Бап. Буйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
1.Бағынбау, ягни бастықтың буйрыгын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленгентәртіппен берілгенбуйрыгын бағыныштыныңөзгедей қасақана орында-мауы-
2.Қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген дал сол іс-арекеттер -
3.Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байпасу арңылы адамдар тобы жасаган, сол сияқты ауыр зардаптарга әкеп соққан іс-әрекеттер–
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, үрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалған іс-әрекеттер -
5.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, сотые уақытында жасалган іс-әрекеттер -
6.Қызметке ұқыпсыз қарау не адал ңарамау салдарынан бұйрықты ауыр зардаптарға әкеп соққан орындамау -
7.Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, согыс уақытында, үрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган іс-әрекет -
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқгы бастықтың белгіленген тэртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, өзгедей қасақана орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыстық құқық бұзушылык қүрамы көрсетіліп тұр. Оның бірін-шісі бағынбау, яғни бастықтың занды бұйрығын орындаудан ашык, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей эдейі орындамау - яғни бастықтың белгіленген тэртіппен, занды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының эдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талап-тарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа эрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.
Бағынбау мен бұйрықты өзгедей эдейі орындамау іс-эрекетінен қызмет мүдцесіне елеулі зиян келтірілуі қажет (ҚК-тің 437-бабының 2-тармағы). Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-эрекеттен әскери тәртіптің ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына эр түрлі дэрежедегі жарақат келтірілсе немесе эскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.
Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны эдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасын-да себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыстық қүкътқ бұзушылық құрамы материалдық.
Субъективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған сол сияқты ауыр зардаптарға экеп соққан іс-эрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (437-баптың 3-тармағы).
Әскери қылмыстарды адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасау белгісі бойынша саралаған кезде ҚК-нің 31-бабының ережелерін ескеру қажет.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бір-біріне бағыныштылык қатынастарының маңызы жоқ екі жэне одан да көп эскери қызметші қатысқан жағдайлардағы эрекеттер аталған саралаушы белгілер бойынша саралануы тиіс, сондай-ақ олармен бірге қылмыс жасауға қатысқан эскери қызметші болып табылмайтын адамдардың эрекеттері ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші ретінде эскери қылмыс жасауға қатысу деп саралауға жатады (ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысының 8-тармағы).
Ауыр зардаптарға қасакана денеге орта дэрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; эскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; эскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады.
Осы баптың бірінші жэне екінші немесе үшінші бөліктеріндегі көзделген эрекеттер қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда Бұл осы қьшмыстың аса ауырлататын түріне жатады (467-баптың 4-тармағы).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 5-тармағында көрсетілген.
Қызметке ұқыпсыз не адал қарамаудың салдарынан ауыр зардаптарга экеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық ҚК-тің 437-бабының 6-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген ауыр зардап-пен бірдей болуы да мүмкін. ҚК-тің 437-бабының 6-тармағындағы қылмыс құрамы субъ-ективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқү_райдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады.
Егер осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе ұрыс жагдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда кінэлінің жазасы арта түседі, ол үшін жауаптылық ҚК-тің 437-бабының 7-тармағында көзделген.