Бап. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жумыстарды орындау не қызметтер көрсету

1.Тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай кел-мейтін тауарларды шыгару немесе сату, жумыстарды орындау не қызметтер көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми құжатты қуқыққа сый-ымсыз беру немесе пайдалану, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулыгына зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар:

1) жас балаларга арналган тауарларга, жумыстарға немесе көрсетілетін ңызметтерге қатысты жасалса;

2) абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулыгына зиян келтіруге экеп соқса -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы, қосымша тікелей объект - тұтынушылардың мүліктік қүдығы, қауіпсіздігі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - түлынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауар, жұмыс орындау, не қызмет көрсету, сол сиякты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талап­тарына сай келетіндігін куэландыратын ресми құжат.

Тауар - тұтынушылық құны бар, сату үшін өндірілген еңбектің өнімі.

Жүмыс - құрылыс, жөндеу немесе басқа нэрселерді жасау немесе өңдеуге байланыс-ты өндірістік қызмет.

Қызмет көрсету - тұрғындарға тұрғын-үй, коммуналдық, тұрмыстық, медициналық жэне басқа да көмек көрсету арқылы біреуге пайда келтіретін эрекеттер.

Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан алғанда тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптары­на сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куэландыратын ресми қркатты құқықкд сыйымсыз беру немесе пайдалану егер Бұл іс-эрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге экеп соқса деп сипатталады.

Шыгару деп - өндірушілердің тауарларды тікелей тұтынушыларға беруін базарларға, дүкендерге, сауда орындарына өткізуін айтамыз. Сату деп сертификаты жоқ тауарларды немесе жалған сертификатпен тауарларды белгілі бір ақыға өткізуді айтамыз.

Жұмыс орындау деп — адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талапта-рына сай келмейтін өндірістік қызмет немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуді айтамыз. Мысалы, тұрғызылған тұрғын жай санитарлық нормаға сай емес, жөнделген зат сапасыз.

Қызмет көрсету деп - белгілі бір коммуналдық, тұрмыстық, почта-телеграф, қонақжайлық қызметтерді атқаруды айтамыз.

Аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай кел-мейтіндігін куэландыратын ресми құжат беруге - мемлекеттік стандартқа сай келмейтін эр түрлі қркаттар, тұгынушыларға лицензиялар; талондар, кепілді квитанциялар беру жатады.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі көрсетілген эрекеттердің адам өміріне зиян келтіруі болып табылады. Зиян денсаулыққа, жеңіл, орта, ауыр жарақат келтіру, адамды дертке ұшыратумен ұштасуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген эрекеттер мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс құрамы -материалдық.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан кінэлінің абайсыздық ныса-нында жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.

ҚК-тің 306-бабының 2-тармағында осы қылмыстың мынадай ауырлататын түрлері: а) жас балаларға арналған тауарлар, жұмыс немесе қызметте жасалса (ойыншықтар, тамақтандыру); б) абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян кел-тірілуіне экеп соқса; в) абайсызда кісі өліміне экеп соққаны үшін жауаптылық белгілен-ген.

Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соқкан эрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген.

§3. Имандылыққа қарсы қылмыстар

Имандылыққа қарсы топқа жататын қылмыстардың тікелей объектісі қоғамда орын алып отырған моральдық, крғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Олардың түрлері де сан алуан. Енді соларға жеке-жеке тоқталып өтейік.

Наши рекомендации