Оралардың боліктерін зоогигеналық тұрғыдан бағалау

Мал, құс және аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бәр қатты қора-жайлар салынады. Олар тік бұрышты түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей конструкциялық элементтерден тұрады.

Олар тіректі және қоршау болып бөлінеді. Үй-жайдың негізі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға катты күш салмақ түседі, температураның әсері де мол. Сондықтан да олар аса берік, мықты материалдан жасалады.

Тіректі элементтердің орналасу еректеліктеріне қарай ғимараттың мынадай типтерін анықтауға болады. Каркассыз түрі (тіректі қабырғалары бар). Олар –өзара байланысқан қабырғалар мен жабындылардан тұратын қатты да берңк қорап. Ғимараттардың сырттқы және ішкі қабырғалары төбенің жабындыларыныңсалмағын көтерірп тұрады. Ғимараттың мұндай түрлері мал шаруашылығы обьектілері мен басқа құрылыстарын салуда кеңінен пайдаланылады.

Ал каркасты түрі-тіректерден, кеспелтектерден, негізі және қосымша құрылыс фермаларынан немесе тіреулерден, ригельдер мен плиталардан құралған ауқымды жүйе. Каркас –ғимараттың негізі тірегі, ол ендік жіне бойлық элементтерден тұрады. Каркас типті қора-жайға тән сипат олардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай нақты бөлінуі (тіректі және қорңаушы). Қорғаушы элменттер (ішкі-сыртқы қабырғалар, едендер, қоршаулар, есік-терезе ойықтары) үй-жайдыйң ішін ауаның зияндыәсерлерінен сақтайды. Солардың көмегімен қора-жайлардың ішінде қалыпты темпераура мен ылғалдық, акустикалық жағдайсақталып тұрады. Сонымен қатар осы екі элементтер бірігіп, ортақ қызмет атқаратын жағдайлар да болады. Оңан қабырңалар, каркассыз қора-жайларға жабыныш материялдары жатады. Қора-жайдың негізгі конструкциялық элементтеріне табан, ірге тас,қабырңа, еден, төбе, шатыр және т.б жатады.

Қора-жайдың табаны. Мал шаруашылығындағы құрылыстары үшін негіз болып ірге тастың асты мен жан-жағындағы топырақ қабаттары бар, ғимарат салмағын көтеріп тұратын оның берік болуына әсері тиетін топырақ қабаттары болып саналады. Кез келген құрылыстың беріктігі мен бекемдігі ең алдымен осы табанға байланысты. Табаны берік, біркелкі, құрғақ, кем дегенде 2-3 сантиметрден ғана отыратын және жылжмайтын болуы тиіс.

Ірге тас. Бұл ғимараттың барлық тіректі элеметтерін ұстап тұратын жерастындағы бөлігі. Оған қойылатын негізі талаптар: беріктігі, мықтылығы, атмосфералық құбыстарға шыдамдалған, ұзаққа жететіндігі, үнемділігі.

Цоколь (ірге тас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігі)-ірге тастығ қабырғамен жалғасатын жер. Циколь негізінен ірге тастың топырақ бетіне шығып тұратын жоғары бөлігі десе де болады. Өйткені, циколь да, ірге тас табіртекті материялдан жасады. Циколь қабырғаларды ауа мен топырақ ылғалдандырынан қорғап тұрады.

Қора-жай қабырғалары. Қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығыескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигеналық жағынан кегенде қабырғалар жылу жібермейтін материялдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін температуралық қарсылық коэффиценті жоғары болуы тиіс. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болған жөн.

Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олпр қора-жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылды жаз жібектерін, құрғақ, теп-тегіс , су өткізбейтін, қатты, ұзаққашыдайтын болуға тиіс.

Едендер. Едендер мал қора-жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің констуциясы мен материялдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық-гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасыа және өнімдңлік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Мал фермасының едендері мынандай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын,тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып-жинауға қолайлы, малдың түрі әрекеттеріне төзімді берік болып келуге тиіс.

Монолитті едендер-ол топырақ, саз балшық, сазды қиыршық тастар, топырақ аралас батоннан жасалады. Әк (известь) пен керамизттен, бетоннан, цемент пен құм араластырып жасалған, жинамалы монолитті, кірпіш және қыш едендер қоланылады.

Ағаш едендер-саз балшық немесе бетон үстіне сүзгіленген ағаштан төселеді. Мұндай едендерді мал көп тұратын, тынығатын орындарға төсейді. Ағаш едендер салуға оңай, жылу өткізгіштігі төмен, алайда оларды үнемі дымқылдығы шіруге әкеп соғады әрі тайғанақ келеді.

Керамзитті-бетон едені зауыттарда жасалатын ірі ауқымды плиткалардан салынады. Ондай едендер сиыр қораларына және шошқа жататын жерлеге, ат қораларына төселеді.

