Бетондық бөгеттер
Дәріс кешені
(міндетті компоненті)
5B072900 – «Құрылыс» мамандығының
3 курс (5 семестр) күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне
2015 -2016 оқу жылына арналған
Орал – 2015ж.
«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСІЛДІ»
инженерлік-технологиялық
университетінің деканы КӘС жетекшісі
Н.М.Қадыргалиев Рамазанова А.Б.
_______________ _________________
«____»______2015ж. «____»______2015ж.
Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Беккалиев Нурлан Мейрамович
Көлік, энергетика және құрылыс кафедрасы
«104» кабинет
Кредит саны – 3
Дәріс - 30 сағат
Практикалык жұмыстар – 15 сағат
СӨЖО - 22 сағат
СӨЖ - 68 сағат
Барлығы - 135 сағат
Бақылау түрі – емтихан
«___» ___________2015 ж. кафедра отырысында талқыланды, № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ К.Т. Турлыбаев
№1-Дәріс
Гидротехникалық салулар және олардың классификациясы.Табиғи су қорларын (өзендер, көлдер, теңіздер, жер асты сулары) қолдануға арналған және сол су қорларының қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуін азайту үшін (су басулармен күресу)салынған құрылымды гидротехникалық салулардеп атайды. Гидротехникалық салулардың арқасында мынадай шаралар жүзеге асады: су қоймалары жасалынады, су деңгейі мен шығындары ретке келтіріледі.
Гидротехникалық салулар бірнеше түрге бөлінеді.
Су ағынына байланысты: өзендер, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, желілі.
Желілі салулар реттелуіне байланысты: шлюздер-реттеуіштер, су өткізгіштер, су өткізгіш құбыр, акведуктер.
Су ағынымен немесе суатпен әрекеттесуіне байланысты гидротехникалық салулар екәге бөлінеді: водоподпорные (бөгеттер (плотины), ағаш бөгеттер(дамбы)) бұлар су ағынынан қорғайды немесе су қоймасын су ағынынан қорғайды.
Су ағыны аумағындағы бөгеттердің жоғарғы жоғын жоғарғы бьеф ал төменгі жағын төменгі бьеф деп аталады, ал екеуінің арасындағыны ағын (напор) деп аталады.
Су өткізгіштерге: каналдар, су өткізгіш құбырлар, гидротехникалық туннельдер жатады олар тұтынушыларға су жеткізу үшін қызмет етеді. Мыс: өзеннен суарылатын жерге су жеткізу үшін.
Су қақпалы салулар суаттардан су дуалы үшін қызмет етеді ;
Су лақтырғыш (водосбросные) артық суларды шығарып тастауға арналған.
Пайдалану мақсатына байланысты гидротехникалық салулар екі түге бөлінеді: жалпы және арнайы салулар.
Жалпы салуларға водопаодпорные, су өткізгіш, су лақтырғыш және регуляциялық салулар жатады. Олар халық шаруашылығының әр түрлі салаларына қолданылады.
Арнайы салулар су шаруашылығының бір саласына қажет болғандықтан салынады.
Арнайы салулар мелиоративті (каналдар, насосты станциялар және тағы басқалары олар жерлерді суаруға арналған)
Су энергетикалық ( су станциясының және ГАЭС ғимараты, каналдар, туннельдер және басқа да салулар олар су энергиясын қолдануға арналған).
Су көлік транспортына арналған салулар оларға каналдар су көлігі өтетін шлюздер және т.б. жатады.
Балық шаруашылығына арналған салулар оларға (рыбоходы, рыбоподъемники, рыбоводные пруды және т.б.)
Сумен жабдықтауға арналған салулар оларға водозаборлар, насос станциялары, каналдар, коллекторлар, су тазарту станциялары және т.б жатады.
Су басудан және селден сақтану үшін сақтағыш ағаш бөгеттер пайдаланамыз.
Су тірегіш салулар осы құрылымның алдындағы және артындағы су деңгейімен қысымының айырмасын көрсетеді.
Су өткізетін салулар белгілі бір пунктке суды беру үшін қызмет атқарады. Оларға каналдар, гидротехникалық туннельдер, су өткізетін құбырлар жатады. Олардың кейбіреулері мысалы каналдар олар сол қоршаған ортаға байланысты гидротехникалық салулардың құрылғысын талап етеді. Аталған осы құрылғылар (акведук, дюкер, мосты (көпірлер), паромные переправы, заградит, ворота(қақпа), водосбросы, щугосбросы және т.б.) . Өзендердің суларын реттеу үшін струенаправляющие устройства (құрылғы) қолданылады олар мыналар: Полузапрудтар , қалқандар , ағаш бөгеттер.Жағаны мықтап ұстап тұрғыш салулар олар мұзды бағыттайды және мұзды ұстап тұратын салулар.
