АӨСШК құрылымы мен институттары, негізгі мақсаты

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК) АӨСШК құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

ШЫҰ мен АӨСШК тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жағынан мақсаттары мен міндеттері ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі ұйым бірін-бірі қайталамайды, әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге арналған кеңейтілген форум болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК Азия құрлығындағы қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы маңызды фактор ретінде танылып отыр.

Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым).

Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).

Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Қорхан Қаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан).

Қазіргі уақытта АӨСШК-ға мүше мемлекеттер мыналар: Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай, Моңғолия, Мысыр, Үндістан, Иран, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан; бақылаушы мемлекеттер: Вьетнам, Индонезия, Малайзия, Жапония, Украина және АҚШ. Сонымен қатар, АӨСШК-ға БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ қатысады. Негізгі құжаттарының рухын сақтай отырып, АӨСШК өзінің басты мақсатына – Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамытуға бағытталған көпжақты көзқарастар қалыптастыру арқылы ынтымақтастықты кеңейтуге қол жеткізу үшін құқықтың үстемдігі, мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және экономикалық, әлеуметтік, мәдени ықпалдастық қағидаттарына негізделген өз саясатын жүргізеді. АӨСШК шеңберіндегі барлық шешім мәмілеге келу жолымен қабылданады.

АӨСШК аясында сенім шараларын жүзеге асыру процесі басталып та кетті. Мүше 12 мемлекет ерікті түрде сенім шаралары; жаңа шарттар мен қатерлер саласы; көлік дәліздерінің қауіпсіз және тиімді жүйелерін дамыту; есірткімен күрес; ұлттық апаттарды еңсеру; ақпараттық технологиялар; энергетикалық қауіпсіздік; шағын және орта кәсіпорындарды дамыту; туризм бойынша гуманитарлық өлшемдегі белгілі бір жобаларды имплементациялауды (мемлекеттің халықаралық құқық нормаларын орындауын) үйлестіруші немесе бірлесе үйлестіруші ел ретінде бой көрсетеді. Жаңа шарттар мен қатерлер, заңсыз есірткі айналымымен күрес салаларындағы гуманитарлық өлшемдегі тұжырымдамалар және/немесе іс-қимыл жоспарлары қабылданды, сондай-ақ, өзге салалардағы тұжырымдамалар қарастырылады.

88.Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық орны

Қазақстанда ұлттық мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланып, елдің аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді. Ел сенімді түрде дамудың нарықтық қатынас жолы­на қадам басып, әлемдік экономикаға сәтті енді. Бүгінде Қазақстан – бұл та­быс­ты, динамикалық сипатта дамып, әлемдік үдерістерде елеулі рөл атқарып отырған мемлекет. Біздің елімізді өзгелер бәсекеге қабілетті мемлекет деп біледі, онысы ХХІ ғасырдың түрлі сынақтары мен қатер­леріне уақтылы және тиімді қам-қаре­кеттерімен дәлелденіп отырғандай.

Қазақстанның Еуропадағы жетекші ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі де елдің жетістіктерін мойындаудың, сондай-ақ әлемдік аренадағы Нұрсұлтан Назар­баевтың жоғары беделінің айқын дәлелі болды. Оған Еуропа елдері басшы­ларының, араларындағы қарама-қайшы­лықтарға қарамастан, саяси ерік-жігерін оятудың, 11 жылдан соң бірінші рет Астанада Ұйым Саммитін өткізіп, жаңа тарихи жағдайда Хельсинки рухын тірілтудің сәті түсті.

Сөз жоқ, біздің еліміздің халықаралық деңгейдегі жоғары беделінің іргетасы сонау 1990 жылдардың басында Қазақстан Көшбасшысы ядролық қарусыздану бас­тамасын көтергенде қаланған болатын. 1991 жылы ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту және Семейдегі сынақ поли­гонын жабу жаһандық ядролық қару­сыздану мен оны таратпау ісіне елеулі үлес болып қосылды. Бұл шешім біздің еліміздің ядролық емес мәртебесінің негізін қалап қана қоймай, шын мәнісінде ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі әлемдік үдерістің бастауына айналды.

