Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.

Дағдарысты жағдайды шешу

Дағдарысты жағдайды шешу дағдарысты туындатқан әр түрлі жағдайдларға байланысты:

1. Қоғамдық ой-пікірмен байланысты дағдарыс кезінде: маманнның пікірін тыңдау, компанияның көз-қарасын көрсету, адвокаттар кеңесін байқап пайдалану, қоғаммен байланыс орнату, өкілді таңдау, БАҚ араласу, компанияның көз-қарасын хабарлау, мәселені анықтау.

2. Нарықтағы күтілмеген жағдай немесе тауардың құруы: клиенттерді сұрау, мәселені анықтау, жауапты әрекеттер жүргізу, өндірісті реттеу, компания туралы ақпаратты жаңарту, мәселені анықтау, нарыққа қайта шығу.

3. Қолма-қол ақшамен байланысты дағдарыс: қол ақшаны бақылауға алу, сенімді қалпына келтіру, пайданы көрсету.

4. Өндірістік қатынастар дағдарысы: климатты бағалау, ашық-келіссөз жүргізу, келісімге келу.

Басқа компанияның бақылау пакетін жаулау мақсатымен сатып алу: жауалаушыны анықтау, мамандарды тарту, ұсыныстарды қарастыру, ұсыныстардан бас тарту, қоғамға хабар ету, қорғанысты қамтамысз ету, пікірлестерді жинау, компанияның тартымдылығын төмендету.

Жағымсыз халықаралық жағдайлар: себепті анықтау, күрделілігін анықтау, алға басу, алға қарау, нарыққа оралу.

Компания үшін жағымсыз салаларға әкелетін мемлекеттік реттеудегі өзгерістер: өзгерген климатты бағалау, дағдарысқа әсер ету жолдарын таңдау, бар жағдайға бейімделу, түбегейлі өзгерулер.

Шаруашылық құрылымдар деңгейінде іскерлік стратегия (бизнес- стратегия) өңделеді – шаруашылық құрылымның ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету стратегиясы. Бұл стратегия көбіне бизнес- жопарларда көрініс алады да кәсіпорын нақты тауар нарығында қалай бәсекелесетіндігін көрсетеді, тауар кімге және қандай бағамен сатылатындығын, ол қалай жарнамаланатындығын, бәсекелік күресте жеңіске қалай жететіндігін. Сондықтан бұл стратегияны бәсекелік стратегия деп те атайды. Бір қызмет түрімен айналысатын фирманың іскерлік стратегиясы корпоративті стратегиясына сәйкес келеді.

Функционалды стратегия - кәсіпорынның функционалды бөлімдерімен қызметтері өңдейтін стратегиялар, олар корпоративті және іскерлік стратегия негізінде құрылады. Мысалы; маркетинг стратегиясы, қаржылық, өндірістік стратегия және т.б.

Функционалды стратегия мақсаты – бөлім (қызмет) ресурстарын бөлу, функционалды бөлімшенің жалпы стратегия шегіндегі тиімді әрекетін іздеу.

Дағдарысқа қарсы басқарудағы маркетингтің рөлі.

Маркетингтік қызметтің мәні сұраныстың нақты мөлшерін қалыптастыруда, нарықта ұйымның нақты әрекеттер бағдарламасын әзірлеуде ж/е тұтынушыны тауарды сатып алуға ынталандыруда тұжырымдалады.

Маркетингтің негізгі принципі болып – тұтынушыға және оның қажеттіліктеріне бағдарлану, оларды қалыптастыру және максималды қанағаттандыру табылады. Бұл принцип өндірістік-шаруашылықтың барлық сферасында менеджмент арқылы жүзеге асырылады, оның функциялары болып – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау табылады. Маркетингтің негізгі мақсаты – нарықтағы үлес және сату көлемінің көрсеткіштері түрінде көрсетілген нақты тауарға деген сұраныстың шамасын анықтау.

Нақты алғанда, маркетингтік тұжырымдамасының рөлі және мәні кең ауқымды. Ол басқарушылардың және персоналының ойлау қабілетін көрсетеді. Мұндай тәсілдің спецификасы – ұйымның барлық қызметінің, персоналдың және ұйымның соңғы нәтижелеріне (сапа, нәтижелілік, тиімділік, бәсеке қабілеттілік) басқару үдерістерінің бағдарлануы. Берілген сипаттамалардың шамасы және серпіні ұйымның нарықтық мүмкіндіктерімен ж/е нарықтық жағдайлармен анықталады.

Маркетинг арқылы өндірістік-шаруашылық ұйымдар тұтынушының проблемаларын кешенді шешеді. Маркетингтің тиімділігі - әрекеттердің тізбектілігінде ж/е маркетингтік әсер ету қағидаларын, әдістерін ж/е құралдарын кешенді қолдануда.

Дағдарысқа қарсы басқаруда маркетингтік стратегиялардың түрлері келесі кестеде келтірілген.

Кесте 6.1 - Дағдарысқа қарсы басқаруда маркетингтік стратегиялардың түрлері

Наши рекомендации