Географиялық карталарды жазу

Карталарда қолданылатын әріптер тек қана картада әр түрлі географиялық денелерді шартты белгілермен өрнектеу, оны тануға қиындық келтіретіні сөзсіз.

Сондықтан, карталарда қосымша қажетті жазулар беріледі. Картадағы барлық жазулар географиялық денелердің нақты атауына байланысты бөлінеді, яғни түсіндірме және сандық белгілер болып. Нақты атауға мұхит, теңіз, көл, өзен, арық, құрлық, арал, тау жоталары, елді мекен және басқалары жатады. Түсіндірме және сандық белгілер, егер картадағы шартты белгілер дененің толық сипатын бере алмаса ғана қолданылады. Қысқаша айтқанда, түсіндірме жазуды өз кезегінде номенклатуралық атаулардың тізімі деуге болады. Аталған жазулар географиялық денелердің түрін түсіндіреді. Бірақ оның атын аталмайды. Мысалы, шаруа қожалығының аты т.с.с

Түсіндірме жазудағы қысқартылған сөздер, түрлі мәлімет береді. Мысалы, ақ ауылшаруашылық кәсіпорны «КФ» -құс фермасы, «СФ» -сиыр фермасы т.с.с.

Зауыт, фабрикалардың шартты белгілері өндірістің саласын да көрсете алады. Мысалы, шартты белгілермен берілген фабриканың жанына «ағаш» деп жазылса, оның ағаш өңдейтін өндіріс орны болғаны. Сондай-ақ «маш»-машина өндірісі т.с.с

Картада көрсетілген дененің сандық дәрежесі бойынша орналастырылады. Мысалы, ауылдық елді мекендер атауы, сол жердегі үйдің рет нөмірімен көрсетіледі.

Жер бедерін көлденең сызықпен кескіндегенде, сызықтардың арасына, белгілі бір санның мәні жазылады. Шартты белгімен қатар, мысалы көпірдің (ірі масштабтағы) ұзындығы көрсетілген, қанша жүк көтере алатынын нұсқайтын саны көрсетіледі.

Жазудың дәлдік дәрежесі картаның масштабына байланысты. Оның масштабы ірі болған сайын, оған географиялық денелер молырақ сияды. Сондай-ақ, олардың анықтамасы үлкен әріппен жазылады.

Кіші масштабқа ауысқан сайын, шрифтерің көлемі азаяды да, анықтамалық жазулар да қысқырып отырады.

Картадағы анықтама беретін жазулар масштабтың көлеміне байланысты болады. Сондай-ақ, оның мазмұнына да, қай саласына арналғанына да тәуелді. Оның сыртында, картографиялық кескіндеменің көлемінен қаншалықты жазуға орын алғанын байланысты болады.

Атап айтқанда, картаны тез игеріп, жылдам оқу үшін, ондағы жазудың карта көлемін 10-15% аспағаны жөн.

Елді мекендердің атаулары, тәртіп бойынша, осы жердің оң жағына немесе картографиялық тордың параллельінің бойымен немесе картаның солтүстік және оңтүстік шегіне параллель орналастырады. Жазулар шартты белгілейді.

Сонымен қатар, оның яғни жазулардың кескіндермен қиылысуына жол берілмейді. Бұл жол, жазудың қажеттігіне күдік туғызбауы керек. Ірі су қоймаларының, ірі аралдарының, мүйістері мен таусілемдердің атауы жазбалары олардың пішініне сәйкес ұзындық бойымен жазылады. Ұсақ су қоймаларының және аралдардың атауы пішінен (контурные) тыс, параллель бойымен немесе көлденең сызыққа параллель беріледі.

Өзендер атауы мүмкіндікке орай, ағысқа параллель көрсетеді, Тау шыңдары картаның солтүстік және оңтүстік шегіне параллель осы денелерінің орналасқан жерінен оңға қарай орналасады.Жазулар қалай орналастыру туралы нұсқау, карта жасау кезінде пайдаланатын ережеде көрсетіледі.

Жазулар дұрыс орналастырмаса, ол картаны күңгірттендіріп, пайдалану сапасын төмендетеді. Көптеген карталарда жазу қара сиямен жазылады. Сондай-ақ, түрлі-түсті бояу да қолданады.

Картаның ең басына оның атауы жазылады. Ал төмен жағына, дененің жазықтағы кескіні орналастырылады. Ол картада құрастырушының және редактордың аты-жөнінен тұрады. Сондай-ақ, шығарманың атауы, яғни картаны шығарушының қанша беттен тұратыны, таралым саны, бағасы және басқа анықтамалар орын тебеді.

Картаны жарыққа шығарар алдында картографиялық шрифтарды таңдау, оның дәлдігі, мазмұнына үлкен әсер етеді.

Географиялық денелердің анықтама жазулары, картаның жалпы көрінісінен айрықша көрініп тұрғаны жөн.

Сонымен қатар, географиялық денелерінің көлемі және мәніне үндесіп, картаның жалпы мазмұнымен сәйкестік тапқаны дұрыс. Бұл жерде шрифтің суреті, әріптің үлкенді-кішілі көлмі үлкен маңызға ие.

Шрифтердің суреті географиялық денелердің бәрінде біркелкі болмайды.

Карталарда, 5-10 және одан да көп әр түрлі шрифтардың суретін кездестіруге болады. Шрифтерге қойылатын талап, әріптің анықтығы, қарапайымдылығы, тұтастығы түстердің бір-бірінен айқын көрінуі географиялық денелердің жазуының басқа жазбалардан нақты көрінуі.

Жазудағы әріптің көлемі географиялық денелердің көлемімен мәніне байланысты болады. Елді мекендердің атауының жазуындағы әріптің көлемі, сол елді мекеннің мөлшерінен әкімшілік атауымен, тұрғындардың санымен байланыстырылады. Шрифтің және суреттердің көлеміне өзеннің оның қатынасна қаншалықты қолайлылығымен өлшенеді.

Сонымен, картадағы жазулар географиялық денелердің жеке атауларын белгілеп қана қоймай шартты белгілердің де міндетін атқарады.

Наши рекомендации