Құрама тор едендерді шошқа семіртетін қораларға (азықтандыру орындарына), байлаудағы сиырлардың тұрған жерлеріне және қи шығаратын жерлерге төсейді. Құрама денелері ағаш, темір-бетон, шойын, қыш, аспесті цемент торлардан, металл прокаттары мен пласмассадан да жасауға болады. Сол торлардан қи астына үүседі де, одан кейін жинап әкеледі.

Қораның төбесі. Төбе-ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын контуция. Ол-тіректі бөлімдерден (тіреуші, ферма,аспалар, пенельдер мен басқа элементтер) және сыртқы жабыныштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп салады. Тһбенің қорғаныш – төбе жапқыш, яғни ол төбенің су өткізбейтін, атмосфераның құбылыстарынан сақтайтын қорғанышы болып табылады.

Қақпа, есік және тамбурлар. Төбе-ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол- тіректі бөлмелерден (тіреуіш, ферма, аспалар, понельдер мен басқа элементтер)және сыртқы жабыныштардан тұрады. Тқбені шатырлы және шартсыз етіп салады. Төбенің қорғанышы-төбе жапқыш, яғни ол төбенің су өткізбейтін, атмосфераның құбылыстарынан сақтайтын қорғанышы болып табылады.

Қақпа, есік және тамурлар. Бұлардың бәрі ғимарат пен басқа құрлыстарды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады. Сондықтан оны тығыз, суық күндері қатпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.

Терезелер мен жарықтандыру. Терезлеретің саны мен мөлшері ғимаратқа қажетті және сәулікттік (архитектуралық) шешімге сай болуы керек. Терезелер-ғимараттарды сырттан бөліп тұратын және табиғи жарық беретін, ішін желдендіріп отыратын қажетті элементтер. Сондықтан да терезелердің ауқымының аздыңғы қажетті жарықты қамтамасыз ете алмайды, ал үлкен терезелер қора-жай ішін (солтүстік аудандарда) салқындатып немесе тым ысытып (оңтүстік аудандарда) жібереді.

Терезе кимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан және сыртқы су аққшықтан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы-жаппалы, бір не екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.

Мал қора-жайының жарықтандырылуы-микрокимат туғызудың маңызды факторы. Алайда, терезе көздерінің саны мен әйнектеу аумағының көлеміне байланысты онан жылу сыртқа шығарып кетіп жатады. Ағаш жақтаулы бір қабаттерезелердің жылу өткізгіштік коэфиценті 5,8 Вт/(м2хС), ал қос қабат терезенікі-2,67 Вт/(м2хС).

Ал күшті желсоққан кезде терезе арқылы шығып кететін жылу мөлшері 200-300 пайызға дейін артады. Терезенің еденнен биіктігі байлауда ұсталатын мал қоралары мен бұзау үйшіктерінде 1,2-1,3 м, сиырлар бос жүретін қораларда -1,8-2,4 м, шошқа қораларында кемінде 1,2 м, қой мен құс қораларында –кемінде 1 метр, қолдан ұрықтандыру пункттілерінде – 0,68 м деңгейінде қолданып жүр. Осындай жағдайда қора-жайлар жақсы жарықтандырылса,жануарлар жаурап, тоңа қоймайды.

2.2.Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.

Көң сыртқы ортаны ластайтын бірден бір фактор болып табылады, ал кей жағдайда індеттік және эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін. Ауру малдан нәжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. Олардың қида сақталу ұзақтығы температураға, қоздырушының түріне байланысты болады.Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейіне, ал гельминттер жұмыртқалары 7-15 айға дейін созылады. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауыратын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет. Қою қиды зарарсыздандыруда негізінен физикалық және биологиялық әдістері қолданылады. Ал химиялық әдіс сұйық қиды зарарсыздандырғанда иімдірек. Қиды зарасыздандырудың физикалық әдісіне термиялық, электрогидравликалық әдістері және сәулелендіру жатады. Қиды өртеуге арналған жер ошақтары тереңдігі 75 см, диаметрі 75-100 см болады. Түбіне 40-50 см биіктікте көлденеңнен темір тор қойылады. Темір тордың асты отынға толтырылады, ал үстінен қи салынады.

Сақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау қораларын жобалау және салу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:

-Құрылысты техника-экономикалық тұрғыдан негіздегенде;

-Құрылысқа жер таңдағанда;

-Жобаларға ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан сараптағанда;

-Құрылыс кезінде ветеринариялық-санитариялық нормалардың сақталуына жүргізгенде;

-Қораны жобалау негізінде жобалық тапсырмадан басталады.

-Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті – аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу, қадағалау әрі диагностикалық зерттеулерді жүргізу болып табылады.

Ветеринариялық нысандарға жататындар:

-ветеринариялық емхана;

-ветеринариялық пункт;

-ветеринариялық лаборатория;

-изолятор;

-карантиндік орын;

-көң сақтағыштар;

-жабық көң сақтағыш;

-жер бетіндегі көң сақтағыштар.

Оралардың боліктерін зоогигеналық тұрғыдан бағалау - student2.ru

Наши рекомендации