Қазақстан Президенті – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы стра­те­гиялық әріптестіктің сенімді жақ­тау­шы­сы. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ға­сырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақ­тастық туралы Декларацияның, ға­жайып «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі және Каспийдің қойнауын игеру жө­ніндегі елеулі келісімшарттардың қа­былдануы — осының нақты дәлелі.

Нұрсұлтан Назарбаев жасаған және жүзеге асырған жетістіктің формуласы бір жағынан, реформаларды жүргізу ба­рысында Қазақстанның жаратылыстық артықшылықтарына: табиғи байлықта­рына, географиялық жағдайына, қуатты адами капиталына негізделген болса, екінші жағынан, Қазақстан Президентінің Еуразия мемлекеттерімен интеграцияны сатылы түрде тереңдете жүргізуі де маңызды фактор саналады.

Қазіргі таңда экономикалық интеграция жаңа, мейлінше тұрақты да әділетті әлемдік тәртіпті қалыптастырудың басты құралы болып отыр. Терең иірімді өз­герістер, түбегейлі өзгеріп бара жатқан бүгінгі дүние «білім экономикасына» көшуге, озық технологияларды ендіру мен таратуға, инновациялық дамудың әлеуеттерін тиімді пайдалануға жаңаша ғажайып мүмкіндіктер тудыруда.

89 сурак Еуразиялық одақ және басқа халықаралық экономикалық ұйымдар. Ерекшелігі және ұқсастығы.

Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Одағын (ЕАО) құру туралы өзінің жоспарын 1994 жылы ерте көктемде Ұлыбританияға барған ресми сапары шеңберінде оны халықаралық мәселелерді зерттейтін король институтына лекция оқуға шақырғанда алғаш рет жария еткен. Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде ол «Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктің дамуы екі бағытпен айқындалды: бір жағынан, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы жүріп жатыр, екінші жағынан, ТМД елдерінің интеграциялық бағыты байқалды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының өзін реформалау қажеттілігі пісіп жетті, мұның өзі аймақта тұрақтану белдеуі мен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етер еді және саяси эволюцияны болжаудың дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні кәдік»/1/-деп мәлімдеген еді.

Мұндай аса құрметті жиынға Н.Ә.Назарбаевты шақыруларының тағы бір себебі Лондонда бір кездегі премьер-министірлері «темір леди» атанған Маргарет Тэтчердің біздің президентіміз туралы айтқан сөздері де естерінде еді. «Бүтінде, әлем бес-алты ғана беделді саясаткерлерді біледі, — деген еді Маргарет Тэтчер, — Н.Ә.Назарбаев солардың ішінде» /2/. Бұдан біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің дамыған ел басшылары арасында таныла бастағанын байқауымызға болады.

1994 жылы наурыздың 29-ы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Одақ құру идеясын Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорларының алдында көпшілік талқысына шығарған еді. Уақыт тамырын дәл басып айтылған идея өзінің өміршеңдігін көрсетіп, көп ұзамай нақты ықпалдастық ұйым ретінде қалыптасты. Бұл идея іс жүзінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ауқымында ғана емес, Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының, кейіннен Біртұтас экономикалық кеңістік секілді ықпалдастық ұйымдардың аясында да жалғасын тапқаны мәлім. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Кеңес Одағының бейбіт ыдырауын қамтамасыз еткенімен, бұл уақыт оның аясындағы елдердің көпшілігі саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырап, әрі қарай бірлесіп дамудың ешқандай айқын бағдары жоқ кезең болатын. 1994 жылы Елбасы ұсынған жаңа құрылымның ТМД-дан бөлек, өзіндік мақсаттары айқын, әрі мемлекеттердің экономикалық мүмкіндіктерін жақындастыруға бағытталған-ды. Ондағы негізгі мақсат тәуелсіз мемлекеттердің саяси атрибуттарын толық сақтай отырып, экономикалық одақ құру болды. Осыған орай Елбасы сол кезең үшін өзекті болған мемлекеттердің жер аумақтарының тұтастығын, шекараның беріктігін қамтамасыз етіп, еларалық қатынастарда саяси және басқа да қысымдар көрсетуден, әсіресе өзара жанжал мен әскери қақтығыстардан бас тартуды ұсынды. Бұл идея жалпы қолдау тапқанымен, оған сенімсіздікпен немесе қызғанышпен қарағандар да табылды. Бірақ, уақыт үшін өзекті мәселелерге бағытталған идея өміршеңдігін дәлелдеп, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия ынтымақтастығы, БЭК және Ұжымдық қауіпсіздік шарты секілді ықпалдастық ұйымдар арқылы жүзеге аса бастады.

