І.Капитал қозгалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы

Әлемдегі капиталдар қозгалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.

Капиталды шетке шығару дүниежүзілік шаруашылықты тереңдете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толыктыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелей инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тең болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп

*

болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін, ол қайтадан элемдік сауда айналым өсімінен артык бола бастады.

Халықаралык капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс- эрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.

Капиталды шетке шьғару - бұл жүйелі түрде пайда алу жэне басқадай экономикалық, саяси үтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуын (капиталды шетке шыгару) дегеніміз - бір елдің үлттық айналымынан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар (акшалай, тауарлы) арқылы ауыстыру процесін айтамыз, Бір елден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қараганда өсу қарқыны жогары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал "молдығы" пайда болып, ол ұлттык экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жогарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды.

Капиталды шетке шығару мүмкіндігінің пайда болуы XIX гасыр соңында бірқатар артта қалган елдердің дүниежүзілік шаруашылықка тартылуына, олардың көбінде басты теміржол желілері салынып немесе салына бастауына, өндірістің дамуының қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуі мен жергілікті ақшалай қорлану қаржылары пайда болып, оны тауарлы өндірісті қарқынды дамуына қосылуга дайын болуына байланысты болды.

Статистика мәліметтері бойынша, соғыстан кейінгі жылдары сыртқы сауда көлемдері түрақты өсіп отарды, бірақ көбінесе бұл өсім капитал ауысуымен байланысты болды, басқаша айтқанда капитал экспорты тауарды шет елге шыгаруды ынталандырудың қүралы болған. Бұл төмендегі жагдайлар негізінде жүргізіледі: -капиталды шетке шығару тауарлы формада, мысалга машина, қүрал-жабдық жэне т.б. түрде жүзеге асырылды;

- капиталды шетке шыгару - бұл несиелеуші елде тауарды сатып алу үшін несиелер беру;

- капиталды шетке шығару - трансүлттық компаниялар шеңберінде ішкі фирмалық тауарлар ауысуы арқылы болды.

Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік үдайы өндірістің қалыпты эрекет етуінің күрделі мэселелері шешіліп, елдіңтауарлы экспортының өсуіне эсер етеді. Осының нэтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құрал-жабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасынын төмендеу тенденциясы тоқтатылды.

Назар аударатын тагы бір жағдай, қазіргі кезеңде егеменді елдер арасындагы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.

Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор-елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылыгы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда алу үшін жүзеге асырылады.

90-жылдарга дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық жэне тағы басқадай қорлар арқылы жинақталуда. АҚШ-тың өзінде 1995 жылы олардың активтері 8 трлн. доллардан асып түсті.

ХХ-ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде, Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ-нің өсу қарқынынан да асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшеюде.

Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасының субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспорт-тындағыдай себептер жатыр. Олар:

-рынокты кеңейту;

-жогары пайда алу;

*

64. шет ел ресурстарын сатып алу;

-саяси мақсаттар.

Бірақ бұл мақсаттар эр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Өйткені капиталды шетке шығаруды ынталандыратын өзіндік себептері де бар. Олар:

65. технологияльщ артъщшыльщ. Компанияның сату көлемінде

ҚЗТКЖ (НИОКР) -ға шығындар деңгейі жоғары болған сайын, оның капитал экспорты да жоғары болады.

-жогары маманданган жүмысиіы күиііі. Еңбекті төлеу деңгейінін

жоғарылығы компанияны капиталды экспорттауға итермелейді.

66. халъщаральщ маркетингте жинақталған тәжірибе мен

жарнамадағы басымдылықтар

67. өндіріс көлемдерінде үнемдеу. Сату көлемдерін ұлғайту

қажеттілігі компанияларды сыртқы рыноктарға шығуға итермелейді.

68. компаниялар көлемі, Көлемі неғүрлым ірі болса, капитал

шығару деңгейі соғұрлым жоғары болады.

69. белгілі бір тауар өндірісінің шоғырлану дэрежесі мен ел ішіндегі

бәсекенің күшеюі.

70. арзан өндіріс факторларын пайдалану мүмкіндігі.

71. транспорттық шығындардың азаюы.

72. сауда кедергілерін айналып өту.

-жергілікті рынок ерекшеліктерін жақсы білу.

Капитал миграциясынын еларалык формаларынын топтастырылуы. Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес, эр түрлі формаларда жүзеге асырылады.

Өзінің мазмүны мен формасы бойынша шет елдік капитал салымдары эр түрлі болуы мүмкін. Олардың, шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған.

Мемлекеттік капитал салымдарын кейде халықаралық аренада ресми деп те атайды. Ол мемлекеттік бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша шет елдерге бағытталған немесе шет елдерден қабылданатын қаржылар.

Түрлері бойынша - бүл мемлекеттік қарыздар, несиелер, гранттар (сыйлар), көмек болып бөлінеді. Олардың қозғалысы үкіметаралық келісімдер арқылы шешіледі. Бүған халықаралық ұйымдардың (мысалға ХВҚ (МВФ) несиелері мен басқадай қаржылары жатады. Бірақ қандай жағдайда да бұл салық төлеушілердің ақшалары болып табылады.

Мемлекеттік капитал көбінесе қарыз түрінде шығарылады. Бірақ басқа қарыз капиталдары сияқты елде артық капиталдың болуынан емес, мемлекеттік бюджетте артық қаржылар жоқ, ол саяси сипатта болып, қарыз берушілерге пайызды алу арқылы жоғары табысты қамтамасыз етеді.

Жекеменшік капитал - бүл мемлекеттік емес көздерден алынып, жеке түлғалардың шет елге орналастырылатын немесе шет елден қабылданатын қаржылары.

Бұған инвестициялар, сауда несиелері, банкаралық несиелеу кіреді. Олар тікелей мемлекеттік бюджетпен байланысты болмаса да, олардың қозғалысын үкімет қадағалап, өз уэкілдігі шеңберінде бақылап, реттей алады. Тәжірибеде мемлекеттік қаржыларды жеке- меншік инвестицияларға айналдырудың көп түрлі амалы бар.

Мерзімі бойынша шет ел капитал салымдары: кысқа мерзімді, орта мерзімді, үзак мерзімді болып бөлінеді. Соңғыларына 5 жылдан асатын салымдар кіреді. Бұл топқа ең маңызды капитал салымдары жатады. Өйткені ұзақ мерзімді капитал салымдарына кәсіпкерлік капиталдың тікелей жэне портфелді инвестициялары (көбінесе жеке меншік), қарыз капиталы (мемлекеттік жэне жеке меншік несиелер) кіреді.

Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік жэне қарыз болып бөлінеді. Соңғылары қаржыларды пайыз түріндегі пайда алу мақсатында қарыз беру болып

*

табылады. Бұл сферада мемлекеттік жэне жеке меншік көздерінен шыққан капиталдар әрекет етеді.

Кэсіпкерлік инвестициялар тікелей немесе жанама түрде өндіріске салынып, дивиденд түрінде пайда алудың қандай да бір бөлігін анықтау қүқымен байланысты болады.

Наши рекомендации