Азақстан Республикасында валюта нарығының жағдайы

Валюталық нарықты екi мағынада түсiнуге болады. Бiрiншiден, валюталық нарық - шетел валюталары мен валюталық құндылықтарды сату және сатып алу барысында туындайтын экономикалық қатынастарды бiлдiрсе екiншiден, сұраныс пен ұсыным бойынша шетел валюталарының сауда-саттығы жасалатын арнайы жүйенi бiлдiредi. Валюталық нарық халықаралық есеп айырысудың уақтылы жүргiзiлуiн және валюталық қаражаттардың тиiмдi жұмсалуын қамтамасыз ете отырып, валюталық курсты анықтауға сондай-ақ валюталық нарықтағы жағдайға қарай валюталық саясаттың басты бағыттары мен формаларын айқындауға жағдай жасайды Кәсiпорындар валюталық нарыққа импорт бойынша есеп айырысуға қажеттi валюталар сатып алу үшiн және экспорт бойынша шетел валюталарымен түскен түсiмдерiн сату немесе айырбастау үшiн қатысады.
Валюта нарығындағы сауда-саттық жергiлiктi уақытпен таңертеңгi сағат 9-да басталады. Оған дайiн валюталық дилер электрондық информациялық жүйе арқылы өзге нарықтардағы курстардың өзгерiсi жөнiнде анықтап тiркейдi. Уақыт айырмашылығымен байланысты Европа нарығында ендi жұмыс басталса, америка валюта нарығы жабық болып, азия нарығы ендi жұмысын аяқтап жатады. Валюталық информациялық таблода /экран агентства Рейтер/ АҚШ долларының өзге валюталарға қатысты спот-курсы, алтын мен күмiстiң бағасы көрсетiледi және олар үнемi өзгерiп отырады.
Нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы Қазақстанда валюта нарығының қалыптасуына ықпал еттi. 1992 жылы маусым айында Қазақстанда банкаралық валюталық биржа (AFІNEX) ашылды. Ол Қазақстанда валюталық қатынастарды ұйымдастыруға және дамытуға жағдай жасады. Онда валюталарды сату және сатып алу сұраныс пен ұсыныстың негiзiнде атқарылады. 1995 жылы Қазақстан Алматы қаласында ашылған дилинг-орталық компаниясы арқылы халықаралық валюталық нарыққа (FOREX) шығу мүмкiндiгiне ие болды. 1996 жылы желтоқсанда “Валюталық реттеу туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы аумағында валюталық операцияларды жүргiзудiң принциптерi мен тәртiбi, валюталық операцияларды жүргiзетiн субьектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi, валюталық заңдарды бұзғавны үшiн жауапкершiлiктерi белгiлендi. Валюталық қатынастарды терең түсiну үшiн оған қатысты жекелеген элементтердiң мәнiн, мағынасын бiлу қажет. Атап айтқанда:
ЕВРО – 1999 жылдың қаңтарынан бастар нақты ақшасыз есеп айырысу құралы ретiнде қолданылды. 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап санағанда 6 айдың iшiнде банкноттар мен тиындар түрiнде шығарылып айналысқа енгiзiлдi. Осы кезеңнен бастап Европалық Қауымдастыққа мүше елдердiң ұлттық ақша бiрлiктерi айналыстан шығарылып қызметiн тоқтатты.
Евроның халықаралық қаржы жүйесiне енуi оның тұрақталу деңгейiмен, және доллар мен иенге шаққандағы ресми бағамымен, халықаралық қаржы және сауда түсiмдерiмен байланысты болады. Валюта айналымында доллармен бәсекеге түсетiн жаңа ақша бiрлiгi-евро пайда болғаннан кейiн Қазақстанның Европамен халықаралық экономикалық және инвестициялық позициясы қалыптасып Қазақстандық валюта нарығында доллардың бағамы ақырындап төмендей бастады. Доллардың бағамының төмендеуi бiрiншiден халықаралық аренадағы саяси және экономикалық жағдайлармен байланысты болса, екiншiден Қазақстанның экономикалық саясатының негiзгi бағыттары өндiрiлген өнiмдi қайта өңдеу салаларын дамыту болғандықтан экономикалық, техникалық және технологиялық қатынастарды экономикасы жақсы дамыған Европа мемлекеттерiмен нығайта бастады. Бұл өз кезегiнде евроға деген сұранысты ұлғайтты.
Валюталық паритет – бiр валюта мен екiншi бiр валютаның арақатынасын анықтау үшiн қолданылатын өлшем бiрлiгi. Алтын және алтынға айырбасталатын ақшалардың тұсында валюталық паритеттiң ролiн алтынның белгiлi бiр салмақ өлшемi атқарған болса, қазiргi уақытта валюталық корзина атқарады.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылы Бреттон-Вудста өткен халықаралық конференцияның шешiмiмен құрылған. Қазiргi кезде оған 174 ел мүше, оның iшiнде Қазақстан да бар. ХВҚ-на мүше болу үшiн оған қатысушы әрбiр ел белгiлi бiр мөлшерде квота төлеуi тиiс. Квотаның мөлшерi қатысушы елдiң экономикалық даму жағдайына қарай белгiленедi. Оның бiр бөлiгi – елдiң алтын қорының 25%-тi немесе алтын-валюта резервiнiң 10%-тi мөлшерiндегi алтынмен, қалған бөлiгi - ұлттық валютамен төленедi. Бұл квоталар ХВҚ-ның дамуына және оған мүше елдерге қаржылай көмек көрсетуге жұмсалады. 1988 жылы Европалық валюта жүйесi Европалық экономикалық және валюталық Одақ (Europen Ecanomic and Monetary Union – EMU) болып қайтадан құрылды және оның құрамы келесi ұйымдардан құралды:

