Рекреация түсінігі және курорттық іс әрекеттегі оның рөлі, Рекреациялық кеңістік

Рекреация латын сөзінен аударғанда «қайта толтыру», ол француз тілінен аударғанда ойын-сауық, демалыс іс-әрекет өзгерісі дегенді білдіреді. Осыған байланысты рекреация термині бос уақытта адамның таңдаушылық өмір іс-әрекетінің анықталған түрін сипаттаумен қатар, оның қызмет ететін кеңістігін де сипатталады.

Жалпы айтқанда, рекреация – күнделікті тұрғылықты жерінен тыс жерде арнайы арналған аймақты тәулікңтік, апталық және жылдық өмірлік цикл кезеңінде адамдардың емдеушілік, танушылық, спорттық және т.б. іс-әрекеттер үшін бос уақытты қолдану барысында пайда болатын құбылыс және қатынас жиынтығы.

Рекреация оның ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлінеді.

Қысқа мерзімді – рекреациялық жерге 1-2 сағатқа созылатын серуен . Ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Ұзақ мерзімді рекреацияны – туризм деп айтуға болады.

Айтылғандарды ескере отырып демалушы мен рекреант түсініктері турист түсінігіне қарағында кең қолданылады.

Сонымен қатар қандай да бір жерге барып, бірақ барған жерінде қонбайтын тұлғалар болады, мұндай рекреанттарды – экскурсанттар деп атайды.

Санаторлы – шипажайлық кәсіпорындардың басқару құрылымы

Санаторлы-курорттық жүйе ұйымдастырудың ерекше қағидаларын дайындауды талап етеді. Өйткені, ол бір жағынан табиғи емдік ресурстарды қолдануға, ал екінші жағынан емдік процесті ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан бұл саланың басты ерекше қасиеті арнайы мамандандырылған ғылыми ненгізде зерттеу мекемелерін тарту арқылы ғылыми негізінде тарту қажет. Емдік және басқа да табиғи факторларды қолдану негізінде науқастарды емдеуге болатынын немесе болмайтынын анықтайды. Бұл медициналық аспектілер курортология институттармен немесе медициналық-ребиолитация немесе физиотерапия орталықтармен зерттеледі.

Табиғи емдік ресурстарды табу, қолану және қорғау сұрақтармен арнайы гидрогеологиялық ұйымдар айналысады.

Емдеу орындарын және курорттық зоналарды аумақтық жоспарлаумен санаторлы-курорттық объектілерді жобалауды рекреациялық архитиктура мәселесімен айналысатын жобалық институттар айналысады.

Санаторлы-курорттық істің ұйымдастыруы 3 деңгейде жүргізіледі:

1. Жоғары деңгей: курортты және туризмді басқару бойынша мемлекеттік органдар (Туризм және спорт министірлігі) , Облыстық және аймақтық депортаменттер (ішінде туризм бөлімшелері).

2. Емдік қызметтерді өндірушілер: санаторлы-курорттық мекемелер (санаторийлер, пансионаттар), курорттан тыс мекемелер (санаториилер, профилакторийлер, минералды суды өндіруші зауыттар, емдік балшықтарды өндірушілер) санаторлы-курорттық мекемелер бірпрофелді (біртекті ауруды емдеу) және көппрофелді (әртүрлі ауруларды емдеу үшін мамандандырылған бөлімдер).

3. Емдік қызметті бөлуді жүзеге асырушылар. Оларға әлеуметтік сақтандыру қорлары және туристік фирмалар жатады. Мысалы, әлеуметтік сақтандыру қорлары жеңілдік бағалар бойынша курорттық жолдамаларды сатып алып оны бөлумен айналысатындар. Ал туристік фирмалар курорттық зоналарды сатып алып оны тұтынушыларға қайта сатумен айналысады.

Курорттық менеджерлері басқарушылар үшін нарықтық стратегияны дайындау қажет. Курортты дамыту үшін негізгі 4 стратегиялық тәсілі қолданылады:

1. Кардиналды өзгеру стратегиясы –курортқа жүктемеліктің төмендеу жағдайында қолданылады, бұл уақытта курорттың дамуына жалпы қоғамдық және жеке инвестициялар тарту мақсатында жүктемелікті көтеру мақсатын көздейді.

2. Өсуді сақтау стратегиясы –жаңа қызметтерді енгізу есебінен қолайсыз сыртқы жағдай барысында өсудің төменгі діңгейін қолдауға бағытталған.

3. Қол жеткізілген өсу стратегиясы –егер де курорт жаңа өнімнің шектелген жинағын иелене отырып жаңа нарықта жұмыс істеу мүмкіншілігі болмаған жағдайда қол жеткізілген деңгейде болу үшін қолданылады.

4. Таңдаушылық өсу стратегиясы –нарықтың нақты сегментіне бейімделген курортпен танылады.

Наши рекомендации