Балық саласының стратегиялық дамуының манызы мен аулау кәсібін жіктеуі
Қазақстаннның әртүрлі су қоймаларында әртүрлі балықтар бар: оларға,
ақ амур, атерина, каспий алакөзі, арал алакөзі,ақ балық, каспий горлапы, талас таутаны, жай ақмарқа (жерех), арал ақмарқасы, жерех-лысач, жылан балық, сары мөңке балық, сұр мөңке, шабақ балық, арал шаншар балығы, каспий арқан балығы (лосось), балқаш көкбасы (Маринка), іле көкбасы, арал сазаны, еуропа сазаны, қызыл балық (севрюга), жайын, жай көксерке (судак), арал қаязы, каспий қаязы, туркестан қаязы, құбылмалы бақтақ (форель радужная), амур шебачогы, арал май балығы, каспий май балығы (шемая) т.б жатады.
Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін балық түрлеріне: қылқан балық (арал популяциясы), сырдария тасбекіресі, волга көп аталықты майшабақтары, шортан тәріздес ақмарқа (жерех), арал қаязы, туркестан қаязы, шу остролучка балқаш алабұғасы , ақ балық және т.б. жатады.
Балық аулау кәсібін әуесқойлық, кәсіпшілік, ғылыми-зертеушілік және мелиорациялық аулау деп бөлінеді.
Әуесқойлық балық аулауда балық шаруашылығының су қоймаларының резервтік қорынан бір балықшыға балық ресурстарын бес килограмнан артық болмаса журналға тіркеу талап етілмейді.
Балық аулаумен айналысатын адам, әрбір аулауды кәсіпшілік журналға тіркеп отыр.Әуесқойлық балық аулауда әрбір балықшы 5 аспайтын ілмегі бар қармақтың барлық түрлерін, су астында аулаға арналған мылтықты және су жануарлары мен омыртқасыздарды, аулауға арналған арнайы құралдар мен ауларды пайдаланады. Су астында аулауға арналған ататын құралдар адамдар демалатын жерден тыс жерлерде қолданылады.
Әуесқойлық балық аулауда балық шаруашылғының су қоймаларының резервтік қорынан бір балықшыға балық ресурстарын бес килограмнан артық болмаса, осы Ереженің талаптарын, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды сақтаған жағдайда, ешқандай рұқсатсыз тегін аулауға рұқсат етіледі.
Ғылыми-зерттеушілік мақсаттағы балық аулауда, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына, аулау жері мен уақытын, қолданылған құралдарды көрсете отырып, тіркеледі.Журналға сонымен қатар балық аулауға жауапты тұлғалар туралы ақпарат және осы квотаны ары қарай пайдалану бойынша ақпарат енгізіледі.Бақылау балық аулауды жүргізуге қажетті негіз болып,аумақтық бөлімшенің ихтиологиялық қызметінің негіздемесі және басшының бұйрығы табылады.
Мелиорациялық мақсаттағы балық аулауды, балық шаруашылығының тиісті су қоймасы (тоғандар) бекітілген субьектілері жүргізеді, ал резервтік қорда белгіленген тәртіп бойынша мелиорациялық мақсатта аулауға рұқсат алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Балықтың бұл түрлерін сақтау, балық өсіру және балық аулаудың ерекшеліктерін есепке алады және ҚР заңымен анықталады.Үкімет жыл сайын балық аулаудың мерзімін балықтың уылдырық шашуы мен тоғандардағы балық қорының жағдайына қарай анықтайды.
ҚР үкіметінің 2013 жылдың 30 қаңтарындағы №64 «ҚР Үкіметінің 2005ж.18 наурыздағы № 246 «Балық аулау Ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстанның барлық су қоймаларында балық аулаудың тәртібі мен Ережелері анықталған.
Балық ресурстары мен су жануарларының кәсіпшілік көлемі ҚР Үкіметінің Қаулысымен анықталған:
Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні үшін:
1. Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасына дейінгі Шардара су қоймасы және Сырдария өзені:
Балық ресурстары мен су жануарларының кәсіпшілік көлемі (ары қарай мәтін бойынша балықтардың кәсіпшілік көлемі) сантиметрмен (ары қарай-см):
сазан - 35, судак - 38,ақ амур және дөңмаңдай (толстолобик) - 45, сом - 65, май балық (шемая) - 17, қылышбалық (чехонь) - 31, жерех (ақмарқа)- 31, ала көз балық- 18.
2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейін Сырдария өзені, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су қоймалары және Келес, Арыс өзендері:
Балықтардың кәсіпшілік көлемі, см:
сазан - 30, судак (көксерке) - 38, белоглазка - 18, шемая(сазан тұқымдас балық) - 17, жерех (ақмарқа) және қылышбалық (чехонь) - 31, ақ амур және толстолобик - 45, жайын - 65.
3. Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзені және Ірі, Кіші Арал теңізі:
Балықтардың кәсіпшілік көлемі, см: сазан - 35, жерех - 31, судак - 38, лещ (табан балық) - 20, арал тортасы- 17.
4. Қызылорда облысы аумағындағы су қоймалары:
Балықтардың кәсіпшілік көлемі, см: сазан - 32, көксерке (судак)- 38, лещ (табан балық) - 20, торта - 17, жерех (ақмарқа) - 31, ақ амур және дөңмаңдай балық ( толстолобик) - 45.