90 суракЕуразиялық Одақтағы Ресейдің, Беларустың және Қазақстанның үлес салмағы және одаққа берілген бағалар.

20 жыл ішінде Қазақстан, Ресей және Беларуссия нарықтық экономикаға көшу барысында көп кедергілерді бағындырды. Олар әлемдік халықтық шаруашылықта жаңа сауда-экономикалық байланысты табу үшін еңбектенді.

Мемлекеттік егемендік пен тұрақталған экономика экономикалық еркіндік пен экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етпейді. Жаһандану үрдісі жаңа нарық орнына күреспен үлеседі, бұл орайда ел компаниялары өзінің бәсекелестік әлеуетіне сүйенеді. Екінші жағынан барлық ел халықаралық саудада кедергілерді жоюға ұмтылады. Мұндай жағдайда көбінесе жеке мемлекеттерге экономикалық ұйымдар қажет.

Осыған орай, барлық елдер үшін аймақтың блоктар нығайтылуда оның ішінде, ЕК, НАФТА, МЕР-КОСУР, АСЕАН, АТЭК одақтары бар.

Әлемде 300 сауда-экономикалық одақ бар, барлық елдер осы жүйе құрамында. Осы сынды ұйым бізде де пайда болады.

«Біз XXI ғасырда технологиялық серпін жасау үшін экономикалық одақ құрудамыз. Үш мемлекет жаһандық бәсекелестікке төтеп беру үшін бірігуде. Ол тиімсіз болады деп күмәндануға жол жоқ. 21 ғасырда Еуразиялық интеграциядан өзге көңіл көншітетін бағыт жоқтың қасы», - деді Н. Назарбаев.

Одаққа жету жолы оңайға соқпады. Наурыз айында Н. Назарбаев,Лукашенко мен Путин кездесуінде келісім шарт дайындығы 70-80 пайызға жеткендігі анықталды. Қысқасынан, беларусь президенті КО құруды алкоголь, газ, мұнай, дәрі, табак өнімдерін қысқартпай құруды ұсынды. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев «ЕАЭО құрылуы халықаралық құқықтың жеке субьектісі болып, өз атынан мүшелеріне халықаралық келісім шарт ұсынуға құзіретті болуын» ұсынды.

Астанада осы экономикалық одақты құру туралы маңызды құжатқа Ресей, Беларусь және Қазақстан мемле­кет­терінің басшылары қол қояды.

Әлем қауымдастығының назарын өзіне ерекше аударып отырған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы биылғы жылдың басты оқиғасы екені анық. Бұл туралы ақпараттар тасқыны жазып та, айтып та жатыр. Өмірдің заңы солай. Жағымды жаңалық жерде жатпайды. Осы орайда атам қазақтың «Себепсіз шөлмек сынбайды» деген даналық сөзі еріксіз еске түседі. Олай дейтініміз: Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяның көш басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екендігін әлем жұрты әлдеқашан мойындаған. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Мәскеу университетінде сөйлеген сөзінде Елбасы мұны жалпақ әлемге жария еткен болатын.