Дәріс
Су заборлы салулар судың шығатын көзіне салынады олар тұтынушыларға керекті мөлшерде суды жеткізіп тұрады және суды жеткізетін құбырларға мұздардың, қабыршақ мұздардың, қоқыстардың кетуін болдырмайды.Су лақтырғыш салулар су сақтағыш құрылғылардағы, каналдағы, қысым бассейндегі артық суларды шығарып салу жіберу үшін арналған құрылым. Олар мынандай түрлерге бөлінеді: русловыми и береговыми, поверхностными и глубинными.Ағызып жіберетін артық судың көлемін реттеу үшін су лақтырғыш салулар гидротехникалық затворлармен жабдықталады.
Аз көлемдегі суды шығарып тастау үшін автоматталған су лақтырғыш қолданылады, ол су берілген деңгейден жоғарғы бьефтен асып кеткен жағдайда автоматты түрде іске қосылады.
Оған ашық су аққыш (водосливы),автоматтандырылған су лақтырғыш, сифондық су лақтырғыш жатады.
Кейбір жағдайда жалпы және арнайы салулар бір кешенде бірлестіреді. Мысалы: су ағытқыш және су электр станциясы ғимараты .
Су шаруашылығында бір мақсатқа біріккен және бір жерге орналасуына байланысты гидротехникалық салулар бір жүйе құрады ол су түйіні деп аталады.
Су шаруашылығы жүйесінде бірнеше су түйіні құрастырылады. Мысалы: энергетикалық, транспорттық, ирригациондық. Халық шаруашылы үшін гидротехникалық салулар олардың мағынасына байланысты бес класқа бөлінеді.
Бірінші класқа қуаттылығы 1 млн квт асатын су электр станциясы жатады. Екінші класқа қуаттылығы 301 мың-1 млн квт аралығындағы СЭС жатады. Үшінші және төртінші класқа қуаттылығы 300 мың квт төмен СЭС жатады. Бесінші класқа уақытша салынған гидротехникалық салулар жатады.
Мелиоративтік құрылыста бес класқа бөлінеді. Кластарға байланысты гидротехникалық салулардың дәрежесі анықталады. Дәлірек айтқанда олардың беріктілігі мен тұрақтылығы анықталады сонымен қатар судың жоғарғы шығыны анықталады және де қолданылатын құрылыс материалдарының сапасына да байланысты. Гидротехникалық салуларды кластарға бөлуге байланысты олардың көлемі және құрамы, жобасы, зерттеу жұмыстары кіреді.
Гидротехникалық салулардың мінездемелік ерекшелігі су ағымдарының, мұздың, қоқыстардың және басқа да әсеріне байланысты анықталады.
Механикалық әсері (статикалық және гидродинамикалық күштер, жүктер суффозиясы және т.б.) Физико-механикалық ( Беттердің уатылуы , металдардың коррозиясы , бетонды сілтіден айыруы) Биологиялық (ағаш конструкциясының шіруі, құрттардың ағашты кеміруі)
Негізінен құрылымға монолитті және жинақталған монолитті конструкция қолданылады кейде жинақталған немесе типтік бұлар табиғи шарттардың әртүрлі қайталанбайтын үйлестірулерімен ескертіледі-топографиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрогеологиялық. Гидротехникалық салуларға осылардың ықпалы кең болады және кең аумаққа таралады жердің көптеген жерін су басады жағалар опырылады.Сондықтан мұндай құрылымның құрылыстары үлкен сапаны талап етеді. Мұндай құрылыстар сапасыз болса арты үлкен қазаға алып келеді адам өлімі де болуы ықтимал сонымен қатар материалдық шығындар көбейеді. ( Мысалы: Франциядағы Мальпассе бөгетінде және Италиядағы Вайонт су қоймасында үлкен апат болып адам өліміне дейін апарып, қаланы, көпірлерді, өндірістік құрылымдарды қиратты.) Сондықтан гидротехникалық салуларды одан әрі жетілдіру қолға алына бастады.Судың құрылымдарға әсерін теориялық және экспериментальдық зерттеулерінен кейін гидротехникалық салулардың жаңа типі шығарыла бастады. Оларды құрастыруға уақыт шығыны және материалдар аз шығындалады.
№3-Дәріс
Бөгет
Бөгетсудың бөгет биіктігіне дейін көтерілу үшін өзенді қоршап салынады.
Су шаруашылығында бөгет мағынасы әр алуан : су деңгейінің көтерілуі және жоғарғы бьефте тереңдіктердің артуы кеме жүзуге қолайлы болады , сонымен қатар жерді суландыру мұқтаждықтарына арналған және сумен жабдықтауға арналған.
Бөгетте қысымдардың шоғырлануы өзен ағынынан энергетиканы өндіріп алуға мүмкіндік береді сонымен қатар су қоймасы ағынды жөнге салады. Су қоймасы өзендегі су шығынын үлкейтіп су тасуындағы үлкен шығынды азайтады және өзенге қасындағы аумаққа әсер етеді.
