Тақырыбы: Азиядағы дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Азияның жаңа индустриялы елдері, соның ішінде Корея Республикасы туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып-үйрену.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Корея Республикасының табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім-бар жоғын анықтайды.
ІІ Сабақ барысында келесі жоспарлар орындалады: 1. Корея Республикасының экономикалық – географиялық орнының басты ерекшеліктері айтылады. («Материктермен мұхиттардың физикалық географиясынан» алған білімдеріне сүйенеді.) 2. Табиғат жағдайы мен ресурстары. 3. Халқы туралы сипаттама. 4. Экономикасы. Ел экономикасы дамуының басты факторы – экономикалық саясатының жүргізілуі туралы айтылады.   Оқушылар мұғалімнің жоспар бойынша қысқыша шолуын тыңдап, өздері жоспар бойынша толық сипаттама береді: Корея Республикасының құрамына кіретін жерлерге сипаттама беріледі: а) жер бедерінің басты ерекшеліктері; ә) пайдалы қазбалары; б) климат жағдайы, климаттық көрсеткіштері; в) ішкі суларының маңызы; г) өсімдік жамылғысы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйенеді. Халқы туралы сипаттама мынадай жоспар түрінде беріледі де, оқулық материалдарына сүйенеді: а) халық саны, тығыздығы; ә) халықтың ұлттық құрамы; б) халықтың табиғи өсуі, өмір жасының ұзақтығы, жастық-жыныстық құрамы; в) днсаулық сақтау ісі; г) еңбек ресурстары. 4. Экономикасы. Үкіметтің «экспорттық саясаты» дамытуға бағдар алуы, оның ішінде: а) машина жасау, кеме жасау өнеркәсібінің дамуы; ә) өнеркәсіптің металлургия саласының дамуы; б) мұнай-химиясының дамуы: в) электроника, электр техникасын жасау бойынша оқулық материалдарына сүйене отырып сипаттама беру; г) сыртқы экономикалық байланыстарды дүние жүзінің алдынғы қатарлы елдерінің біріне жатады, оған оқулық материлдарынан мысалдар келтіру, Корея Республикасының Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) кіруі туралы айтылады. Қазақстан мен Корея Республикасының арасында экономикалық бағыт дамуда. Қазіргі кезде Қазақстанда 2001 жылы қазақ-корея кәсіпорнының саны 119-ға жетті. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуде. Міне, осы бағытта нақты мысалдар келтіру.
ІІІ Бекіту сұрақтары: 1. Корея Республикасының геосаяси жағдайының басты ерекшелігі қандай? 2. Корея Республикасы экономисының өркендеуіне қандай фактордың әсері болады? 3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар қалай дамуда?  
ІV Үйге тапсырма: 1. Геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтап, сипаттама жазу. 2. Корея Республикасы экономикасының дамуындағы алғышарттарды анықтап, дәптерге жазу. 3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар туралы реферат жазу. 4. Хрестоматиядағы жаңа индустриялы елдер туралы мақалмен танысу. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды. Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
VI Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.

Наши рекомендации