- Европалық Орталық Банк;

- Европалық Инвестициялық Банк;

- Европалық қайта құру және даму Банкi;

- Европалық Даму Қоры;

- Европалық ауылшаруашылығын бағдарлау және кепiлдiк ету Қоры;

- Европалық аймақтық даму Қоры;

Европалық одақтың мақсаты-тауарлар мен қызметтердiң еркiн айналымын қамтамасыз ету, валюталық саясатты бiрлесiп жүргiзу болды.
Ұлыбритания 1990 жылы EUM-нiң құрамына кiргенiмен 1993 жылы одан қайтадан шықты. 1995 жылы EUM-нiң құрамына Австрия, Финляндия, Швеция кiрдi. 1994 жылы Валюталық Ынтымақтастық Қоры Европалық Валюталық Институт болып өзгертiлгенiмен 1998 жылдың шiлде айынан бастап Европалық Орталық Банкi болып аталады.
1999 жылдың 1-қаңтарында Европалық Одаққа (ЕО) кiретiн 11 ел экономикалық және валюталық одақ (ЭВО) құру және ортақ валютаны (Евро) енгiзу туралы келiсiмге қол қойды. Осы күннен бастап Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Нидерланды, Португалия, Австрия, Ирландия, Финляндия, және Люксембург елдерi бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құруда. Әзiрше 4 ел (Ұлыбритаия, Швеция, Дания, Греция) түрлi себептермен байланысты ЭВО-дан тыс қалып тұр. Бұл кеңiстiк көбiнесе Евроаймақ немесе Евроленд деп аталады. Европалық Орталық Банкi ЭВО-ға мүше елдердiң арасында бiркелкi қаржы саясатын жүргiзедi.
Европалық қайта құру және даму Банкi 1990 жылы құрылған. Бұл банктiң басты мақсаты – бұрынғы КСРО құрамында болған елдер мен Орталық және Шығыс Европа елдерiнiң нарықтық экономикаға өтуiне қолдау көрсету болып табылады. Штаб квартирасы Лондон қаласында орналасқан.
Азия Даму Банкi (АДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелерi - Азиядағы дамушы елдер, Жапония, Австралия және ТМД елдерi. Азия Даму Банкiнiң мақсаты - қатысушы елдерде экономикалық және әлеуметтiк саланы, ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды қаржыландыру болып табылады. Штаб квартирасы Филиппиннiң астанасы Манилада орналасқан.
Ислам Даму Банкi (ИДБ) Сауд Аравиясы Корольдiгiнiң Елдаха қаласында 1973 жылы желтоқсанда мұсылман елдерi қаржы министрлерiнiң конференциясында қабылданған Декларацияны жүзеге асыру мақсатында құрылған халықаралық қаржы мекемесi болып табылады. Ол ресми түрде 1975 жылы 12-қазанда тiркелген. Банктiң мақсаты- оған мүше елдердiң және мүше емес мұсылман қауымдастықтары бар елдердiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына ықпал ету, мүше елдер арасындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсету, исламдық экономиканы, қажы және банк iсiн дамыту. Бүгiнде оған 54 мемлекет мүше. Жарғылық капиталдағы Сауд Аравиясының үлесi – 26,6%, Ливия – 6,7%, Кувейт – 8,3%. Бас офисi Джидд қаласында (Сауд Аравиясы), 3 аймақтық офистерi Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур қаласында (Малайзия), Алматы қаласында (Қазақстан) орналасқан. Валюталық реттеудiң мәнi мен мақсатына анықтама беретiн болсақ, валюталық реттеу - мемлекеттiң валюталық операцияларды реттеуге бағытталған iс-шараларын бiлдiредi. Ондағы мақсат - мемлекетаралық келiсiмдердiң негiзiнде шетелдiк валюталардың айналыс жасау тәртiбiн ұлттық заңдармен бекiту және сол заңдардың сақталуын бақылау болып табылады. Валюталық реттудiң көмегiмен мемлекет шетелге валюта әкету мен шетелден валюта әкелудi, валюталық операцияларды бақылауды, ұлттық валютанық тұрақтылығы мен төлем балансының тепе-теңдiгiн сақтауды жүзеге асырады. Валюталық қатынастарды реттеу жүйесiнде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Валюталық саясат – валюталық қатынастар саласында мемлекеттiң iшкi ағымдық және стратегиялық мақсаттарды және сәйкес атқарылатын iс-шаралардың жиынтығын бiлдiредi. Ол экономикалық өсудi тұрақты ету, инфляцияны тежеу, төлем балансының тепе-теңдiгiн сақтау секiлдi экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарымен үйлесе елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамудағы нақты стратегиялық мақсатына сай әрекет етедi.

