Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрамы

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ СОРАПТЫ-ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрылымы

Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрамы

Сорапты-циркуляциялық кешен келесі функцияларды орындауыға арналған :

- ұңғыма түбі мен қашауды бұрғыланған жыныстан тиімді тазалауды және бұрғыланған жынысты жер бетіне шығару үшін жеткілікті, құбыр сыртында көтерілу жылдамдықты қамтамасыз ететін бұрғылау, жуу және қатерлер зардаптарын жою процестерінде ұңғымадағы циркуляция үшін бұрғылау тізбегіне бұрғылау ерітіндісін айдауға;

- жынысты қирату және бұрғыланған жыныстан ұңғыма түбін тиімді тазарту үшін қашау саптамаларынан ерітіндінің жоғары жылдамдықпен ағып шығуын қамтамасыз ететін гидромониторлық қашаулармен бұрғылауда гидромониторлық әсерді жасауға;

- ұңғыма түбілік гидравликалық қозғалтқыштарды (турбобурларды, винттік қозғалтқыштарды) әрекетке келтiруге;

- бұрғыланған жыныстан және газдардан бұрғылау ерiтiндiсін тазартуға, оның берілген параметрлерін (тығыздығын, тұтқырлығын және тағы басқаларды) ұстап тұруға және реттеуге;

- жаңа бұрғылау ерiтiндiлерін даярлауға;

- ұңғыманың бiрнеше көлемі мөлшерiндегi бұрғылау ерiтiндiсінiң қорын сақтауға және циркуяция тоқтаған кезде оның қасиеттерін сақтауға.

13.1-суретте бұрғылау қондырғысын екі жаққа әрекетті екі цилиндрлі сораптармен (дуплекс) (а) және бір жаққа әрекетті үш цилиндрлі сораптармен (триплекс) (б) жабдықтаған кездегі сорапты-циркуляциялық кешеннің (СЦК) негізгі элементтері. Ал 13.2-суретте СЦК құбырлар жүйесінің сұлбасы көрсетілген.

Тазаланған ерітінді қабылдау сыйымдылығынан 7 өздігінен ағып (13.1-сурет, а) немесе қосалқы сорап көмегiмен (13.1. сурет, б) бұрғылау сорабына 1 беріледі. Содан соң бұрғылау сорабы ерітіндіні жоғары қысыммен (40МПа-ға дейінгі) айдау желісі бойынша тұндырғышты манифольд 5 (13.2-сурет), иілгіш жең 6, жетектеуші құбыр (квадрат) 7 арқылы бұрғылау тізбегіне 8 және қашаулы 9 түптік қозғалтқышқа айдайды.

Қашау саптамасынан жоғары жылдамдықпен шығатын ерітінді ұңғыма түбі мен қашауды бұрғыланған жыныстан тазалайды. Бұрғыланған жынысты көтеру сақиналық кеңiстiктегi 10 ерiтiндiнiң жоғары жылдамдығы арқасында iске асады.

Жер бетіне шығарылған ерітінді ерітінді өткізгішпен, құрамына дірілдік елеуіш 10, құм айырғыш 9, газсыздандырғыш 8 кіретін, тазалау блогіне өтеді (13.1-сурет). Бұдан әрi тазалалған бұрғылау ерiтiндiсі оның қасиеттерiн қалпына келтiруге арналған құрылымға түседi және одан кейін қабылдау сыйымдылығына 7 бағытталады.

Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрамы - student2.ru

Ю 11 12 8
3 4 I
9 7
6 5
Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрамы - student2.ru
10 И
12 8

13.1-сурет. Дуплекс (а ) және триплекс (б ) типті сораптармен жабдықталған бұрғылау қондырғыларының СЦК компановкасы: 1-бұрғылау сорабы; 2 және 3-пневмокомпенсаторлар; 4- цилиндрді тазарту және суыту жүйесі; 5-сору желісі; 6-қосымша сорап; 7-қабылдау сыйымдылығы; 8-газсыздандырғыш; 9-құм айырғыш; 10-дiрiлдек елеуiш; 11, 12-жапқыштар  

Сайып келгенде, сорапты-циркуляциялық кешенде бұрғылау ерітіндісі айдау желісі мен төменгі қарқынды бөліктен тұратын тұйықталған шеңбер бойымен айналады.

Айдау желісі (13.2-шi сурет), ерітінді бұрғылау сорабынан тұндырңышты манифольдқа, иілгіш жеңге, жетектеуші құбырға және бұдан әрi бұрғылау тізбегіне, түптік гидравликалық қозғалтқышқа, қашауға және құбыраралық сақиналық кеңістікке берілетін жоғары қысымдық құбырөткізгіштерден тұрады.

Бұл желі тығындау арматурасымен, сақтандырғыш клапанмен және бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықтаған.

Циркуляциялық жүйенiң төменгі қарқынды бөлігі (13.1-сурет) ерітіндіні бұрғыланған жыныстан, құмнан, лайдан және газдан тазалауға арналған құрылымдармен, ерітіндінің қасиеттерін қалпына келтіруге және реттеуге

Сорапты-циркуляциялық кешеннiң функциясы және құрамы - student2.ru

 
13.2-сурет. Сорапты-циркуляциялық кешеннiң құбыр жүйесiнiң сұлбасы : 1-бұрғылау сорабы; 2-қосымша сорап; 3, 4-пневмокомпенсаторлар; 5-тұндырғышты манифольд; 6-иілгіш шланг; 7-жетектеуші құбыр; 8-бұрғылау құбырлары тізбегі; 9-қашаулы түптік қозғалтқыш; 10-сақиналық құбыраралық кеңiстiк  

арналған араластырғыш және жаға ерітіндіні даярлайтын құрылымдармен жабдықталады. Барлық құрылымдар сыйымдылықтармен құбырөткізгіштер жұйесімен жалғастырылған,жапқыштармен, айдаушы және қосымша сораптармен жабдықталған.

Наши рекомендации