Бөгет құрылысы Египет, Индия, Қытай сияқты елдердегі халықтың суармалы жерлерін суаруға ерте кезден қолға алынды
Бөгет әсері сонымен қатар сукүш қондырғысы құрылысына біртіндеп су электр станциясына қажет болды.
Бөгеттің типі мен конструкциясы оның өлшемдерімен, тағайындауларымен сонымен қатар табиғат жағдайына және құрылыс материалдарының негізгі түріне байланысты.
Тағайындауларына байланысты бөгеттер су қоймасы бөгеті және су деңгейін көтергіш бөгеттер болып бөледі.
Қысым мөлшеріне байланысты бөгеттер төмен қысымды ( қысымы 10м дейін) орташа қысымды (10-нан 40м дейін) жоғарғы қысымды (40м жоғары) болып бөлінеді.
Негізгі материалға байланысты бөгеттер мынандай түрге бөлінеді: жер бөгеттер, тас бөгеттер, бетонды бөгеттер, ағаш бөгеттер.
Жер бөгеттер
Жер бөгеттер құрылысы топырақтан салынады. Жер бөгеттің төменгі құлама ұлтаны суды бұруға арналған осы арқылы негізгі дренажды жасайды. Бөгеттің сыртқы бөлігі бетонды тақталарды толқындардың әсерінен қорғайды. Жер бөгеттерді тұрғызу үшін топырақ карьерге экскаватормен үйіледі сосын жүк машиналарымен тасымалданады сосын бульдозерлермен тегістейді артынан катоктармен қабаттарды нығыздайды.
Жер бөгеттерді салу үшін өзен арнасындағы котлован ұстатқыштармен қоршалады. Ал өзен алдын ала уақытша бір науаларға тасымалданады бөгет салынып біткен соң орнына қайтіп алып келінеді.
Тас бөгеттер
Тас бөгеттердің су өткізбейтін бөлігі темірбетоннан, асфальттан, ағаштан, металдан жасалынады. Бөгетте аз су жұтқыштық талабы орындалуы керек.
№4-Дәріс
Бетондық бөгеттер
Бетондық бөгеттер негізінен конструкциялық жылжуына байланысты класификацияланады. Осыған байланысты 3 негізгі типке бөлінеді: гравитациондық бөгет, арқа бөгеті, контрфорстық бөгет. Заманауи бетондардың орнына гидротехникалық бетондар қызмет етеді. Бетондық бөгет салудағы ең негізгі қажетті сұрақ, негізінде су сүзу төмендеуі. Осы мақсатта бетондық бөгетке су сүзуге қарсы перде орналастырады.
Гравитациялық және контрфорстық бөгеттер температуралық тербелулердің әсерінен жарылулар болады, қысқа секциялар ұзыннан кесіледі су өтпейтін нығыздаулар тігісінен жарылады. Жарылулардың арқасында бетон отырады, қаттылығы азаяды және бөгеттің температура күштенулері төмендейді.
Бетондық бөгет өзен арнасында негізінен қоршаушы котлованнан 2 кезектен салынады.
Бөгетті тұрғызбастан бұрын өзен суын бос арнаға ағызып аламыз.
Гидротехникалық құрылыста тәжірибеде көрсетілгендей бетонды суағар бөгет үлкен көлемде су шығыны болатыны конструкцияда көрсетілгенді. Негізінен оны флюбетом және бактармен және гидротехникалық затворлармен жабылған суағар пролеттар құрайды
Суағарға көлемді бекітілген водобой орналасады содан кейін жеңіл бекітілген рисберма орналасады. Водобойдың астына дренаж орналастырылады. Жағалық немесе жер бөгеттер, суағар бөгеттер көлемді тіреулермен тұрғызылады. Төмен ағысты суағар бетондық бөгет барлық құрылымдар сияқты қапталып салынады. Жаңа озық үлгідегі бөгет құрылысы техниканың қол жеткізген биіктігі.
Ағаш бөгет(гол. dam) құрылғысы бойынша жер бөгетіне ұқсас гидротехникалық салулар. Ағаш бөгет қысымды және қысымсыз болып екі түрге бөлінеді. Қысымды ағаш бөгетті өзен және теңіз жағалауындағы су басудан қорғаныш үшін салады. Қысымсыз ағаш бөгетті селдің бағытын реттеу үшін арналарды жөндеу мақсаты үшін. Сонымен қатар кеме жүзуін жақсарту үшін. Қысымсыз ағаш бөгеттер су басқан және су баспаған болады. Орналасуына байланысты ағаш бөгеттер оларға сел бағытына байланысты бойлай және көлденең деп аталады. Ағаш бөгеттер негізінен жергілікті материалдардан салынады.
