері бойынша мәліметтер тобы және ішкі топтасуы).

6. Топтастыру – ақпарат, мәлімет, көрсеткіштердің бір белгілері бойынша топтасу әдісі. Бұл ұйымның жоспарлық және есептік көрсеткіштерін талдауда көп қолданылады. (Құрылымдық – жұмыскер стажы, ішкі құрылымын тану, Типтік – кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтары мен қызметтерін топтастыру, Аналитикалық екі түрлі зерттеу объектілердің байланысын анықтау).

7. Баланстық әдісі – комплекстік көрсеткіштерінің бір-біріне сәйкес келуімен салыстыруында және есептеудің теңдесуінде құралады. Бұл әдіс кәсіпорын үшін маңызды болып келеді, себебі, баланс көрсеткіштер актив пассив теңбе теңдігі.

Дәстүрлі емес түріне:

Эвристикалық әдістер – негізгі ақпаратты алу көзі ретінде ғылымның әртүрлі сфераларындағы және бизнестегі ғалымдар мен мамандардың интуициялары болады. Осы тәсілдің көп тараған түріне эксперттік баға қою. Ол анонимді, жеке болуы мүмкін. Осы сауалнаманы эксперименттің жүргізу объектісі мен нысаның ұйымдастыруды бекітіп, мамандарды таңдап, содан кейін талдау жасап,эксперимент нәтижелерін біріктіреді.

Факторлы талдауды қолданудағы ерекшеліктері

Экономикалық факторларды талдауда – қорытынды көрсеткіштердің өзгеруіне толық, тікелей әсер ету жүйесін бағалау ұйымдастырады.

Факторлы талдауда бірнеше модельдеу түрлері қолданылады. Олар:

1). Y=a+b+c+d – аддитивтік модель

Y –қорытынды көрсеткіш,

A,b,c,d – факторлар.

Бұл модельде өндірістік шығындардың өзіндік құнмен байланысының көрсеткішітері бейнеленеді.

2).Y=a*b*c*d – мультипликативті модель

Мысал ретінде, өндіріс көлемінің екі факторлы моделі жатады:

V= R*W

R – жұмысшылардың орташа саны,

W – бір жұмысшының орташа өндірісі.

3). Y = a/b – қатынас моделі

Мысал ретінде, капиталдың жалпы айналым коэффиценті болады.

4). Y= (a+b)c – аралас модель

Рентабельділік көрсеткіштері мысал бола алады.

Факторлы талдауда әдіс пен модельді дұрыс таңдау керек. Оның әдіспен қай модель үйлесетінің 4-кестеден коре аламыз.

Кесте

Дістер мен тәсілдерді қолайлы етіп таңдау

Әдіс Модельдер
мультипликативті аддитивті қатынас аралас
Тізбекті + + + +
Абсалютті + - + -
Салыстырмалы өзгеріс + - - y= a(b-c)
Интегралды + - + y=a:Sb1

+ қолданылады; - қолданылмайды.

Тізбекті әдіс – факторларды талдаудағы негізгі әдіс. Бұл әдіс арқылы нәтижелік көрсеткішке әсер ететін, әрбір факторлар сомасын анықтаймыз. Әдіс арналымы, жоспарлы соммаларды тізбектеп нақты шамаларға алмастыру.

Тізбекті әдісті мына түрге салып, есептеп, ашып көрсетуге болады:

Yo= ao+bo+co

Ya=a1*bo*co

Yb=a1*b1*co

Y1=a1*b1*c1

Мұндағы,

Ao, bo, co – базистік көрсеткіштер,

A1b1c1 – фактілік көрсеткіштер,

Ya ,yb, - а,б көрсеткіштерінің өзгеруінен болған кезеңдегі қорытынды көрсеткіштің өзгеруі.

Жалпы өзгеруі y = y1-y0 әрбір фактор әсерінен қортынды көсеткіштерінің өзгеруін білдіреді.

. Y= ya+yb+yc

. Ya = ya-yo

. Yb = yb-ya

. Yc = y1-yb

Тексеру мына формула арқылы жүзеге асады:

Y = ya+yb +yc

Барлық факторлардың әсерің талдау үшін, мысал түрінде өндірістегі өнімді өндіруге әсер ететін факторлар тізбесі 5-кестеде көрсетілген.

Қорытынды ретінде айта кететін болсақ, тізбекті әдістің артықшылығы, қолданудағы жалпылама деректердің алынуы мен есептеудің қолайлығы.

Кесте

Наши рекомендации