Экономикада дағдарыстық құбылыстардың пайда болу көздері

Қазіргі таңда «Экономикалық дағдарыс» түсінігіне бір мағынада карауға болмайды Себебі экономикалық дағдарысты жан-жақты қарастыруға болады Мысалы, экономикалық дағдарысқа: өндіріс көлемінің ұсталымдары, бағаның және табыс көлемінін түсуі, еңбек ақының төмендеуі, халыктың әлеуметтік деңгейінің түсуі тағы басқа жатады

Экономикалық дағдарыс – нарықтық экономиканың өзіндік реттеуінің маңызды элементінің механизмі болып табылады. Яғни ол жағдайдың шегін анықтап қана қоймай сонымен катар экономика дамуындағы ынталандыру және тазарту функциясы болып табылады Ол мыналармен байланысты: біріншіден, дағдарыс, басты капиталды кұнсыздандыра отырып өндіріс аппаратының жаңаруына жағдай жасайды, екіншіден кәсіпорынның басты капиталының жаңаруына және техникалық базалардың жаңаруына міндеттей отырып,ғылыми техникалық прогрестің пайда болуына жағдай жасайды

Жалпы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экономикалық дағдарыстың басты 2 деңгейін бөліп атауға болады: микродеңгей, макродеңгей. Ал қосымша мезо және әлемдік деңгей болады

Микроденгей - бұл деңгей жеке кәсіпорын деңгейінде жүреді және кәсіпорынның механикалық соммалары түрінде жүреді.

Макроденгей - бұл деңгей халыкаралық экономика деңгейінде жүреді Яғни бұл кәсіпорынның механикалық соммалары түрінде емес, бұл жалпы бір құрылым ретінде жүреді.

Мезодеңгей - бұл деңгей аралас салалардың шаруашылық байланысы, яғни әр түрлі кызметтегі кәсіпорындар мен ұйымдар кызметтері түрңнде жүреді.

Әлемдік деңгей - бұл деңгей жалпы әлемдік шаруашылық болып табылады. Яғни әлемдік мемлекеттердің әлемдік нарықта және халықаралық шаруашылық деңгейде жүреді.

Барлық 4 экономикалық деңгейде дағдарыс жағдайлары туындайды Негізінен бірінші экономикалық дағдарыс 1825 жылы Англияда болған

Екінші дұниежүзілік біткеннен кейін (1948-1949) локальды экономикалық дағдарыс пайда болған. Ол көбінесе АҚШ пен Канадада байқалды АҚШ та өнеркәсіп өнімдерінің көлемі - 18%, болса, Канадада – 12%, ал басқа дамыған мемлекеттерде - 6% кеміген жалпы осы 4 деңгейде кәсіпорын мен ұйымдардың жағдайлары қарастырылған. Себебі экономикалық дағдарыс ең алдымен кәсіпорын мен ұйымдарда байқалады Осы 4 деңгейдің үшеуі, яғни мезо-, макро-, және әлемдік денгейлер кәсіпорынның сырткы экономикалық ортасымен байланысты.

Экономикалық дағдарыс туралы көзқарастар қарама-кайшы болып келеді. Сондықтан әр мектептін көзқарастары әр түрлі болған

Мысалға, К.Маркстың экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері туралы озіндік ерекше жүйесі болған. Яғни оның көзқарасы бойынша айналымдық экономикалық дамудың себептері нарыктық шаруашылыктың өзінде жатыр десе, ал кейнсиандық мектептердің айтуы бойынша экономикалық дағдарыстың пайда болу себебі халыктың тауарды толық тұтынбауынан, өнімдердің шығарылу көлемінін кыскаруы деген

Ал неоклассиктик бағыттағы мектептердің айтуы бойынша экономикалық дағдарыстың пайда болу негізінен ″тенсіздіктен″, яғни экономикалық дамудағы сыртқы және ішкі факторларға байланысты

Фон Хайек – еркін нарыктың қолдаушысы және мемлекеттің араласуына қарсы адам болған, онын айтуы бойынша, негізінен дагдарыстар мемлекет қарамағынан өндірісті артығынан қаржыландырғаннан болады (арзан кредиттерден, сұранысты ұлғайтканнан, жалған түрде субсидиялар мен дотациялар санын көтеру, мемлекет тарапынан халыкқа трансфертердің берілуі).

Ал Шумпетер көзқарасы бойынша, экономикалық дағдарыс негізінен психологиялық көңіл күйге байланысты, яғни әр экономикалық айналым фазаларыны өзгеруіне әр касіпкер дайын болуы тиіс.

Жалпы экономикалық дағдарыс 2 тұжырымдамадан тұрады:

1-тұжырымдама «Іскерлік айналымның теңдігі» - бұл тұжырымдама, мемлекеттік экономикаға араласу арқылы өзіндік ақшалай «естен тану» генераторы болады, яғни шаруашылық жүйені тенсіздік жағдайынан шығарады және сол арқылы қоғамдық өндірістегі айналым тербелісін ұстайды.

2-тұжырымдама, «Саяси іскерлік айналым» – бұл тұжырымдамаға сәйкес басқару партиясы, яғни олар сайлаудағы күрестін жұмысбастылығымен және бағалармен манипуляциялайды, экономикалық дағдарыстың жоқтығын дәлелдейді. Ал сайлауда женіске жеткен соң үкімет жалған түрде жұмысбастылықты көтереді және бағаларды да көтереді.

Қоғамдық өндірістін классикалық айналымы 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күзеу, тірілу, көтерілу.

Дағдарыс - қоғамдық өндірістін бірінші айналым фазасы бұл кезде іскерлік белсенділік пен өнімнің көлемі қысқартылады, бағалар құлайды жұмыссыздық өседі және құлдырауға түсу саны лезде өседі. Себебі экономикалық дамуына сыртқы жағдайлардың әсері көп. Кейбір салалар күнделікті сұранысқа ие заттардың шығарылымы, яғни өндірілуі қысқарады Кейбір кәсіпкерлер осындай экономикалық дағдарысқа байланысты тұрмыстық техника мен құрал жабдықтарды алуды мүлдем тоқтатады. Себебі металлургия, ауыр өнеркәсіптердегі, тағы басқа салалардағы өнімдердің шығарылымы төмендейді.

Күйзеу (депрессия, стагнация) - қоғамдық өндірістің екінші айналым фазасы, ол 1 немесе 3 жыл ішінде жүреді, яғни шаруашылык өмірдің және шарттарына үйренуі, жаңа теңдіктің пайда болуы Бұл фазаға көбнесе: сенімсіздік, кәсіпкерлер ісінің бейберекеттілігі, банк пайыздарының мөлшерінің құлауы, бағалардың біртіндеп тұрақтануы есебінен сенімдіктері жатады.

Тірілу (жандану) - қоғамдық өндірістің тұрақтану фазасы болып табылады. Капитал салымдары пайда бола бастайды, бағалар өнім өндіру, жұмыс бастылық өседі, өндіріс салалары тұрақталады. Яғни экономика қайта жанданады.

Көтерілу бұл - тездету фазасы, бұл кезде техникалық жаңару, жаңа тауарлар және жаңа кәсіпорындар пайда болады.

Наши рекомендации