№5-Дәріс
Канал гидротехникада (латынша canalis-құбыр, желоб) қысымсыз су қозғалысында топырақтан жасалған жасанды арна. Тағайындауларына байланысты каналдар мынандай түрлерге бөлінеді:
Кеме жүзетін ( жасанды су жолдары ), энергетикалық ( деривациялық ), жер суаратындар
( жер суландыратындар ), құрғататын , су жүргізетін , комплексті тағайындаулар .
Кеме жүзетін каналдар кеме жүзетін өзендерді, көлдерді, теңіздерді қосады. (мысалы: В.И.Ленин атындағы Волга-Дон кеме жүзетін каналы, Днепр-Бук каналы, Панам каналы және т.б.)Айналма каналдар кеме жүзуін жақсарту мақсатында салынады. ( Приладож каналы, Онеж каналы, Мексикалық жағалық канал және т.б.) Түзету каналдары айналмалы кеме жүзу жолдарын азайтады және ұзақ су жолдарын қысқартады. ( Мәскеу өзеніндегі Хорошев каналы) Жақындату каналдары теңізден, өзен, көл арқылы үлкен қалалардан келетін кемелердің жақын келуін қамтамасыз етуге арналған. (Лининградтық және Астрахандық теңіз каналы, Манчестер каналы және т.б.)
Кеме жүзетін каналдар ашық және шлюзделген болып бөлінеді . Біріншісі бір деңгейлі су жолдарын жалғау үшін салынады ал екіншісі әртүрлі деңгейдегі сонымен қатар канал тарссасын үлкен су айрық кесіп өтсе.Шлюзделген каналдар әртүрлі деңгейдегі бьефтен тұратын сонымен қатар араларында шлюздер немесе су деңгейін көтеретін бірнеше бөліктен тұрады. Айналма және түзету каналдары ашық, жалғайтын, шлюзделген болып бөлінеді.Су кеме жүзет ін (шлюзделген) каналға өзі құйылады немесе насос станциясымен үріледі.
Энергетикалық каналдарда су өзеннен, су қоймасынан, көлден су электр станциясына құйылады немесе су одан басқа турбинамен айналып өтеді.
Ондағы жеткізу каналдар 5-10 км аспайды (ең ұзындығы 30 км) ал айналма каналдар небары бірнеше шақырымға созылады. Энергетикалық каналдарда су шығыны әр түрлі болады кейбір жағдайларда 1000 м3/сек.
№ 6-Дәріс
Суару К., егістік жерлерге су жеткізуге арналған, негізінен канал жүйесі магистралдық, таратқыш , жеке суару және су лақтырғыштан тұрады. Суару каналына су өздігінен немесе насоспен беріледі. Сумен қамту К.құрғақ та сусыз аудандарға ауыл шаруашылыққа қажет суды жеткізеді. Сумен қамту кезінде құрғақ жерлерде шағын егістік жерлер пайда болғандықтан, сумен қамту каналы бір уақытта суару қызметін де атқарады. Құрғату К.егістік немесе дренаждық жүйеден келетін суды жинап, арнайы су қабылдайтын жерлерге өздігінен немесе насостық станция көмегімен жеткізеді. Құрғату каналы суды құрғату территориясынан төмен деңгейде өткізеді.Су өткізу К. суды су көзінен оны қолдану орнына жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, өндірістік ауданға, қалаға, ауылға және т.б. Ағаш жүргізу К. дайындау орнынан ағаш плоттар түрінде ағаш жүргізу өзеніне немесе ағаш кесу заводына жеткізу үшін арналған. Сондай-ақ ағаш жүргізу каналдарын гидротехникалық салуларды айналып өту үшін гидротүйін аудандарында құрылады. Балық жүргізу К.балық өсірілетін оқшауланған су қорларын өзенмен жалғастыру үшін қолданылады. Канал құламасының көлбеулігі топырақтың түріне байланысты орнатылады. ойыстың үлкен тереңдігі мен күрделі геологиялық жағдайда құламаны есеппен тексереді.
Канал бетінің қаптау оны толқын мен ағыстың шайып кетуінен қорғайды, топырақ фильтрация кезіндегі судың шығынын азайтады және құлама мен түбінің бүдірлігін төмендетеді(каналдың өткізу қабілетін жоғарлату үшін).
Тек қана канал құламаларын шайып кетуден қорғайтын қаптаулар тас салулар және нобайлар, сонымен қатар бетонды және темірбетонды тақталар түрінде орындалады. Әдеттегі мұндай қаптаулар кеме жүзетін каналдарда қолданылады. Суару, сумен қамту және құрғату каналдарында дернолық, фашисно – хворосттық, тоқылмалы және т.б. ұстамалар қолданылады. Фильтрацияға қарсы қаптау(экрандар) негізінен саздан, суглиноктан және жақсы ерітілген торфтан салынады. Экрандарды механикалық зақымдалу мен температура әсерінен қорғау үшін оларды тасты топырақпен және құмды қабатпен қаптайды. Бетонды, темірбетонды және асфальтті бетонды қаптаулар көбіне әмбебап болып келеді: олар канал бетін шайып кетуден жақсы қорғайды, су өткізбеуді қамтамасыз етеді, өткізу қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар олар құрылыс жұмысын толықтай механикаландыруға мүмкіндік береді. Каналдағы фильтрциядан қорғау үшін, қаптау құрылғысынан басқа(экрандар), кольматаж қолданылады, топырақты механикалық тығыздау, синтетикалық материалдар қаптамасы және басқа да әдістер.