Валюталық интервенция - Орталық Банктiң ұлттық валютаның бағамын қолдау мақсатында жүргiзетiн сату және сатып алу операциялары болса, валюталық резервтердi диверсификациялау – валюталық резервтердiң құрылымын реттеуге бағытталатын мемлекеттiң және Орталық Банктiң саясатын бiлдiредi. Орталық Банк валюта нарығында АҚШ долларын көп мөлшерде сататын болса болса онда оған деген сұраныс азаяды да ұлттық валютаның курсы көтерiледi. Егер керiсiнше АҚШ долларын көп мөлшерде сатып алатын болса онда оған деген сұраныс көбейедi де ұлттық валютаның курсы төмендейдi. Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын төмендету – девальвацияны, ал шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын көтеру – ревальвацияны бiлдiредi.

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылыстарының бірі.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп, зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесін үйрене отырып, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.

Банк жүйесін реформалау, қажеттілігі Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуінің қажеттігінен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады.

Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991 жылы нарықтық қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен қатар басталды. 1991 жылғы 11 маусымда «Қазақ КСР валюталық реттеу туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекеттік банкі лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валюталық нарықтың дамуын ынталандыру үшін азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді, сондай-ақ заңсыз валюталық операциялар үшін қылмыстық қудалау жойылды.

Қазақстанның ақша-валюта жүйесін қалыптастыру жағдайында 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ұстанымдарын айқындады, валюталық қарым-қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін шектеді, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті белгіледі. Валюталық реттеу жүйесінің негізгі міндеттері ретінде мыналар танылды: ұлттық валютадағы есеп айырысудың белгіленген тәртібін қолдау ұлттық валюта үшін нарықтық айырбастау бағамын дайындау және енгізу, валюталық операцияларды жүргізудің тиісті тәртібін қамтамасыз ету.

Ұлттық валюта – теңгені енгізу кезеңінде алтын валюта резервтерінің біршама тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның белгіленген айырбастау бағамы саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдау мәселесін шеше алмады және белгілі бір дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігін тудыратын шетел валютасына деген екпінді сұраныс жағдайында оның құнсыздану қарқынын ұстап тұра алмады.

Өтімді валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел валюталарына айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылғы қаңтардан бастап барлық кәсіпорындар үшін уақытша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортынан 50% түсімдерді міндетті түрде сату енгізілді. Бұл ретте осы тәртіп шетел капиталының қатысуы бар жаңа құрылған кәсіпорындарға таратылған жоқ. Бұл норма 1995 жылғы 10 маусымнан бастап 30% дейін төмендетілді, ал 1995 жылғы 4 тамыздан бастап жойылды. Оған бір мезгілде теңгенің АҚШ долларына қарағанда құнсыздану қарқынының төмендеуі, теңгеге деген сенімділіктің артуы, сондай-ақ жаңа анағұрлым кірісті қаржы құралдарын енгізу себеп болды. Осы жағдайда инфляция қарқынын және құнсыздану күтулерін бұдан әрі төмендету мақсатында реттелетін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне көшу туралы шешім қабылданған болатын.

