Практикалық сабақ тақырыбы: Сын есім. Шырай категориясы.

Сабақ жоспары:

Сын есім.

Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері. Қатыстық сын есімдердің басқа сөз таптарына қатысы. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі.

Шырай категориясы.

Шырай категориясының мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі. Шырай түрлері топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі. Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары, әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

Бақылау сұрақтары:

4. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты қарай қалай жіктеледі?

5. Сын есімнің құрылымы жағынана қандай топтарға бөлінеді?

6. Сын есімнің түрлену жүйесі қандай?

7. Шырай ұғымның берілу жолдары қандай?

8. Сын есім семантикалық сипатына қарай қандай топтарға бөлінеді? Мысалдармен дәлелдеңіз.

8. Сын есімнің шырай категориясы дегеніміз не? Мысалдармен көрсетіңіз.

Глоссарий:

Синтаксистік тәсіл – көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы.

Лексикалық тәсіл – тіліміздегі көптік ұғымды біоліретін төздер тобы: жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары; ру, халық, ұлт, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары; өсімдік аттары, адамның ішкі құбылыстарынының, дүниелегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары.

Морфологиялық тәсіл – көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы.

Сапалық сын есімдер – қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер.

Қатыстық сын есімдер – морфемдік құрамы жағынан әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер.

Күрделі сын есімдер – тіліміздегі заттың белгісін білдіретін екі немесе одан да көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіретін сөздер.

Сын есімнің шырай категориясы – бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сөздер.

Тапсырмалар:

1.Сын есімдерді теріп алып, мағынасына, категориясына қарай кесте сызып, топтап жазыңыздар.

Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұңқар туады.

Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады.

Масылдан малбақпас туады,

Тілазардан қалжақпас туады,

Таздан жарғақбас туады,

Сараңнан бермес туады.

Соқырдан көрмес туады.

Мылжыңнан езбе туады,

Қыдырмадан кезбе туады.

2.Мәтіннен туынды және негізгі сын есімді, сапалық және қатыстық сын есімді теріп алып кесте арқылы көрсетңіз.

Адырсыз, жотасыз жазық алап,

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған.

Басында үш жеміс бар былқылдаған,

Бірі-ақ, бірі –қызыл, бірі –сары.

-Тыңдап ал, мен берейін бірін саған /Абай/

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ /Абай/.

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға /Абай/

3.Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін жағдайына бірнеше мысалдар жазыңыздар, олардың түрлену ерекшелігін түсіндіріңіщдер.

4.Мен, сен, ол деген есімдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалатынын айтып, оларды септңіздер де, ондағы өзгерісті түсіндіріңіздер.

5.Толық морфологиялық талдау жасаңыз

Жабылған кең желеуіш сықылданып, сол алапта бәрі де жауқазын гүлдей он бес мың отау-шатыр құрылған. Әр шатырдың үстінде әуелеп тұрған гүлге ұқсап, жүздеген жібек жалау желкілдеп тұр. Сол шатырдың ортасында, күңдердің ортасында тұрған ханышадай Ақсақ Темір көрегеннің шатыры тұр. Бұл шатыр төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза (М.Ж.).

6.Үзіндідегі сын есімдерге жалпы талдау жасаңыздар.

Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақ сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді, әсем бой жеткен. Жіңішке қап-қара қасы Абайға алдымен байқалады. Кейбір кішкентай қозғалыстарымен Тоғжанның қасын еске түсірген. Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген қоңырқай көздері саналы сияқты. Анда-санда күле қарап, жалт етіп қалғанда, әлдеқандай көп шұғылалы, мол сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу жүзінде жұқалаң, әсем қызылы бар (М.Ә.).

Содан былай бетінде қорасаннан қалған дағы бар бұжыр адамдай кейіпсіз, жаралы жартасты жергілікті жұрт Жүректас атап кетіпті. Ұсқынсыз тастың жүрекке ұқсайтын ештемесі болмаса да, адам баласы қасында барса-ақ, екі сәбидің қосыла соққан жүрек дыбысындай, әлгі жер бүкіл алапатымен дүңк-дүңк етіп, баяу соғып тұрады екен. (С.Ж.).

Блиц тест:

1. Сын есімнің тұлғасына қарай жіктелуі.

А. Дара, күрделі сын есім.

В. Деректі және дерексіз, жалпы және жалқы есімдер.

С. Нақты және абстрактілі, жанды және жансыз есімдер

Д. Жалпы және жалқы, күрделі және дара есімдер

2. Зат есімнің құрылымы жағынана қандай топтарға бөлінеді?

А. Туынды және түбір

В. Күрделі, біріккен

С. Жалаң, күрделі

Д. Қысқарған және негізгі

Наши рекомендации