Канал құрылымы оның эксплуатациясына қатысты арнайы құрылғылардан басқа (кеме жүргізу каналындағы шлюз, машиналық каналдағы насостық станциялар, су жібергіштер және т.б.), каналдың барлық бойында көп мөлшерде әр түрлі гидротехникалық құрылғылар салынады. Оған каналдың су ағынымен тоғысқан жерлердегі (құбырлар, дюкерлер, акведуктар), жалғау жолдары (виадуктер, туннельдер, көпірлер, паромдық өтпелер және т.б.) мен жергілікті жер қыртысы бұрылыстарындағы құрылғылар жатады(құламалар, тез ағыстар).
№7-Дәріс
Арық (түр .arik, узб. ariq) - Орта Азия мен Қазақстанда (орталық Азия), сонымен қатар Закавказье елдерінде жер суаратын канал түріндегі гидротехникалық салу. Арықтар егін шаруашылығы жер суландырусыз мүмкін емес құрғақ климатты аудандарда қолданады. Арықтарды жауын-шашын аз жазғы мезгілінде тұрғылықты жерде ағаштарды суландыру үшін пйдаланады. Арықтар көне замандардан бері қолданылады және оның тарихы 3000 жылдан асады.
Сонымен қатар арықтар деп өзеннің суын немесе саядың (таулардан ағатын кішкене өзендер), қанаудың суларын өсімдіктерді суару үшін, кейде ескі каналдарға тартылатын кішкене ағыстарды атайды. Үлкен арықтар мен каналдарды анхоралар деп те атайды (өзб. анҳор).
Гидротехникалық туннель дегеніміз үстінгі жер қабатын қазбай жүргізілген судың қысымды немесе қысымсыз қозғалысы бар тұйық көлденең қима жер асты науасы. Науаның терең орналастырылуына байланысты топырақты қазу экономикалық жағынан тиімсіз болғанда немесе ашық науа жолы тік көшкінді баурайлармен жүрген жағдайда немесе тығыз салынған тұрғын аумақтарда Г. т. салынады. Су шаруашылығында қолданылуына байланысты Г. т.: энергетикалық, жер суландыратын, кеме жүзетін, ағаш жүргізу, су лақтыру, су жүрізу, құрылыстық (гидротүйін құрылысы кезінде өзен суын уақытша бұру) және жинақталған (су шаруашылығынның әртүрлі мақсаттарын қанағаттандыру үшін) болып бөлінеді.
Акведук(лат. aqua – су және duco - жүргіземін) су көзінен жоғары орналасқан тұрғын аймақтарына, суару және гидроэнергетикалық жүйеге су жүргізетін науа (канал, құбыр). Акведук деп жолдың, өзеннің, ордың үстінен жүргізілген мост түріндегі науаның бір бөлігін айтады. Жер үсті және жер асты А. б.з.д. 2000 ж. Көне Шығыста және Ежелгі Грецияда қолданылған (б.з.д. 7 ғ. бастап). Рим қаласы (б.з.д. 4 ғ. бастап; оның жалпы ұзындығы 436 км болған, оның ішінде 55 км-көпірлік салулар) мен рим империясының провинциясында сақталған. Аркалық тасты көпір – ені 1-1,7 м болатын жабық лоткалы А. конструкция жағынан мүлтіксіз және архетектура жағынан ұлы, арка аралығы 5, 6 м бастап (Марция А., Рим, б.з. 140 ж.) 25 м. Дейін (т.н. Пон-дю-Гар, Нима қасындағы, Франция, б.з. 1ғ аяғы), биіктігі 49 м жеткен және ұзындығы 300 м-дей (Сеговий жанындағы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған А., Испания, б.з. 109 ж.). Орта ғасырда Константинополь жанындағы Бургасстық А.(6 ғ.) және Франция, Итальия, Испанияда салынған. Заманауи суару және гидроэнергетикалық жүйеде А. көпірлік бөлігі (аркалық рамалық немесе балкалық құрылыммен) бетоннан, темір бетоннан, металлдан, сирек ағаштан жасалады. Көбіне лоттың қабырғасы мен түбі (негізінен тікбұрышты қима) немесе құбырлар көпірдің аралық көтеру конструкциясы болып табылатын А. қолданылады. Көпір мен каналдың жалғанған жерінде үстемелі қабырғалар орнатылады, сонымен қатар олар фильтрацияға қарсы құрылғының ролін атқарады. Қазіргі кездегі А. үлгісі ретінде монументальды кескінде салынған Еревандағы Раздан өзендегі А. болып табылады (1949, архитекторы Р. Исраелян, инженер Г. Егиян).
