Дірілдің адам организміне әсері.

Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).

Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.

Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).

Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.

2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).

Дәріс 11. Өндіріс орындарын жарықтандыру ,жарықтандырудың адам организміне әсері. Жарық көзінің түрлері. Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу

1. Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.

Жарық негізгі биологиялық процестерінің жүруін жандандыратын қуат көзі. Соның әсерінен ағзаның зат алмасу, өсу, тұқымды жалғастыру жүйелері жұмысы да реттеледі.

Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағдайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.

Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.

Жасанды жарық шамасы электр шамдарының техникалық көрсет-кіштеріне байланысты.

Күн сәулесі спектрі өзінің биологиялық әсері бойынша үш түрге бөлінеді. Күн сәулесі спектрінің толқын ұзындығы 380-760 нм бөлігі көздің көру нервтеріне әсер етіп жарық құбылысын тудырады.

100-380 нм ұзындықтағы сәуле толқындар ультра күлгін (радияциялық)

760-340000 нм сәуле толқындар инфрақызыл (жылу сәулелері) деп аталады. Олар (көру) жарық құбылыс тудырмайды.

Жарықтандырудың сапасын көрсететін негізгі техникалық жарық көрсеткіштері болып – жарық күші (J), жарық шамасы (Е), шағылыстыру коэффициенті αж , жұту коффициенті βж , өткізу коэффициенті γж , жарық ағыны (Ф) , жарықтану дәрежесі Я (Яркость), көру нысаны мен фон арасындағы контраст, жарықтың шамасының өзгеруі және жарықтың біргелкілік коэффициенті саналады.

Жарық ағыны (Ф) – көзге әсер ететін сәулелі энергияның күші, өлшем бірлігі Люмен (лм). Жарық күші (J) – жарық ағынының кеңістікте таралу тығыздығын көрсетеді.

Дірілдің адам организміне әсері. - student2.ru ; мұндағы ω – кеңістіктегі таралу бұрышы

Жарық күші өлшем бірлігі кендела (КД).

Жарық шамасы (Е) деп – жарық ағынының аудан бірлігіне түскен тығыздығын айтамыз.

Е Дірілдің адам организміне әсері. - student2.ru , өлшем бірлігі люкс (лк)

Жарық шамасын өлшейтін аспап люксмтр деп аталады.

Ғимараттарды жарықтандыруды мөлшерлеудің екі әдісі бар: геометриялық және техникалық жарық көрсеткіші арқылы.

Табиғи жарықтандыру күн сәулесін бүйірден түсіру , жоғарыдан түсіру және аралас болып бөлінеді. Бөлмені табиғи жарықтандырудың геометриялық мөлшерлеу мәні болып жарық түсетін ойық пен бөлме едені ауданы арасындағы қатынасты анықтау болып табылады. Ол әрине бөлменің пайдалану жағдайына байланысты. Өндірістік бөлмелер үшін – табиғи жарық коеффициенті е = F*n/f = 1/10

F – терезе ойығы ауданы, n – терезе саны, f – еденнің ауданы .

Ал табиғи жарықтандыруды техникалық өлшеу құралымен анықтауға мүмкіндік болғанда табиғи жарық коеффициенті төмендегі

e= Ei/Ec *100% формуласымен анықталады.

Мұндағы Ei - бөлме ішіндегі нүктенің жарық шамасы, Ec – күн көзі берген сырттағы жарық шамасы.

Бұл жағдайда е табиғи жарық коеффициенті бөлмеге күн көзі берген жарық шамасының қанша пайызы түсіп тұрғанын көрсетеді. Өндірістік жарықтандыруды мөлшерлеу бойынша табиғи жарық коеффициенті мәні, жарықты түсіру әдісіне байланысты 0,5-тен 10 бірлік шамасында болуы керек.

Ал жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу –жарық шамасы (Е) люкспен көрсетіледі. Оның мөлшері көру жұмысының сипаттамасына (ең жоғарғы дәлдіктегі-I разряд , өте жоғары дәлдіктегі – II разряд, жоғарғы дәлдіктегі – III, орта дәлдіктегі – IV разряд , аз дәлдіктегі Vразряд, жарық шығарылатын заттармен жұмыс кезінде VII және жалпы бақылау үшін дәлдіктегі - VIII) көретін нысанның размеріне (0,15мм-ден 5мм-ден артық) контраст, фон көрініске қарай беріледі.

Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар

Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері

3. Бөлмені жарықтандыруға және жасанды жарық көздеріне төмендегідей санитарлық – гигиеналық талаптар қойылады.:

1. Жарықтану дәрежесі (Я) барлық жұмыс қабаттарында бірдей болуы керек.

2. Жұмыс орындарындағы жарық шамасы көру нориасына сәйкес болуы керек.

3. Жарық түсетін жазықтықтарға көлеңке түспеуі қажет. Көлеңке көретін өзгертіп , көзді шаршатады. Әсіресе қозғалмалы көлеңкелер қауіпті, жарақаттанудың көбеюіне соқтырады.

4. Түскен жарық тікелей немесе қайтара шағылыспауы қажет. Жарықтың түскен беттен шағылысуы да жарық дәрежесін өсіріп , көзді шаршатып , жрақат алуға әкеп соғады.

5. Жарық шамасы уақыт өткен сайын өзгеріп (жыпылықтап) тұрмауы керек.

6. Жарық ағыны нысанға бағытталып, шам – жағдайға сәйкес таңдалынып алуы керек.

7. Жарық көзі құрылғысы пайдалануға қолайлы, сенімді , күтуге қарапайым және қауіпсіз болуы қажет.

4. Жасанды жарық көздеріне

· Қыл-қызулы шамдар

· Люминесцентті (газоразрядты) шамдар пайдаланады

Ғимартаттағы шамдардың орналасуына байланысты жарықтандыру:

· Жеке жұмыс орнын жарықтандыру

· Жалпы бөлмені жарықтандыру

· Аралыас жарықтандыру болып үшке бөлінеді.

Жарықты пайдалану мақсатына байланысты жарықтандыру:

· Жұмысшы жарықтандыру (нормаға сәйкес)

· Апаттық жарықтандыру (апат кезінде адамдарды эвакуация жасау үшін немесе жұмысты уақытша жүргізе тұру үшін, норманың 15-20% құрайтын)

· Кезекші жарықтандыру – норманың 25-30% құрайтын болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жарықтың адам ағзасына қандай әсерлері бар?

2. Жарық құрылысын қандай теориялармен түсіндірміз?

3. Жарықтың негізгі көрсеткіштері қандай?

4. Жұмыс орындарын жарықтандыруға қандай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады?

5. Жұмыс орындарын жарықтандырудың қандай тәсілдерін білеміз?

Дәріс 12. Қауіпсіздік техникасының негіздері. Электр тоғынан қорғаудың техникалық құралдары және ұйымдастыру жолдары Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

Қазіргі кезде электр тоғы өмірде, шаруашылықта жиі пайдаланылады, оның көмегімен нелер ауыр деген жұмыстар жеңілдейді, өндірс мәдениеті жоғарылайды. Ауыл шаруашылығында электр тоғының айнымалы /≈/ түрі қолданылады, ол төрт сым арқылы беріледі, жиілігі 50-Гц, кернеулігі 300 В.

Электр тоғының қауіптілігі сонда, өйткені оны көзбен көрмейміз

Сонымен, электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық); химиялық; биологиялық; механикалық.

Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады:

1.Электрожарақатдегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.

Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс.

Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:

1.Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.

2.Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.

3.Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.

4.Клиникалық өлім.

Электрошокдегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.

Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:

1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈

2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.

3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.

4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.

5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.

6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.

Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.

7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.

8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін..

Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:

1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б./, қол шамы, 36В.

2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 755 процент, 24В.

3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.

ГОСТ бойынша «электр қондырғыларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.

Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:

1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.

2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.

3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.

4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.

5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.

6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.

Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.

7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.

IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату . Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.

Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек.

Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.

Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.

Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)

1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:

1. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.

2. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.

3. Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.

4. Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.

5. Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.

6. Арнайы талап

а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).

б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.

в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).

Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):

– Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелері-мен танысқан адамдар жіберіледі.

– Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитар-лық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)

– Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыпты-лықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтанды-ру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.

– Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.

Дәріс 13. Қауіпсіздік техникасының негіздері.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.

I. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады.

Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техни-калық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отыру-лары қажет.

Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі

- отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту

- от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу

- шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)

- қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.

Наши рекомендации