Елбасы өзінің «Еуразиялық эконо­микалық одақ: теория әлде нақтылық» деген мақаласында да бұл жөнінде терең ашып жазған еді. «Бүгінде, Достастықтың барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы тұрудың жолдарын іздестіріп жатқанда, экономикалық проблемаларды жеке дара жүріп еңсеруге болмайтынына көз жеткен кезде тағдыр еуразиялық интеграция тұжырымдамасының көкейкестілігін тағы бір рет тиянақтап отыр» деген жолдарды сол мақаладан оқуға болады. Бұл, тұжырымдаманың мәні үлкен әрі өте өміршең екендігін қазір уақыттың өзі дәлел­деп отыр. Осыған орай өз ойын Беларусь Республикасының Еуразиялық эко­но­микалық одақ комиссияы мүшесі С.Н.Румас «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Менің ойымша, оның мәні мынада: біздің елдеріміз өздерінің ұлттық экономикаларының орнықты өсуін тек бірлесу, күш-жігерлерін жұмылдыру және халық шаруашылығының барлық салаларындағы көзқарастарын өзара келісе, бір-бірін толықтыра жүру арқылы ғана қамтамасыз ете алады», – деп түйіндеген болатын.

Қазіргі сағатқа дейін Астанада қол қойылатын үшжақты келісімшарттың мән-маңызына байланысты көптеген жағымды пікірлердің айтылып келгені де белгілі. Соның бірі – ХVIII Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресей Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты дамыту қажеттігін айта келе: «2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ заңдық тұрғыда күшіне енуге тиіс. Халқының саны 170 млн. адамды құрайтын Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің ортақ экономикалық нарығы түзіледі. Бұл нарық арқылы капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет көрсету салалары бойынша еркін байланысқа түсеміз. Кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер мол болады. Сондай-ақ, бірлескен инвес­тициялық және кооперативтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге қол жеткізіледі», – деген еді.
Қалай деседе, Еураззиялық ықпалдас­тықтың артықшылықтары көп екендігін сарапшылардың қай-қайсысы да жоққа шығармайды. Оның елге тиімді эконо­микалық одақ екендігін дәлелдейтін пайым­даулар мен болжамдардың жиі айты­латыны да сондықтан болуы керек. Мы­салы, Кеден одағын құрып, бірыңғай сыртқы сауда саясатын ұстану нәтижесі көңіл қуантарлық көрсеткіштерге толы болуы осыны аңғартады. Одаққа бірігуші үш мемлекет – Қазақстан, Ресей, Беларусь үшін Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аймағында өзара сауда-саттықтың арта түскендігі де жиі айтылады. 2013 жылы Қазақстанның Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерімен сауда айналамы 24.2 млрд. АҚШ долларын құраған екен. Кеден одағы құрылған 2009 жылдан бері осы одаққа мүше елдер тауар айналымы 88.3 пайызға өскендігі байқалады. 2010-2013 жылдар аралығында орташа жылдық тауар айналымының 18.4 пайызды құрағаны да белгілі.
Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі артықшылықтарының біріне отан­дық тауар өндірушілер нарығының кеңей­тілетінін жатқызған жөн. Мысалы, Еуразиялық даму банкінің сараптама орталығының зерттеулеріне қарағанда Кеден одағы мемлекеттері нарығының жалпы көлемі 2 трлн. АҚШ долларына теңеліп, адам ресурсы – 170 миллионды, жер аумағы – 20 миллион шаршы шақырымды, ал өнім өндіру әлеуеті 600 миллион долларды құрайды екен. Бұл ішкі нарығы 17 миллион адаммен ғана шектеліп отырған Қазақстан үшін айтарлықтай маңызды екендігі анық. Мәселен шалғайда әрі шашыраңқы жатқан аймақта қандайда бір зауыт салына қалса, оның өнімдерін жүздеген шақырым қашықта жатқан басқа тұтынушыларға жеткізу соншалықты қиынға соғар еді. Сол себепті өзінің ісін өркендетуді көздеген қазақ кәсіпкері үшін нарықтың кеңеюінің ұтымды болатындығы белгілі. Ел экономикасының дамуына жаңадан ашылатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар есебінен жаңа жұмыс орындарының пайда болу мүмкіндіктері де туады. Өз кезегінде мұндай жағдай халықтың әл-ауқатының артуына және жұмыссыздықтың азайуына үлкен септігін тигізеді.