Дюкер (нем. Düker) өзен немесе канал арнасының түбінен, терең сайдың (ордың) баурайы мен түбінен, жолдың астынан және т.б. қиылысып жатқан су ағынын (каналды) өткізуге арналған напорлы науа. Д. су жүйесінде, канализацияда, суару жүйесінде, гидроэнергетикалық құрылымда және т.б. орнатылады. Д. Бір очколы (бір құбырдан тұратын) немесе көп очколы,шеңберлі немесе тік бұрышты көлденең қима болып бөлінеді; оларды темірбетоннан жасайды (көбіне ағаштан және болаттан)
Су лақтыру су лақтыру құрылғысы, су сақтау орнынан артық суды (жауын- шашын суын) лақтыратын және төменгі бьефке пайдалы су жіберуге арналған гидротехникалық салу. С. л. мынадай ойықтары болуы мүмкін: Бөгет гребенендегі беттік ойыс; жоғарғы бьефтің деңгейіне батырылған немесе тереңдік, немесе екеуі де екі ярусты С. л.. С. л. өткізілетін су затвормен реттеледі. Кейбір автоматты С. л. түрлерінде затворлар қолданылмайды. Бетонды және жер бөгеттерін айналып өтетін С. л. жағалық деп аталады.
№8-Дәріс
Гидротехникалық затвор гидротехникалық салудың (су ағызу бөгеттің, шлюздің, трубопроводтың, балық жүргізудің, гидротехникалық туннельдің және т.б.) су өткізу ойысын толықтай немесе жартылай жабатын қозғалмалы конструкция. Г. з. гидротехникалық салудың әр түрлі жұмыс жағдайында су шығыны мен деңгейін реттеуге, жүзіп жүрген денелерді өткізуге (кемелерді, ағаштарды, мұзды, қоқысты және т.б.) қолданылады.
Г. з. негізгі элементері: қозғалмалы конструкция, ұстау (қозғалыссыз конструкция, салу денесіне орнатылған) және тығыздалған бөлігі, қозғалмалы конструкция мен салу кладкасы арасына су өткізбеуді қамтамасыз етеді.Затворлар су қысымы әсерінен стационарлық және қозғалмалы механизмдермен (лебедка, кран, гидравликалық көтергіштер және т.б.); шағын су өткізу ойықтарында қолмен ашылып жабылады. Көбіне Г. з. қозғалысқа келтіру үшін автоматты және қашықтан басқару қолданылады.
Г. з. бөлінеді: орналасуына байланысты – беттік (су ағызу гребенінде) және тереңдік (жоғарғы бьефтің деңгейінен төмен); мақсатына байланысты – негізгі (жұмыс жасап тұрған), жөндеу, апаттық, құрылыстық, қордағы; материалына байланысты – металл (болаттан), ағаш, темірбетон, пластмасса, біріктірілген.
Құрылысының қарапайымдылығына, жұмысының сенімділігіне, эксплуатациялық және технико – экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігіне байланысты көбінемеханикалық негіздегі беттік затворлар кеңінен таралған. Олар аралығы 45 м және биіктігі 20 м ойысты жабады. Бөліктік және төбе секілді затворлармен 50 м дейін аралықты жабады. 200 м және одан да үлкен аралыққа жететін кеме жүретін ойыстарды жабу үшін бұрылыс фермалары немесе рамалары, клапандық және басқа да затворлар қолданылады.
Тереңдік затворлар кейде жүздеген метрге жететін үлкен қысымда жұмыс істейді; олардың ашылуы су ағысының біршама жылдамдығында жүргізіледі, бұл кавитация мен вакуумның пайда болуына және затвор вибрациясына әкеліп соғуы мүмкін. Бұны болдырмас үшін затвор мен науаға ағынды келбет пен вакуумның пайда болуы мүмкін ауданына ауа береді және т.б.. 100 дейін напор және үлкен өлшемдегі аралықты жабу үшін сегменттік және тегіс затворлар қолданылады. 800 м дейін жететін напор кезіндегі су шығынын реттеу үшін жоғары эксплуатациялық сапалы инелі затворлар пайдаланылады.
Шуга лақтыружоғарғы бьефтен төменгі бьефке немесе каналға гидротехникалық салу арқылы (немесе оны айналып өтетін) шуганы жіберетін құрылғы. Ш. негізінде су бетінің қабатын қалқып жүрген шугамен бірге ұстап қалу үшін лот түрінде орындалатын ағысқа көлденең орнатылған шугажинағыштан және шуганы каналдан немесе төменге бьефке апаратын шуга жібергіштен тұрады. Шуганың лақтырылуы бөгеттің су ағызу ойыстарынан немесе оның ашылмалы затворларынан өтуі мүмкін.түптік су лақтыру ойысына шуганы тартып кететін арнайы жасалған (гидротүйіннің жоғарғы бьефінде) құйынды воронкалы конструкциялар қолданылып жүр.