1996 жылы қабылданған «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық операциялардың нақты тізбесі айқындалды. Капиталды әкетуді көздейтін капитал қозғалысына байланысты операциялар лицензиялауға жататын болды, ал әкелу бойынша операциялады тіркеу статистикалық есепке алу мақсатында жүргізілді және қандай да болмасын шектеулер қойылған жоқ.

Сол кезде Қазақстанда капитал қозғалысы операцияларына шектеулерді сақтау қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстардың ішкі көздерінің біршама тапшылығы болуымен түсіндіріледі.

1998 жылғы Ресей қаржы дағдарысының салдары теңгенің құнсыздану қарқынын жылдамдатуға және әсіресе қолма-қол шетел валютасы нарығында теңге бағамының күрт ауытқуына әкелді. Бұл ретте Қазақстанның сауда әріптес елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық валютаның біршама құнсыздануы теңгенің нақты көрсетілімде қымбаттауына және қазақстандық экспорттың бәсекелестік позициясын төмендетуге әсер етті. 1999 жылы сәуірде теңгенің шетел валюталарына еркін құбылмалы айырбастау бағамы режимін енгізу қаржы нарығының теңбе-тең жағдайын қолдау қажеттілігін талап етті, осының нәтижесінде Ұлттық Банк экспортерлер үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортынан 50% түсімді міндетті түрде сату туралы міндеттемелерді белгілеу практикасын қайта қолданды. Осымен бір мезгілде жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңге салымдарын сақтау және зейнетақы қорларының теңгелік активтерін сақтау жөнінде шаралар қабылданды.

Мұның бәрі түпкілікті нәтижеде шетел валютасының валюта нарығындағы ұсынысының өсуіне және дағдарыс жағдайынан шығуға әсер етті, осы әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы жағдай 1999 жылғы қараша айының өзінде-ақ экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы талапты жоюға мүмкіндік берді.

1999 жылдан кейін валюталық реттеу тетігін жетілдіру валюталық операцияларды жүргізу және балама заңнамалық әрі нормативтік ортаны қалыптастыру тәртібін ырықтандыру бағытында жүзеге асырылды. Валюталық бақылау мына бағыттарда жүргізілді: экспорт-импорт валюта бақылауы; қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына бақылау жасау; капитал қозғалысына байланысты операцияларға бақылау жасау; валюта нарығы субъектілерін инспекциялау.

2003 жылы қалыптасқан валюталық реттеу жүйесіне ағымдағы операцияларға шектеулердің жоқтығы, пруденциалдық реттеу жүйесін белсенді жетілдіру және келісімі қажет мемлекеттік органдардың тізбесін қысқартумен халықаралық операцияларға лицензия беру үдерісін реттеу тән. 2002 жылы әзірленген Валюта режимін ырықтандыру тұжырымдамасында (ҚРҰБ Басқармасының 11.09.2002 ж. № 369 қаулысымен мақұлданған) капитал қозғалысына валюталық шектеулерді толық жоюжы және 2007 жылы ағымдағы және күрделі операциялар бойынша теңгенің толық айырбасталуына көшуді юолжайтын валюталық режимді кезең-кезең бойынша ырықтандыру ұсынылған болатын.

Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру үдерісі 2003 жылдан бастап белсенді фазаға кірді және негізінен қаржы секторын пруденциалдық реттеуді жетілдірумен бірге капиталдың әкетілуіне шектеулерді алып тастау арқылы жүзеге асырылды.

Валюталық режимді ырықтандырудағы басымдылықтар мен жүйелілік тек экономикалық факторлармен ғана емес, әлеуметтік-саяси факторлармен де айқындалды.

Республика аумағында ірі мұнай-кен орындарының ашылуы шетел инвестициялары және экспорттан түсетін түсім нысанында капитал келуінің өсу қарқынын ұлғайтты және тездетті, ал шетелдік қатысуы бар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру инвесторларлың пайдасы және тауарлар мен қызмет көрсету импорты үшін ақы түрінде капиталдың әкетілуінің өсуін ынталандырды. Қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ауқымды ырықтандыру жағдайында қолданылатын реттеуші шаралардың тиімділігі көбіне капиталдың жинақталуына кері теңестіріледі, бұл қаржы ағындарының үлкен көлемін реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігін айқындады.

Реттеудің жаңа тетіктерін әзірлеу және халықаралық қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интеграциясы және елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажетті шарт болып табылады.

Наши рекомендации