Автокөлік кәсіпорындарын басқару

Басқару құрылымы бұл басқару жетектері мен сатыларының, олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығының жиынтығы. Басқарудың ұйымдастырушыл құрылымы жекелеген әкімшілік бейнелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын ұаңқаны жасап шығарадыү Басқару құрылымында әрбір сатының әрбір жетектің байланыстары ашып көрсетіліп, басқарудың жекелеген бернелерін интеграциялық ж.е арнайы мамандардың дәрежесі көрсетіледі.

Автокөлік кәсіпорындарының пайдалану қызметі

Пайдалану қызметінің жұмысшылар саны (құрамында бөлім бастығы,аға инженерлер, инженерлер, гараж басшысы, аға диспетчерлер, диспетчерлер, колонна басшылары, қозғалыс қауіпсіздігі б.ша инженерлер) автокөлік кәсіпорындағы авт.ң тізімдік санына, жылжымалы тізбектің жолға шығу коэф мен жұмыс тәртібіне байл б.ды

.

Автокөлік кәсіпорындарының техникалық қызметі

Техникалық қызметі техникалық құрамды жарамды күйде ұстау ж.е өндірістік базаның дамуын қамтамасыз ету сұрақтарына басты көңіл бөледі с.қ кәсіпорынды материалдық техникалық жабдықтауға басшылық жасайды.

Автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметінің негізгі тапсырмалары.

1) жылжымалы құрамды тиісті сақтауды, оның жұмысқа жоғары дайындығын қамтамасыз етуді ж.е авт.ді жолға өз уақытысында шығуы.сқ кәсіпорынның өндірістік техникалық базасын күшейтуге байл.сұрақтарды зерттеу ж.е шешу;

2) авт мен авт шиналарына ТҚК мен жөндеудің барлық түрлерін шұғыл жоспарлау, бұл жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру ж.е олардың сапасын бақылау жасау

3) кәсіпорынды керекті материалдық техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету, жанармайды, қосалқы бөлшектерді ж.е басқа да материалдық қорларды сақтау;

4) өндірістегі жаңашыл тәжірбиені зерделеу, жинақтау ж.е тарату, өндіріс процесін жетілдіру,еңбекті қорғау ж.е аппаттылықтан алдын ала б.ша іс шараларды жасау және жүргізу.

Автокөлік кәсіпорнының пайдалану қызметіне қарасты жүктік және есептік бақылау таптарының жұмысы.

Жүктік топ келесілерді іске асырады: ҚК аумағындағы жүк айналымы мен жүк ағынын зерттеу, орталықтанған тасымалдауларды ұйымдастыру бойынша керекті іс- шараларды жүргізу, қызмет көрсету кәсіпорындары мен ұйымдарының тапсырыстар қабылдау және келісім шарттар құру, автопоездарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру, тиеу – түсіру құралдарымен қамтамасыз ету. Есептік – бақылау тобы жүргізушілердің жол парақшасы мен тауарлы көліктік құжаттарды қабылдайды, олардың дұрыс толтырылуына, жол парақшасында көрсеткіштерін қадағалау жасайды.

Автокөлік кәсіпорнының пайдалану қызметіне қарасты орталық – диспетчерлік және бағыттық – диспетчерлік топтарының жұмысы.

Орталық – диспетчерлік топ алдағы жұмыс күнінде жолға шығатын әрбір автомобильге жол қағазын дайындайды және оны жүргізушілерге береді, кәсіпорын бойынша барлық автомобильдің жолға шығуын қадағалайды.

Бағыттық – диспетчерлік топ жолдағы автомобильдер жұмысын жедел жомпарлауды және реттеуді, жүктерді тасымалдау құжаттарына сәйкес әрбір жүк қабылдаушы бойынша жүк тасымалын қадағалауды, әрбір жүк жөнелтушілер мен жүктер түрлері бойынша жүктерді тасымалдау туралы тәуліктік шұғыл есеп берулерді құрастыруды іске асырады.

Наши рекомендации