Полузапруда,буна, көлденең дамба, су ағысының режимін реттейтін және теңіздің немесе өзен жағалауын шайып кетуден сақтайтын гидротехникалық салу. П. жасау үшін топырақты, тасты, бетонды, фашинды, габионды қолданады; П. қалыпты немесе жағаға белгілі бір бұрышпен орнатады. Түптік П. жағалық салулардың (дамбы, тремелі қабырғалар және т.б.) негізін шайып кетуден сақтау үшін қолданады.
№9-Дәріс
Жаға бекіту салуысу (өзен, теңіз, су сақтау орындары, каналдар және т.б.)жағасын толқын, ағыс, су мен мұз напоры және т.б. табиғи факторлардың әсерінен қорғау үшін құрылатын салу. Ж. с. жаға бұзылуы мен тұрғын аумақтарындағы су тасқынының, өнеркәсіптік объектілердің, жолдардың, көпірлердің, байланыс жолдарын, бағалы орман және ауыл шаруашылық жерлерін, мәдени және тарихи ескерткіштерді және т.б. бұзылуының алдын алу үшін пайдаланады. Саяжайлық жерлерде Ж. с. жағажайды салуға, кеңейтуге және қорғауға қолданады. Ж. с. қойылатын талаптар: жұмыс тиімділігі мен конструкция сенімділігі, құрылысының қарапайымдылығы, көбіне жергілікті құрылыс материалдарды қолдану мүмкіндігі және жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, үнемділік. Су ағынына қатыстылығына байланысты Ж. с. активті, жағаны ластан сақтауға және шаю жұмысына энергия ағынын қолданады, және пассивті, су ағынына қарсы өзінің мықты да қалыпты конструкциясын пайдаланады, болып бөлінеді. Активті Ж. с. теңіз бен көлдердегі лас ұстағыш бундар және толқын сындырғыштар, өзендерде – көлденең полузапрудалар, реттелетін дамбалар, су ағынын бағыттағыш щиттар жатады.. Пассивті Ж. с. теңіздерде – толқын қаққыш қабырғалар, ірі блокты және фигуралық массивті нобайлар, тюфактар, габиондар, бетондқ және темірбетондық плиталар және т.б. жатады. Ж. с. комплексі мен түрінің таңдалуы Ж. с. бірнеше нұсқаларын технико – экономикалық салыстыру негізінде, жағалаудың рельефіне, оның гидрогеологиялық режиміне және геологиялық құрылымына байланысты алынады.
Гидроэнергетикалық станция, гидроэнергетикалық станция (ГЭС) су ағынының энергиясын электро энергиясына айналдыратын құрылғылар мен салулар жиынтығы. ГЭС су ағынының қажетті концентрациясын қамтамасыз ететін және напорды қалыптастыратын гидротехникалық салулардан, напордың әсерінен қозғалыстағы судың энеогиясын механикалық айналу энергиясына түрлендіретін энергетикалық құралдар тізбегінен тұрады, кейін ол электр энергиясына айналады.
ГЭС-тегі напор қолданбалы бөгет учаскесіне, немесе деривацияға, немесе бөгет пен деривацияға қатар өзеннің құлама концентрациясы арқылы пайда болады. ГЭС – тың негізгі энергетикалық құралдары ГЭС ғимаратында орналастырылады: электростанцияның машиналық бөлігінде – гидроагрегаттар, қосымша құралдар, авиоматты басқару және бақылау құрылғысы; басқарудың орталық постында – оператор – диспетчер немесе гидроэлектростанция автооператоры пульті. Жоғарылататын трансформаторлық подстанция ГЭС ғимаратының ішінде де, және оқшау басқа да ғимаратта немесе ашық алаңда орналасуы мүмкін. Жіктеу құрылғылары көбіне ашық алаңдарда салынады. ГЭС ғимараты ғимараттың басқа бөліктерінен, бір немесе бірнеше агрегаттар мен қосымша құралдары бар секцияларға бөлінуі мүмкін. ГЭС ғимаратының жанында немесе оның ішінде түрлі құралдарды жинау және жөндеу үшін және ГЭС – ке қосымша қызмет көрсету операцияларына арналған монтаждық алаң құрылады.
