Мемлекеттің экономикадағы рөлі

Тұтынушылар мен тауар өндірушілер экономиканы қалыптастыратын көптеген маңызды мәселелерін шешіп жатса, мемлекет қызметі АҚШ экономикасының кем дегенде төрт аумағына әсерін тигізеді.

Тұрақтандыру мен дамыту

Федералды үкімет экономиканың жалпы бағытын белгілен, жылдам өсімді, жұмыстандырудың жоғары деңгейін және бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етуді негіздейді. Үкімет шығын мен салық мөлшерін реттеп (фискалдық саясат) немесе ақшамен қамтамасыздандыруды басқарып және кредиттің пайдалануын қадағалай отырып (монетарлық саясат), нәтижесінде баға мен жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін экономикалық даму қарқынын баяулатып немесе жылдамдатып отырады.

1930-шы жылдардағы Ұлы Депрессиядай кейінгі жұмыссыздық пен экономикалық дамудың бәсеңдеген кезеңдері АҚШ экономикасы үшін жақсы дәріс болды деп есептелінеді. Экономикаға шындап дағдарыс қаупі төнгенде, үкімет экономиканы күшейту мақсатымен мемлекеттік қордағы ақшаны пайдаландыр тұтынушылар көбірек ақша жұмсасын деп салықты азайтты. 1970-ші жылдардағы бағалардың өсуі, әсіресе энергия көздері үшін, инфляция қаупін тудырды. Нәтижесінде, мемлекет басшылары салықтың азаюына қарсы тұрып, қосымша ақшамен қамтамасыз етіп шығынды шектеудің орнына, инфляцияны болдырмауға көңіл белді.

Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін амал-әрекеттер де 1960-шы және 1990-шы жылдар аралығында елеулі өзгерістерге ұшырады. 1960-шы жылдары үкімет салық саясаты, яғни мемлекеттік кірістерді басқару арқылы экономикаға әсер етемін деп ойлаған. Бірақ мемелекеттік шығындар мен салықты президент пен Конгресс бақылауға алған соң, сайланушы шенеуніктер экономиканы жүргізуде маңызды роль атқарады. Ақша құнының құлдырауы, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы кезеңдері халықтың салық салу саясатқа деген сенімін әлсіретті. Оның орнына проценттік ставкілер арқылы елді ақшамен қамтамасыз етуді қадағалайтын монетарлық саясаттың танымалдылығы артты. Монетарлық саясат Конгресс пен президентке тәуелсіз Федералдық сақтық қор кеңесі деген атпен белгілі, мемлекеттің орталық банкінің басшылығымен жүзеге асады.

Реттеу мен бақылау

АҚШ-тың федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен реттеп отырады. Экономикалық реттеулер тікелей немесе жанама түрде бағаларды қадағалауға бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.

Экономикалық реттеудің басқа формасы - нәсілшілдікке қарсы заң, тіке реттеудің қажет еместігін қаматамасыз ету арқылы, нарықтық қуатын күшейтуге талпыну. Үкімет пен кей кезде жеке жақтар бәсекелестікті мөлшерден тыс шектейтін әрекет немесе қосылуды рұқсат етпейтін заң ретінде нәсілшілдікке қарсы заңды пайдалайды. Сондай-ақ, үкімет жеке компанияларды бақылау арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік мақсаттарды орындайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін қадағалайтын басқарма кейбір зиянды өнімдерге тыйым салады; Кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау әкімшілігі жұмысшыларды жұмыс уақытындағы қауіп-қатерден қорғайды; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ауа мен судың ластанбауын қадағалайды.

Өткен ғасырдың соңғы үш он жылдығында американдықтардың реттеуге деген көзқарастары едәуір өзгерді. 1970-ші жылдардан бастап саясаткерлер экономикалық реттеулер әуе және жүк тасымалдау саласында тиімсіз компанияларды тұтынушыға зиян келтіріп қолдайтынына абыржи бастады. Сол уақытта технологиялық өзгерістер кезінде табиғи монополия саналатын телекоммуникаңия сияқты кейбір салаларда жаңа бәсекелестіктер тудырды. Бұның бәрі жеңілдетілген заңдар үрдісіне әкелді.

1970-ші, 1980-ші және 1990-шы жылдары екі саяси кампаниялардың басшылары экономикалық реттеу ауқымын азайтудың жақтаушылары болғанымен, әлеуметтік мақсаттарға жету үшін жасалған әрекеттер жөнінде келіспеушіліктер болды. Әлеуметтік реттеудің Ұлы Депрессиядан кейінгі, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде, сондай-ақ, 1960-шы, 1970-ші жылдары маңызы артты. Алайда, Рональд Рейган презенденті құрып тұрған 1980-ші жылдары үкімет экономикалық реттеулер еркін кәсіпкерлікке кедергі тудырады және бизнес құнының жоғарлауы инфляцияға әкеледі деп жұмысшыларды, түтынушыларды, қоршаған ортаны қорғау шараларынан бас тартты. Осы уақытқа дейін көптеген американдықтар ерекше жағдайлар мен ағымдар жайлы қобалжу танытады, өйткені олар үкіметтің кейбір салаларда, қоршаған ортаны қорғау секілді, жаңа нормаларды шығаруға мәжбүр етеді.

Кейбір азаматтар өз сайлаған өкілдері белгілі бір мәселе айналасында жедел және мұқият жұмыс атқармағанын сезсе, сотқа жүгінетін. Мысалы, 1990-шы жылдары жеке адамдар мен үкімет темекі шегудің денсаулыққа тигізген зияны үшін темекі шығаратын компаниялармен соттасты. Сөйтіп, темекі шегуден болған дерттерді емдеу құнын өтеу үшін штаттарды ұзақ мерзім ақшамен қамтамасыз етіп тұрған ірі қаржы құрылымдары жұмыс істеді.

Наши рекомендации