Лемдік саяси үрдіс:түсінігі және құрылымы.

Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті міндеті-адамзаттың өмір сүруіне жағдай жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси элиталары әлемдік саясат міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын түсінуде.

Демек саясат мәнін ұғыну үшін халықаралық саясат бағыттарын, оның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын білу маңызды. Сондықтан саясаттану пәні студенттердің әлемдік саясат туралы кең көлемде түсінігін қалыптастыру зәрулік деп біледі. Себебі, халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты және тәуелді. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Әлемдік саясат акторлары қызметтері адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді.

Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тәуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транспорт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зәрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объетивті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті. Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ластануымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар.

26/Биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің принципі. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

27/Саяси модернизация.Саяси дағдарыс.Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесініңқызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән. Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:

қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;

өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;

дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі. Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:

1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);

2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);

3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі). Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеуұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Модернизацияның мәні неде?Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазақстандағы демократиялық модернизация Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде: ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау; құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

28/Саяси лидерліктің табиғаты. Саяси лидердің фунькциялары.Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

\1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;

2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

Саяси көшбасшылықтың жіктелуі

Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:

1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;

2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;

3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

Саяси сананың құрылымы және функциялары.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Наши рекомендации