Мемлекеттік техникалық реттеу
Мемлекеттік «Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы. Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген. Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы;
соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған.
Мемлекеттік«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы.
20.Өлшем құралдары метролгиялық аттестаттау
Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшемқұралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:
− автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;
− республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;
− осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялықжәне техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимдеқолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары;
− сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, оларүшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.
Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:
− өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;
− өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);
Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексерушіқондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттарұсынылады.
Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеруәдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялықаттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеруәдістемесін келісім шарт негізінде
21.22.23 Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзіреті
Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
1-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;
2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;
7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;
8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;
9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңы.Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) міндетті регламенттеу саласында: өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық кедергілерді жою; 2) стандарттау саласында: отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. 2. Техникалық реттеу: 1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi
25.. 1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) міндетті регламенттеу саласында: өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық кедергілерді жою; 2) стандарттау саласында: отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. 2. Техникалық реттеу: 1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.
26. өлшеу құралдары не үшін керек Қазақстан Мемлекетінің аумағында қолданылатын өлшем құралдары, соның ішінде заттардың және материалдардың құрамдарының, қасиеттерінің стандартты үлгілері; Өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаты бар техникалық құрал. Шама бірлігінің эталоны – уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) қайталауға, сақтауға арналған өлшем құралы. Алғашқы эталон – елдегі ең жоғарғы дәлдіктің бірлігін қайталауды қаматамасыз ететін эталон. Екінші эталон - өлшемін тек сонымен байланысқан берілген бірліктегі алғашқы эталоннан алатын, эталон. Салыстыру эталоны – бір – бірімен сол немесе басқа да себептермен өлшемдерін салыстыра алмайтын, салыстыруға арналған, эталон. Бастапқы эталон – бар эталондардың ішіндегі ең жоғарғы метрологиялық қасиетке ие, бұдан тәуелді өлшем құралының өлшем бірліктерін алатын эталон. Ұлттың эталон – ресми шешіммен танылған елде бастапқы ретінде қызмет ететін, эталон. Халықаралық эталон – халықаралық негіз болатын ұлттық эталонмен қайталанатын және сақталатын бірлік шамасын келісуге арналған халықаралық келісіммен қабылданған эталон. Жалқы эталон –бірлікті қайталауға және сақтауға арналған құрамында бір ғана өлшем құралы бар эталоны. Топтық эталон - өлшемнің жаңғыртылуының дәлдігін бірге көтеруге немесе сақталуға арналған құрамына бір түрдегі көрсетілген мәні немесе өлшем ауқымындағы өлшем құралының жиынтығы кіретін эталон. Тасымалданушы эталон - өлшем құралдарын берілген бірліктегі эталондарды салыстыруға тексеретін жерлерге тасмалдауға арналған эталон. Уақыт пен жиілікті өлшеудің схемасы.
.
27.28.Техникалық регламенттеу саласында.техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
28. Метр, фут қайдан шыққан? Дюйм дегенімізді қалай түсінесіз?
Өлшеулердің метрлік жүйесі XIX ғасырдың аяғында Ұлы француз революциясы кезінде пайда болды. Өлшеулердің метрлік жүйесі кірген өлшемдердің бірі-метр. іс-тәжірибенін талабына қарай ұзындықтың бірлігі метр. 1 метр Париждің географиялық меридиан үзындығы ширегінің он миллионнан бір бөлігіне тең.
XVІІІ ғ. Ресейде дюйм мен фут деген өлшемді пайдаланды. Ол ағылшандардың өлшем бірлігі. Орыс өлшеміне талды пайдаланды. Ол 3шынтаққа (152 см) тең. Петр І бұйрығы бойынша ағылшындардың өлшем бірлігі орыстардың да өлшем бірлігі болып келісілді. Сөйтіп, ресей метрологиясы мен еуропа метрологиясы бірікті.
