Дәріс. Өндірістік логистика

1. Өндірістік логистика түсінігі, концепциялары.

2. Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басқарудың жүйелері.

3. Логистикалық тәсілді пайдаланудың тиімділігі.

Негізгі түсініктер:өндірістік логистика, өндірістік қатынастар, өндірістік логистика жүйесі,логистикалық концепциясы.

Қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. өндірістік логистика материалдық өндіріс саласындағы процестерді қарастырады.

Өндірістік логистиканың міндеттері материалдық игіліктерді өндіретін немесе сақтау, орау, бөліп өлшеу, жинау сияқты материалдық қызметтерді орындайтын кәсіпорындардың ішіндегі материалдық ағымдарды басқаруға қатысты болады. өндірістік логистика шеңберіндегі логистикалық процесс мүшелерін ішкі өндірістік қатынастар байланыстырады.

Өндірістік логистикамен қарастырылатын логистикалық жүйелер ішкі өндірістік логистикалық жүйедеп аталады. Оларға өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қоймасы бар көтерме кәсіпорындарды, негізгі жүк станциясын, негізгі теңіз портын жатқызуға болады.

Ішкі өндірістік логистикалық жүйелерді макро және микродеңгейде қарстыруға болады.

Макродеңгейде ішкі өндірістік логистикалық жүйелер макрологистикалық жүйенің элементтері ретінде қарастырылады. Микродеңгейде олар белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын кіші жүйелер тобын қамтиды. Бұл кіші жүйелер – сатып алу, қоймалар, қорлар, өндіріске қызмет көрсету, транспорт, ақпарат, өткізу және кадрлар материалдық ағымның жүйеге кіруін, оның ішінде өтуін және жүйеден шығуын қамтиды.

Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық концепциясыкелесіні қамтиды:

· артық қорлардан бас тарту;

· негізгі және транспорттық-қоймалық операцияларды орындауға артық уақыт бекітуден бас тарту;

· сатып алушылардың тапсырысы жоқ бөлшектерді жасаудан бас тарту;

· құрал- жабдықтардың бос тұруларын жою;

· жарамсыз өнімнің шығуын болдырмау;

· зауыт ішінде тиімсіз тасымалдауларды болдырмау;

· жеткізіп берушілерді қарсы жақтан тілектес партнерларға айналдыру.

Логистикалық концепциямен салыстырғанда өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясымыналарды қарастырады:

· негізі құрал-жабдықты ешқашан уақытта тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғары коэффициентін қолдану;

· өнімді неғұрлым ірі партиялармен өндіру;

· керек болған жағдайға материалдық ресурстардың максималды үлкен қорын қамту.

Концепциялардың мазмұны өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы «сатушы нарығының» жағдайлары үшін тән екендігін дәлелдейді.

Нарық жағдайында өндіріс шығарылатын өнімнің ассортименті мен санын жылдам өзгерте алуға қабілетті болғанда ғана өмір сүре алады.

70-жылдарға дейін бұл міндет қоймалардағы дайын өнім қорларының есебінен шешілетін. Бүгінгі таңда логистика сұраныстың өзгеруіне өндірістік қуаттың қорының есебінен бейімделуді ұсынады.

Өндірстік қуат қоры жүйелердің сапалық және андық икемділігі бар болғанда пайда болады. Сапалық икемділікуниверсалдық қызмет көрсетуші персонал мен икемді өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі. Сандық икемділікәртүрлі әдістермен қамтылуы мүмкін. Мысалы, Жапонияның кейбір кәсіпорында негізгі персонал жұмысшылардың жалпы санының 20% қамтиды, ал қалған 80 % - уақытша жұмысшылар.яғни 200 адам персоналы бар кәсіпорын тапсырысты орындауға кез келген кезде 1000 адамға дейін жұмсауы мүмкін. Жұмыс күшінің резервы еңбек құралдарның сәйкес резервымен толықтырылуы қажет.

Сапалық икемділік Сандық икемділік

Сур.1. Өндірстік қуаттың икемділігі

2-сұрақ. Ішкі өндірстік логистикалық жүйелердің шеңберінде материалдық ағымдарды басқару әртүрлі әдістермен іске асырылуы мүмкін. Олардың негізгілері – итермелеуші және тартушы.

1) «Итермелеуші жүйе» -бұл өндірсті ұйымдастыру жүйесінде өндірстік учаскеге келіп түсетін еңбек заттары дәл осы учаскемен алдыңғы технологиялық звенодан талап етілмейді. Материалдық ағым алушыға өндірісті басқарудың орталық жүйесінен беруші звеноға орталық жүйесінен беруші звеноға түскен бұйрық бойынша итеріліп шығарылады (сур.2).

- материалдық ағым ақпараттық ағым

Итермелеуші моделдер өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері үшін тән болады. Оларды өндірсті логистикалық ұйымдастыру үшін пайдалану мүмкіндігі есептеуші техниканың кең таралуына байланысты пайда болды. Бұл жүйелер кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарлары мен әрекеттерін нақты уақыт көлемінде әрдайым болып тұтатын өзгерістерді ескере отырып келістіруге және жылдам түзетуге мүмкіндік береді.

2) Өндірсте логистикалық процестерді ұйымдастырудың екінші варианты – «таратушы жүйе» материалдық басқарудыңи мүлдем басқа әдісіне негізделген. Мұнда бөлшектер мен жартылай фабрикаттар алдыңғы технологиялық операциядан келесі операцияға қажеттілік болған кезде жіберіледі. Бұл жерде басқарудың орталық жүйесі кәсіпорынның әртүрлі учачкелерінің арасындағы материалдық ағымдармен алмасуына араласпайды, олар үшін ағынды өндірістік тапсырмаларды бекітпейді. Жеке технологиялық звеноның тапсырысының көлемімен анықталады. Орталық басқару жүйесі өндірстік технологиялық тізбектің ақырғы звеносының алдына ған міндет қояды (сур.3).

3-сұрақ. Материалдық ағым өнеркәсіптік кәсіпорында болатын 95-98 пайыз тиеу –түсіру және транспорттық-қоймалық жұмыстарды орындауға кетеді. Сондықтан олардың өнімнің өзіндік құнындағы үлесі маңызды болады.

Кәсіпорында материалдық ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілі логистикалық операциялардың жинағын орындауды максималды тиімді етуге мүмкіндік береді. «Сименс», Мицубиси, Дженерал мотерс фирмаларының мәліметтері бойынша логистикалық функцияларды орындауға кететін шығынды 1% -ке қысқартудың тиімділігі өткізу көлемін 10%-ке арттырумен тең болады.

Өндірісте логистикалық тәсілді қолданудың келесі тиімді жақтары бар:

1. өндіріс нарыққа бейімделеді.аз сериялық және жеке өндіріске ауысу мүмкін болады.

2. жеткізіп берушілермен партнерлік байланыстар жақсарады.

3. құрал-жабдықтардың бос тұрулары қысқарады, себебі жұмыс үшін қажетті болатын материалдар әрдайым бар болады.

4. қорлар оптимизацияланады.

5. көмекші жұмысшылар саны қысқарады.

6. шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.

7. материал шығандары төмендейді.

8. өндірстік және қоймалық көлемдердің пайдаланылуы жақсарады.

9. травматизм төмендейді.

Наши рекомендации