ЖАСУЛАН ФЛОРА” ЖШС ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫРАЙГҮЛ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Ж.Р. Таңсықбай 1 курс «Агрономия» 6М080100 магистрант

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қаласы.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Қазақстан – 2050» жаңа стратегиясы «жасыл» экономика стратегиясымен үндес. Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар[1].

Адамзатты толғандыратын негізгі глобалдық мәселе қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынас мәселесі болып тұр. Табиғат биологиялық фактор ретінде адам сұранысына мүлдем қажетсіз болып бара жатыр. Сондықтан да демалу орындарының құрылуы және сақталуы, яғни табиғи қорғау мекемелерінің халықтық белсенді демалыста қанағаттану және өзінде табиғатты қорғау функциясы бар бастапқытүйсіктің қалыптасу мәні болып табылады

Эстетикалық құндылығы, тарихы және ерекше экологиясы бар кешенді қорғау қазіргі кезде бақтық-парктік сәулетте негізгі тапсырмалардың бірі болып табылады. Ландшафттық сәулет өнері деп, адамды қоршаған ортаны, оның жекелеген элементтерін, оның ішінде ашық кеңістіктерді мен сәулеттік-кеңістіктіктерді ұйымдастыруды түсіну қажет [2].

"Жасұлан-Флора" ЖШС - өндірістік негізде өсімдік шаруашылығымен, яғни гүл өсірумен айналысатын еліміздегі ең ірі компаниялардың бірі. Компания қалалық алаңдар мен көшелерді әлемдік технологияға сай безендіруде жетекші сектор. Осы мақсатта Байзақ ауданында 47 га орналасқан "Жетібай" агрокешені ашылған. Мұнда тапсырыс деңгейіне байланыстыгүл және сәндік бұталардың, гүлзарлардың шамамен 10 млн. данасы өсіріледі. Жамбыл облысында 21 қысқы жылыжай мен 65 жазғы жылыжай бар. Солардың бірі - «Қысқы бақ», ұзақ уақыттан бері қала тұрғындары мен қонақтарының келуіне сүйікті орынға айналған.2011 жылы жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын, озық технологиямен жабдықталған үлкен «Корей жылыжайы» салынған. «Жасұлан Флора» - Голландия, Германия, Чехия және Ресей сияқты елдердің компанияларымен тығыз жұмыс істейді. Компания көгалдандыру жөніндегі жұмыстармен Тараз қаласын ғана емес, сонымен қатар еліміздің көптеген қалаларын, атап айтсақ Астана, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы қалаларын да қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп кешенінде өз техникалары бар, олар- бульдозер, экскаватор, "Беларусь" тракторы, еліміздің барлық аудандарына гүлді тасымалдау үшін көпфункционалды авторефрижераторлар қолданылады.

Жаздық гүлді дақылдардың ішінде көп таралғаны – шырайгүл, шығу орталығы - Бразилия. Өсіру технологиясында, ең бастысы тұқым тым майда болғандықтан, қоректік заттар қоры тым аз, сондықтан да оған механикалық құрамы жеңіл, өте борпаң, қуыстылығымен құнарлылығы жоғары топырақ грунттарын таңдаған жөн.

Céline Galliot, Maria Elena Hoballah, Cris Kuhlemeier, Jeroen Stuurman есімді ғалымдар өз зерттеулерінде шырайгүлдің өнімділігін жоғарылатуда, оның суару жүйесіне, тыңайтқыш беру жүйесіне және ең бастысы топырақтың құнарлылығына басты көңіл бөлу қажеттігін айтады[3].

Шырайгүлдің аурулар мен зиянкестерге қарсы төзімді сорттары мен гибридтерін шығару, оның өнімділігін арттыруда маңызды жол екендігін Weiss J., Muhlemann, J.K., Ruiz-Hernandez V, Egea-Cortines M. атты ғалымдар өз еңбектерінде көрсетті. Соңғы уақыттарда шырайгүлдің арнайы коректік заттары және ауру мен зиянкестерден қорғайтын пленкалы қабаты бар гранула күйіндегі тұқымдары көптеп қолданылуда. Сонымен қатар қазіргі кезде шырайгүлді отырғызуда контейнерлер молынан пайдаланылу үстінде, бұл оның құрғақшылыққа төзімділігімен сипатталады. Контейнерлерге отырғызылған шырайгүлдің негізгі күтімі суару жүйесі мен тұрақты қоректендіріп отырудан тұрады[4].

Табиғат – адамзат тарихындағы қайталанбас асыл мұра болғандықтан, оған аса қамкорлықпен, мейірімділіпен қарау қажет. Табиғат пен әртүрлі өнердің синтезі түріндегі бақтар мен парктер тарихи стильдермен тікелей байланысты болып, философияның, әдебиеттің, тұрмыс эстетикасының, сыршырайдың, сәулет өнерінің дамуымен өзара байланыста өрбиді және әр замандағы адамның табиғатқа деген қатынасының өзгерісін тіркеп отырады.Сондықтан да, болашақта еліміздің өркендеп дамуында атқарар істер әлі де молшылық.

Жоғарыда айтылған көптеген мәселелерді ескере отырып, болашақта шырайгүлдің өнімділігін жоғарылатуда, оның өсіру технологиясын жетілдіре отырып, заманауи технологияларды қолдана отырып, оның селекциясымен, яғни аурулар мен зиянкестеріне және қоршаған орта жағдайларына, аязға, құрғақшылыққа төзімді сорттары мен гидридтерін шығарумен айналысуды әлі де шыңдай түсу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, - 2012, 14- желтоқсан.

2. Интернет ресурс: http://www.inform.kz/

3. Galliot С. Genetics of flower size and nectar volume in Petunia pollination syndromes / Galliot С., Hoballah М., Kuhlemeier С., Stuurman J. Public Library of Science. - 2006. P 203-212.

4. Баранова Е.Г. Научно обоснованная технология возделывания вида петуния / Баранова Е.Г., Саломатин В.А. Естественные и технические науки. - 2014. С 40-47.

Ғылыми жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Ә.А.Ноғаев

Наши рекомендации