Метрлік жүйенің Францияда 1840 ж пайда болды. Д.И Менделеев ФУТ (ағылш. foot — табан) — ұзындықтың көп тараған байырғы өлшемдерінің бірі. Ол өлшеуіштердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдер қазіргі кезде де кездеседі. 1 Ф. = 12 дюйм = 30,48 см. Әр түрлі тарихи кезеңдерде Ф-тың төмендегідей мәндері қолданылған: Ежелгі грек Ф-ы 30,8 см-ге, Ежелгі Рим Ф-ы 29,5 см-ге, Париж Ф-ы 32,48 см-ге, Ағылшын Ф-ы 30,48 см-ге, Дат Ф-ы 31,8 см-ге, Швед Ф-ы 29,69 см-ге, Вена Ф-ы 31,6 см-ге тең. Ағылшын Ф-ы шамамен табан тұрқына (ұзындығына) тең болған. Дюйм(голл. duіm, дәл мағынасы – бас бармақ) – 1) өлшемдердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдердегі ұзындық бірлігі. Бір дюйм – футтың 12-ден бірі, болмаса 25 милиметр шамасында. Өлшемдердің метрлік жүйесі енгенге дейін Ресейде қолданылып келген ұзындық бірлігі.
30 Стандарттаудың принциптері мен мақсаттары не?
Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
1.Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
2.Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.
3.Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.
4.Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.
5.Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
6.Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.
7.Стандарттаудың тиімділігі. Стандарттар тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау объектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа (жоғары) сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін емес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық оңтайлы болулары керек, яғни, ең жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.
8.Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
9.Стандарттаудың негізгі жағдайларын тұжырымды келтіру. Стандарттарда келтірілген нормаларды әр түрлі мәнде түсінуге жол берілмеуі керек.
10. Жинақтылық және оңтайлы иректеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді.
11. Талаптарды тексерудің әділеттілігі. Стандарттарда объектінің негізгі қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын,мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек. Өнімдерге қойылатын талаптарды әділ тексеру техникалық өлшеу құралдарының (приборлар, химиялық сынау тәсілдері) көмегімен, ал қызмет көрсету әлеуметтік және сараптамалық әдістермен жүргізіледі.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
· өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
· өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
· өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
· өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
· өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
· ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
· елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
· табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
28. Метр, фут қайдан шыққан? Дюйм дегенімізді қалай түсінесіз?
Өлшеулердің метрлік жүйесі XIX ғасырдың аяғында Ұлы француз революциясы кезінде пайда болды. Өлшеулердің метрлік жүйесі кірген өлшемдердің бірі-метр. іс-тәжірибенін талабына қарай ұзындықтың бірлігі метр. 1 метр Париждің географиялық меридиан үзындығы ширегінің он миллионнан бір бөлігіне тең.
XVІІІ ғ. Ресейде дюйм мен фут деген өлшемді пайдаланды. Ол ағылшандардың өлшем бірлігі. Орыс өлшеміне талды пайдаланды. Ол 3шынтаққа (152 см) тең. Петр І бұйрығы бойынша ағылшындардың өлшем бірлігі орыстардың да өлшем бірлігі болып келісілді. Сөйтіп, ресей метрологиясы мен еуропа метрологиясы бірікті.
Метрлік жүйенің Францияда 1840 ж пайда болды. Д.И Менделеев ФУТ (ағылш. foot — табан) — ұзындықтың көп тараған байырғы өлшемдерінің бірі. Ол өлшеуіштердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдер қазіргі кезде де кездеседі. 1 Ф. = 12 дюйм = 30,48 см. Әр түрлі тарихи кезеңдерде Ф-тың төмендегідей мәндері қолданылған: Ежелгі грек Ф-ы 30,8 см-ге, Ежелгі Рим Ф-ы 29,5 см-ге, Париж Ф-ы 32,48 см-ге, Ағылшын Ф-ы 30,48 см-ге, Дат Ф-ы 31,8 см-ге, Швед Ф-ы 29,69 см-ге, Вена Ф-ы 31,6 см-ге тең. Ағылшын Ф-ы шамамен табан тұрқына (ұзындығына) тең болған. Дюйм(голл. duіm, дәл мағынасы – бас бармақ) – 1) өлшемдердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдердегі ұзындық бірлігі. Бір дюйм – футтың 12-ден бірі, болмаса 25 милиметр шамасында. Өлшемдердің метрлік жүйесі енгенге дейін Ресейде қолданылып келген ұзындық бірлігі.