Экономикалық одақ құрудың тағы бір артықшылығы – бұл кезеңде көлік шығындары да біршама азаятын болады. Қазақстан аумағы жағынан қанша кең әрі үлкен болса да, өз экспортын әлемдік нарыққа жеткізу жағ­дайы төмен, теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ, құрлық ішіндегі мемлекет. Бұл жағдай қазақстандық экспорт­тың құны төмендеп, көлік және логистикадағы үлесінің шығынын арттыра түседі. Сондықтан ресейлік және беларустық көлік инфрақұрылымдары арқылы қа­зақ­стандық экспортқа жаңа мүмкін­діктер ашылатын болады. Сөйтіп, көлік шығындарын азайтуға да мол мүмкіндіктер туады.
Келесі мүмкіндік – Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы ықпал- дастық кеңестігін құру «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансаймақтық жобасын жүзеге асыру немесе ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту мәселесін едәуір жеңілдетеді. Егер бұрындары еуропалық және азиялық тауар өндірушілерге үш бірдей мемлекеттің шекарасын басып өтуі қажет болса, енді бұдан былай еуразиялық жобаны жүзеге асыру арқылы жүктердің аймақаралық тасымалын жеңілдететін бірыңғай кеден тарифтері мен стандарттары бар кеңістік құ-рылатын болады.
Жаңа одақтың тұсында экономиканы әртараптандыруға да елеулі серпін беріледі. Еуразиялық экономикалық комиссия аясында қол жеткізілген келісімдер осы саладағы әлеуетті жүзеге асырудың жаңа тетіктерін қолдануға жол ашады. Атап айтқанда, Кеден Одағы мемлекттеріне өңделген тауар экспорттау үлесі анағұрлым арта түсетін болады. Соның нәтижесінде экспорттағы өңделген тауарлар үлесі 44.9 пайыздан 54.6 пайызға дейін өскендігі байқалады.
Экономиканың кез келген саласын дамыту негізі – шетелдік капитал мен технологиялардың тұрақты ағымы екендігі белгілі. Келісім нәтижесінде шетелдік инвестициялар ағымын арттыруға жол ашылатын болады. Қазақстан ең алдымен шикізаттық емес салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруы қажет.
Кедендік одақ құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеу әсіпорындарына құйылатын тікелей шетелдік инвестиция 2009жылғы 1.8 миллиардтан 88 пайызға өсіп, 2012 жылы 3.4 млрд. АҚШ долларына жетті. Оған қоса осы мерзімде тікелей шетелдік инвестиция 33 пайызға, яғни, 21.4 миллиард АҚШ долларынан 28.3 миллиард долларға дейін өскен. Міне, мұның бәрі экономикалық ықпалдастықтың оң нәтиже беретіндігін көрсетеді.
– Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоюға әзірлік барысында көптеген шаруалар тындырылды. Ең бастысы, қажетті жобалар Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып жасалынды. – дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев, осы аптаның дүйсенбісінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстан тарапынан одақтың саясаттануына жол берілмейді. Сондықтан Қазақстан азаматтары Еуразиялық эко­номикалық одаққа қатысты қобалжы­мауларына болады. ЕЭО еліміздің экономикасына үлкен экономикалық мүмкіндіктер туғызады.
– Еуразиялық эконмикалық одақта бірың­ғай валюта болмайды. – деді Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде журналистерге берген жауабында Әділет мнистрінің орынбасары Эльвира Азимова – Бұл норма келісімшарт жобасында қарастырылмаған.
Сонымен қатар брифингте вице-министр С.Ордабаев Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі жобаларды талқылау кезінде Қазақстан жағы одан жалпы азаматтық, жалпы шекаралық күзет, ішкі саясат, парламентаралық ынтымақтастық, визалық саясат, т.б. мәселелердің талқылаудан алып тастағандығын мәлім етті.
Қорыта айтқанда, келіссөз барысында Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің Президенттері тек экономикаға қатысты күрмеуі қиын, ең өзекті деген мәселелерді іскерлікпен жан-жақты талқылап, соған орай қабылданатын ең ең маңызды құжаттарға қолдарын қоятын болады.

Наши рекомендации