Орнатылған қуатына байланысты (Мвт) ГЭС үлкен (250 жоғары), орта (25 дейін) және кіші (5 дейін) болып бөлінеді. ГЭС қуаты газотурбинада қолданылатын напорға Нб (жоғарғы және төменгі бьеф аралығы), су шығыны Q (м3/сек), және гидроагрегат ПӘК – не ηг тәуелді. Белгілі бір себептерге байланысты (су деңгейінің маусымдық өзгерісі, энергожүйеге түсетін күштің қалыпты болмауы, гидроагрегаттар мен гидротехникалық салулардың және т.б. жөнделуі) напор мен су шығыны үздіксіз өзгеріп тұрады, сонымен қатар ГЭС қуатын реттеуге шығын артады. ГЭС жұмысының режимі жылдың, апталық және тәуліктік циклға ажыратылады.
№10-Дәріс
Максималды қолданылатын напорына байланысты ГЭС жоғары напорлы (60 м жоғары), орта напорлы (25-тен 60 м дейін) және төменгі напорлы (3-тен 25 м дейін) болып бөлінеді. Жазықтағы өзеннің напоры 100 м аспайды, таулы жағдайда бөгет көмегімен 300 м және одан да жоғары напор алуға болады, ал деривация арқылы 1500 м дейін жеткізеді. Қысым арқылы жіктелуі қолданылатын энергетикалық құралдарының түріне байланысты: жоғары напорлы ГЭС – те металды спиралды камерасы бар қалақты және радиальді - осьтік турбиналар; орта напорлыда – темір бетонды және металды спиралды камерасы бар бұрылмалы лопасты және радиальді - осьтік турбиналар, кіші напорлыда - темір бетонды спиралды камерасы бар бұрылмалы лопасты турбиналар, кейде ашық камерадағы немесе капсуладағы тік турбиналар қолданылады. Қолданылатын напорына байланысты ГЭС – тың жіктелуі шамалас, шартты мінезді.
Су ресурстарын қолдану схемасы және ГЭС напорының концентрациясы негізінен арналық, бөгеттік, напорлы және напорсыз девиациясы бар деривациялық, аралас, гидроаккумуляциялағыш және ағыстық болып бөлінеді. Арналық және бөгеттік ГЭС – те напор өзенді бөгейтін және жоғарғы бьефтегі су деңгейін көтеретін бөгет көмегімен жасалады. Бірақта бұл өзен аумағын су басуына әкеліп соғады. Сол өзен аумағында екі бөгет салыныа су басу көлемі азаяды. Өзен аумағының экономикалық жағынан рұқсат етілетін су басу ауданы бөгет биіктігін шектейді. Арналық және бөгеттік ГЭС су көлемі үлкен жазықтық өзендерде де, тар қысылған үстірттегі таулы өзендерде де салына береді.
Арналық ГЭС салуының құрамына, бөгеттен басқа, ГЭС ғимараты мен су лақтыру салуы кіреді. Гидротехникалық салудың құрамы напор биіктігі мен орнатылған қуатына байланысты болады. Арналық ГЭС – те гидроагрегаттар орналастырылған ғимарат бөгет жалғасы ролін атқарады және онымен бірге напорлық фронт ұйымдастырады. Сондай – ақ ГЭС ғимаратына бір жағынан жоғарғы бьеф, ал екінші жағынан төменгі бьеф жанасады. Гидротурбинаның спиральді камерсын жалғау үшін өзінің кіріс қимасын жоғарғы бьеф деңгеәінен төмен қалайды, сору құбырының щығыс қимасын төменгі бьеф деңгейінен астына салады.
Гидротүйіннің мақсатына байланысты оның құрамына кеме жүргізу шлюздері немесе кемекөтергіш, балық өткізгіш салу, ирригация үшін қолданылатын су алу және сумен қамту салуы кіруі мүмкін. Кейде арналық ГЭС – те су өткізетін жалғыз салу ГЭС ғимараты болады. Бұл жағдайда пайдалы қолданбалы су қоқыс жинағыш торы бар кіріс қимасынан, спиральдік камерадан, гидротурбинадан, сору құбырынан өтеді, ал көршілес жатқан турбина камерасы арасынан арнайы науамен өзеннің жауын – шашын шығыны лақтырылады. Арналық ГЭС үшін 30 – 40 м напор қалыпты; қарапайым арналық ГЭС – ке ертеректе салынған кіші қуатты ауылдық ГЭС жатады. Үлкен жазықтық өзендерде негізгі арнаны жер бөгетімен жабады, ал оған су ағызу плотинасы жанасады және ГЭС ғимараты салынады. Үлкен жазықтық өзендерде орналасқан отандық ГЭС көбіне мұндай құрылым дәстүрлі.
Кеме өткізетіншлюз (голл. sluis, лат. exclude – бөлем, ұстаймын) судың кеме (немесе плот) өтетін түрлі деңгейлері арасында орналасқан гидротехникалық салу. Ш. өзен гидротүйінінде, каналдарда және теңіз порттарында, деңгейінің үлкен өзгеру амплитудасы бар прилив пен отлив әсеріне ұшырайтын аквоториилерде қолданылады.