Маргарет Тэтчердің саяси портреті

Азақстан Президентінің Қытайға тұңғыш сапары

1993 жылы қазанның 18-27 күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барып, Қытай төрағасы Цзян Цзэминмен, Премьер министрі Ли Пэнмен кездсіп, келіссөзде жүргізіп, екі мемлекеттің өзара қатынастарын анықтайдын тұңғыш ресми құжат - «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық ынтымақтастықтың негіздері туралы бірлескен декларацияға» қол қойды. Бұл декларацияда Қазақстан мен Қытайдың сауда экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ерекше мән берілетіндігі атап өтілді. Шекара туралы шешілмеген мәселерерді талқылауды жалғастырға уағдаласты.

НАТО: негізгі мақсаттары және оған мүше елдер

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы, НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.

1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшелік етеді.

1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.

НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.

Ытай Премьері Ли Пеннің Алматыға сапары

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Пэн 1994 жылы сәуірдің 26-28 күндері Қазақстанға жасаған сапары барысында, «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге» қол қойылды.

Одан бөлек: Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы күрделі проблема - тарихтан мұра болып қалған мемлекеттік шекараны анықтау болатын. Бұл мәселе бойынша екі жақ ұзақ айтыс-тартыс жасамай, тату көршілікті көзде ұстай отырып, бір мәмілеге келді. 1997 жыл қыркүйек айының 24-25 күндері ҚХР Премьері Ли Пэн Қазақстанға ресми сапармен келіп, Перзидент Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз өткізіп, «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекарасы туралы қосымша шартқа» қол қойды. Сондай-ақ екі жақ «ҚР-ҚХР үкіметтері Мұна-газ саласында ынтымақтастық келісіміне» және Қытай мұнай-газ корпорациясы (China National Petroleum Corporation) мен Қазақстан энергетика және таукен ресурстар министрлігі мұнай игеру және құбыр тарту туралы 1997 жылы 4 маусымда Қытайдың Мұнай-газ корпорациясы Қазақстанның қаржы министрлігімен «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 60,3 пайыз акциясын сатып алу Шартына қол қойды. Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласында қол қойылған осы келісімдерді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ғасырлық келісім», - деп атады. Қазақстанға ірі көлемде қытай инвестициясының келуі осы жылдан бастау алды.

Толеранттық және оның маңызы

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Маргарет Тэтчердің саяси портреті

Маргарет Тэтчер: «Мен шаршамайынша кетпеймін. Ал Британияға керек болып тұрған кезімде, мен ешқашан да шаршамаймын!»

Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.

Маргарет Хильда Тэтчер — 1979—1990 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі ХХ ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.

Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді.

Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.

16. АҚШ саясаткері Г.Киссенджер

Әлем тарихында мемлекет басшысының көмекшісі болып-ақ, атап айтқанда, оның саяси саладағы кеңесшісі немесе уәзірі (министр) болып, өз мемлекетіне орасан зор еңбек сіңірген қайраткерлер аз емес. «Мемлекет басшысының даналығы оның кеңесшілерінің қарым-қабілеті мен еңбегінен және адалдығынан көрінеді» деген сөз де бар. Сондай танымал тұлғалардың бірі - XX ғасырдың халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы көрнекті өкілі Генри Киссинджер. 1923 жылы Германияда дүниеге келген ол 1938 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп келеді. Гарвард университетін бітіріп, диссертациясын қорғайды, көп ұзамай саясаттану ғылымының профессоры атанады.

Бірнеше жылдық ұстаздық және ғылыми-зерттеу жұмыстарынан кейін АҚШ президенттері Д.Эйзенхауэр, Дж.Кеннеди, Л.Джонсон тұсындағы үкіметте қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қызмет атқарады. Оның дипломатиялық қызметінің жеңісті кезеңі өткен ғасырдың 70-жылдарында көрінеді. Киссинджердің бұл кезеңдегі халықаралық қатынастарға прагматикалық көзқарасы екі астам держава АҚШ пен КСРО арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қайсы бір еңбегінде болмасын Г. Киссинджер Американың мүддесін қорғайды. Тіпті 1950 жылы бакалавр дәрежесін алудағы жазған дипломдық жұмысы мен 1954 жылы жазған докторлық диссертациясының тақырыптары да халықаралық саясат пен ондағы АҚШ мүддесіне арналды. 50-жылдардың соңына қарай жарық көрген «Ядролық қару және сыртқы саясат» монографиясы басқа елдерге де танылып, саясаттанудағы ең жоғары марапат – Вудро Вильсон атындағы сыйлыққа ие болады. 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдардың басында Г. Киссинджер АҚШ-тың Вьетнамдағы елшілігінің кеңесшісі, өкілі, Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарады. АҚШ-тың сыртқы саясаттағы қызметіне талдау жасаған ол АҚШ-тың Вьетнамнан кетуін қаламайды, бірақ ендігі жерде бұлай болудың мүмкін еместігін де жақсы түсінеді. Сондықтан да Вьетнамдағы соғысты тоқтатумен бірге АҚШ беделінің де түспеу жолдарын іздейді.

1970 жылы Парижде АҚШ президентінің тапсырмасымен Вьетнамдағы соғысты тоқтату мәселесі бойынша Вьетнам өкілдерімен астыртын келіссөз жүргізеді. Осы келіссөздердің арқасында Вьетнамдағы соғыс тоқтатылады, АҚШ-тың да беделі артады. Киссинджерге 1973 жылғы Нобель сыйлығының берілуі де осы саясаттың нәтижесі болатын.Бірақ қалай болғанда да Киссинджердің жүргізген келіссөздері мен дипломатиялық қарым-қабілетінің арқасында Вьетнамдағы соғыс тоқтатылған еді.

Наши рекомендации